| 21/04/2026, 09:15 | |
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ ✅ Таңғы 5:00–7:00 — ішектің белсенді уақыты. Оянған соң жылы таза су ішу керек. Таңертең ағзаға дәрумен беру үшін маусымдық жеміс-жидек немесе жаңа сығылған шырын тұтынған дұрыс. ✅ Түскі 12:00–14:00 — негізгі ас. Бұл уақытта ағзаға ақуыз қажет. Яғни: ет, балық (шұжық не консерві емес, табиғи!), жұмыртқа, бұршақ, көкөніс сорпасы, тұзды ірімшік көкпен, айран (сүт емес!). ✅ Түстен кейін — жеңілдік. Асқазанға ақуызды қорытуға уақыт беру керек, сондықтан 2,5 сағаттан кейін ғана қантсыз шай ішіңіз (бал қосуға болады). Бұдан соң қалағаныңызша таза су ішуге болады. Күніне кем дегенде 1,5 литр су ішуді ұмытпаңыз. ✅ Кешкі ас — 18:00–19:00. Кешкі асқа көмірсулар жеңіз: суға пісірілген ботқа + көкөніс. Кейін тек су ішуге болады. Ұйықтар алдында айран ішу пайдалы. * * * Неге үнемі отыруға болмайды? 1️⃣ Қан мен лимфа айналымы бұзылады. Ұзақ отырған кезде қан төменгі аяқтарға жиналады. Соның салдарынан ісіну, варикоздың асқынуы, тіпті тромбоз пайда болуы мүмкін. 2️⃣ Омыртқа зардап шегеді. Біз отырарда арқа түзу болмайды. Уақыт өте омыртқа қисаюға бейімделіп, денсаулыққа зиян тигізеді. 3️⃣ Ішкі ағзаларға қысым түседі. Компьютер алдында еңкейгенде ішкі мүшелер де қысылады әрі дұрыс жұмыс істемейді. 4️⃣ Миға қан аз барады. Омыртқаның қысыла беруі қан айналымын нашарлатып, бас ауруы мен оттегі жетіспеуіне әкелуі мүмкін. Қалай алдын алу керек? Әр сағат сайын кішкентай үзіліс жасаңыз: жүріңіз, орнында жүгіріңіз, жаттығу жасаңыз. Бірден жеңілдеп қалғанын сезесіз. * * * Кептірілген жемістердің пайдасы Кептірілген жемістер – қанттың тамаша баламасы ғана емес, сонымен қатар ағзаға зор пайда береді. Қара өрік (чернослив). Асқазан-ішек жолын жақсартады, көз көруін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді. Финик (құрма). Мидың жұмысын белсенді етеді, ойлау қабілетін арттырады. Курага (құрғақ өрік). Жүрек пен қан тамырларының жұмысына оң әсер етеді. Мейіз (изюм). Табиғи антидепрессант, көңіл-күйді көтереді. Инжир. Тыныс алу жүйесін жақсартады, сонымен бірге іш жүргізетін табиғи құрал. * * * Бауырға пайдалы шөптер Календула (қырмызы гүлі) Календула бауырдағы алмасу үдерістерін жеделдетіп, өттің бөлінуін күшейтеді. 2 шай қасық гүлін 2 стақан қайнаған суға салып, 1 сағат тұндырыңыз. Сүзген соң күніне 4 рет жарты стақаннан ішіңіз. Түймедақ (ромашка) Түймедақ бауыр ауруларында ауырсынуды басып, құрыспаларды жояды әрі бүкіл ағзаға тыныштандыратын әсер береді. 1 ас қасық кептірілген түймедақты 1 стақан қайнаған суға салып, 20 минут тұндырыңыз. Сүзген соң таңертең және кешке жарты стақаннан ішіңіз. Жалбызшөп (зверобой) Жалбызшөп қабынуды басады, жүйке жүйесін тыныштандырады, ағзаны күшейтеді. 1 ас қасық шөпті 1 стақан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатыңыз. Сосын 20 минут тұндырып, сүзгеннен кейін күніне 3 рет ішіңіз. * * * Куркума – ең пайдалы дәмдеуіштердің бірі! 1️⃣ Артрит белгілерін жеңілдетеді Куркумин буын ауруы мен ісікті басуда қабынуға қарсы дәрілерден де тиімді әсер береді. 2️⃣ Қабынуға қарсы күшті құрал Көптеген аурулар созылмалы қабынудың салдарынан пайда болады. Ал куркума қабынуды бәсеңдетіп, ағзаны қорғайды. 3️⃣ Ас қорытуға пайдалы Куркуманы тұрақты қолдану ас қорыту жүйесін жақсартып, өттің бөлінуін ынталандырады. 4️⃣ Бауырды қорғайды Куркума бауырды уыттардан сақтап, зақымданған жасушалардың қайта қалпына келуіне көмектеседі. 5️⃣ Ағзаны сілтілендіреді Куркума ағзаға сілтілік орта қалыптастырып, қатерлі ісік дамуына қолайсыз жағдай жасайды. * * * Инсульттен кейін қалпына келуге көмектеседі Бақбақ – инсульттан кейінгі ем мен оңалтуда таптырмас өсімдік. Ол қандағы холестеринді төмендетеді, зат алмасуды реттейді, жүйке мен жүрек-қан тамырлары жүйесін қуаттандырады. ✅ Дайындау және қолдану әдісі: 50 г кептірілген бақбақ тамырын кофе тартқышта ұнтақтап, гүл балына 1:1 қатынасында араластырыңыз. Шай қасықпен домалақ құрт сияқты формаларға бөліп, тоңазытқышта сақтаңыз. Бұл «шариктерді» күніне 3 рет тамақтан бұрын баяу езіп жеген дұрыс. Алғашқы нәтижесін бір айда-ақ байқайсыз, ал үш айлық курстан кейін өзіңізді қалыпты сезіне бастайсыз. * * * Пияз тастарды ұнтақтап, ағзадан шығарады! ✔️ Құрамы: 2 кг пияз 2 кг қант ✔️ Дайындау тәсілі: 1. Пиязды қабығынан тазартып, ұсақтап тураңыз немесе ірі үккіштен өткізіңіз. 2. Қантпен араластырыңыз. 3. Қоспаны баяу отта 2 сағаттай қайнатып, араластырып тұрыңыз (қазан орнына скороварка қолдануға болады). 4. Нәтижесінде 2–2,5 литрдей қоңырқай масса шығады. Оны банкілерге құйып сақтаңыз. 5. Бір банкісін үстелге қойыңыз – қабылдауды ұмытпау үшін, қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз. ✔️ Қолдану жолы: Күніне 3 рет, тамақ алдында 1 ас қасықтан ішіңіз. Артынан бір стакан су ішу керек. Барлық көлем шамамен 3 аптаға жетеді. 2–5 күннен кейін несеп талдауында қара түсті құм мен майда тастар байқалуы мүмкін. Кейде ауырсыну болады – бұл тастардың ұнтақталып, сыртқа шығу процесі. Тіпті грек жаңғағы көлеміндей тастар да ұсақталып, құм түрінде шыққан жағдайлар кездескен! * * * Жүректі күшейтудің тиімді рецепті! Қарапайым әрі әсерлі бұл қоспа жүрек бұлшықетін ұзақ жылдар бойы қуаттандырады. ✔️ Құрамы: 1 стақан бал 4 лимон (еттартқыштан өткізу керек) 16 дана бадам жаңғағы (грек жаңғағымен алмастыруға болады) 16 жапырақ герань 10 г валериана тамыры 10 г долана жемісі ✔️ Дайындау тәсілі: Барлық ингредиенттерді ұнтақтап, балмен араластырыңыз. Дайын қоспаны 1–2 күн тұндырып қойыңыз. ✔️ Қолдану жолы: Тамақтан 15 минут бұрын 1–2 шай қасықтан қабылдаңыз. Бұл тәтті қоспа жүрек бұлшықетін жақсы қоректендіреді және ағзаға күш береді. * * * Шөптерді қолдануға қарсы көрсетілімдер Батпақ айыры – асқазанында тұз қышқылы көп бөлінетін гастритпен ауыратындарға қолдануға болмайды. Арония (қара шетен) – асқазан мен он екі елі ішек жарасына, сондай-ақ төмен қан қысымына (гипотония) қарсы. Бөріқарақат (барбарис) – климакс кезінде және жүкті әйелдерге болмайды. Ақ қайың – қайың бүршіктерінің тұнбасын бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Құмды бәйшешек (бессмертник) – жоғары қан қысымында (гипертония) қолдануға болмайды. Жүзім – семіздік, асқазан және он екі елі ішек жарасы, қант диабеті бар адамдарға ұсынылмайды. Қыша – бүйрек қабынуы мен өкпе туберкулезінде қолдануға болмайды. Бұрышты таран (горец перечный) – бүйрек ауруларында, әсіресе гломерулонефрит кезінде қарсы. Тары таран (горец птичий) – пиелонефрит, цистит және тромбофлебит кезінде қолдануға болмайды. Түйежапырақ таран (горец почечуйный) – жүкті әйелдерге болмайды. Анар – анар шырынын емдік мақсатта ішер алдында міндетті түрде сумен сұйылтыңыз. Душица (бұрыш жөке) – жүкті әйелдерге қатаң тыйым салынады. Жантақ (верблюжья колючка) – бүйрек ауруларында және жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Донник дәрілік – ұзақ қолдану жүрек айну, бас айналу мен құсу тудырады. Алтын тамыр (родиола розовая) – қызу, жоғары температура және гипертония кезінде қолдануға болмайды. Жоңышқа – гипертония мен жоғары температурада қарсы. Ұзақ қолдану ерлерде әлсіздік туғызуы мүмкін. Жиектағы құлпынай – гастрит және жара аурулары барларға жарамайды. Мүкжидек (клюква) – асқазан мен он екі елі ішек жарасы асқынғанда қолдануға болмайды. Қалина (калина) – ұзақ қолдануға тыйым салынады. Ешкішөп (козлятник) – асқазан-ішек аурулары мен гипертония кезінде қарсы. Кеңжапырақты китовник – жүрек, бауыр және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Жүгері шашағы – тромбозға бейім адамдарға ұсынылмайды. Теңіз орамжапырағы (ламинария) – бүйрек қабынуында, жүктілік кезінде және аллергиясы барларға болмайды. Марал тамыры – гипертония кезінде қолдануға болмайды. Зығыр тұқымы – бауыр мен өт қабы ауруларында қарсы. Қытай лимоннигі – гипертония, жүйке қозғыштығы және ұйқысыздықта қолдануға болмайды. Пияз – асқазан, бауыр және бүйрек ауруларында ұсынылмайды. Аңқы шөп (любисток) – бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Таңқурай – несеп тас және подагра кезінде қарсы. Мелисса – гипертонияда қолдануға болмайды. Марена – асқазан жарасы мен қышқылды гастрит кезінде тыйым салынады. Сәбіз – пайдалы көкөніс, бірақ жер бетінде жасыл түске боялған бөлігі жүрекке зиян, сондықтан оны жеуге болмайды. Арша (можжевельник) – бүйрек ауруларында қатаң қарсы. Созылмалы несеп жолы ауруларында дозаны аса мұқият сақтау керек. Табиғи ем – пайдалы, бірақ әр өсімдіктің өз шектеуі бар екенін ұмытпаңыз! * * * Бүйректі зақымдайтын әдеттер 1️⃣ Дәретке баруды кейінге қалдыру. Қуық шамамен 250–350 мл сұйықтық жинай алады, бірақ ұзақ уақыт шыдау — зәрдің бүйрекке қайта өтуіне себеп болуы мүмкін. 2️⃣ Көп отыру. Отырықшы өмір салты жамбас пен бүйрек аймағында қан айналымының бұзылуына әкеледі. Денсаулығыңызды сақтау үшін әр сағат сайын аздап жаттығу жасаңыз. 3️⃣ Кофені шамадан тыс ішу. Кофеин бүйрекке салмақ түсіреді және зәр айдайтын әсері бар, сол себепті бүйрек әдеттегіден көп жұмыс істейді. 4️⃣ Салмақты тез тастау. Артық арықтау мен майдың жетіспеушілігі бүйректің қалыптан тыс қозғалғыштығын тудыруы мүмкін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
