Халық емі
14/04/2026, 22:55

Бал қосылған судың пайдасы көп

Бар болғаны: 1 шай қасық балды бір стақан жылы суға қосыңыз. Нәтижесінде 30%-дық бал ерітіндісі алынады, ол өзінің құрамымен қан плазмасына ұқсас. Бал ерітіндісі судың шипалық қасиеттерін күшейтеді.

Бал суының әсері:

─ Ас қорыту жүйесі реттеледі. Асқазан-ішек жолдарының барлық буындарының жұмысы жақсарады.

─ Иммунитет күшейеді. Созылмалы тұмау, бронхит жойылып, өкпедегі шырыш сұйылып, табиғи жолмен – ішек арқылы шығады.

─ Асқазан-ішек жолындағы барлық паразиттердің көбеюі тоқтайды.

* * *

Әлсіздікке қарсы итмұрын тұнбасы

Жүйке мен физикалық шаршауда, жалпы әлсіздік пен ағзадағы белсенділік төмендегенде, итмұрын жемісінен дайындалған қайнатпа өте пайдалы.

Рецепт: 1 ас қасық кептірілген жемісті 2 стақан сумен құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. 6–8 сағат тұндырып, сүзіп алыңыз. Дайын тұнбаны тамақтың алдында күніне 2–3 рет жарты стақаннан ішу керек. Қалауыңызша қант немесе бал қосуға болады.

* * *

Жалбыз бен лимон жүрекке пайдалы

Жалбыз бен лимон жүрекке ерекше пайдалы әсер етеді.

1️ Лимонды ұсақтап турап, оны балмен 1:1 мөлшерде араластырыңыз.

2️ Бірнеше жалбыз жапырағын қайнаған сумен құйып, 15 минут тұндырыңыз.

3️ Дайын тұнбаға 2 ас қасық лимон-бал қоспасын қосыңыз.

ℹ️ Қоспа тоңазытқышта ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

Бұл жүрекке дәмді әрі пайдалы сусын болып шығады. Ол жүрек соғысын қалыпқа келтіреді, тәждік тамырларды кеңейтеді және жүрек бұлшықетінің қоректенуін жақсартады.

* * *

Жөтел мен бронхитке қарсы құрал

Бұл өте қарапайым әрі пайдалы рецепт көпшілікке қажет болады. Ауа райының құбылмалы кезінде жай жөтелдің өзі мазалай алады. Бұл құралды ұйықтар алдында ішсеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.

Құрамы:

Сүт – 250 мл

Сары май – 1 шай қасық

Бал – 1 шай қасық

Жұмыртқаның сарысы – 1 дана

Ас содасы – 1/4 шай қасық

Дайындалуы:

Сүтті қайнатып, шамамен 60°С-қа дейін суытыңыз.

Оған май мен балды қосып араластырыңыз. Қалауыңызша сары майдың орнына какао майын қолдануға болады.

Жұмыртқаның сарысын және соданы қосып, қайта жақсылап араластырыңыз.

Егер ересектер үшін дайындалса, қоспаға 1 шай қасық коньяк қосуға болады.

Бұл құралды 4–5 күн қатарынан ұйықтар алдында ішу ұсынылады. Дегенмен, алғашқы таңнан-ақ денсаулығыңыздың жақсарғанын байқайсыз.

* * *

Бар болғаны 3 күнде мінсіз тері!

Әжімсіз, дақсыз, тегіс болғыңыз келсе – үй жағдайында жасалатын табиғи маска жасаңыз.

Құрамы:

1 ас қасық жаңа үгітілген картоп

1 жұмыртқаның ағы

Ағын көбік болғанша шайқап, үстіне картоп қосыңыз. Бетке, мойынға және қолға жағып, 15 минут күтіңіз. Жылы сумен жуыңыз.

Алдымен аллергияға тест жасауды ұмытпаңыз!

3 күн қатарынан қолданыңыз, кейін аптасына 1 рет жеткілікті.

Теріңіз бірден жасарып, құлпырады!

* * *

Ішекке пайдалы томат шырыны

Күн сайын таңертең бір стакан томат шырынын ішіп көріңіз. Оның құрамында талшық пен су бар – ас қорытуға тамаша үйлесім!

Бұл әсіресе күні бойы талшыққа бай тағамды аз тұтынатындарға пайдалы.

✔️ Ерігіш талшық ас қорыту процесін іске қосады.

️ Ерімейтін талшық нәжісті жұмсартады.

Таңды пайдалы әдеттен бастаңыз!

* * *

Витаминге бай қоспа

Иммунитетті көтеретін дәмді қоспа жасағыңыз келе ме? 🤗

Рецепт өте қарапайым:

Жарты стақан мейіз

1 стақан грек жаңғағы

Жарты стақан бадам

2 лимонның шырыны мен қабығы

Жарты стақан өрік-мейіз (курага)

Жарты стақан қара өрік

150 г бал

Барлығын еттартқыштан өткізіп, 1–2 күн қараңғы жерде тұндырып алыңыз. Кейін тоңазытқышта сақтаңыз.

Ересектерге – күніне 3 рет 1–2 ас қасық.

Балаларға (3 жастан бастап) – күніне 2 рет 1 шай қасық.

Дәруменге бай қоспа – отбасыңыздың қуаты мен денсаулығының кепілі!

* * *

Есте сақтау қабілетін жақсартатын шай

Түймедақ (ромашка) шайы

Антиоксиданттарға бай. Ол ағзаны жасартуға, еркін радикалдарды жоюға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Итмұрын (шиповник) шайы

Ми қызметін әлсіреуден сақтайтын ең пайдалы сусындардың бірі. Дәрумендерге өте бай.

Жалбыз шайы

Жалбыз құрамындағы розмарин қышқылы миға зиянды ақуыз түзілімдерін ерітіп, жаңа түзілуінің алдын алады.

Күнделікті әдетке айналдырсаңыз, миыңыздың сергектігін ұзақ сақтайсыз!

* * *

Анар жеудің 5 себебі!

Гемоглобинді көтереді

Анардың ең белгілі қасиеті – қаназдықпен күрес. Малокровие кезінде сұйылтылған анар шырынын 0,5 стаканнан күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 2 ай ішу ұсынылады.

Қан қысымын төмендетеді

Анар дәндері гипертониктер үшін қысымды жұмсақ түрде төмендетеді. Ал кептірілген қабықтарының қайнатпасы жүйкені тыныштандырып, мазасыздықты азайтады және ұйқыны жақсартады.

Гормондарды белсендіреді

Анар сүйектеріндегі майлар ағзадағы гормондық тепе-теңдікті реттейді.

Инсулинді алмастырады

Анар – қант диабеті бар адамдарға да рұқсат етілетін әрі пайдалы тәттілердің бірі.

Теріні емдейді

Майлы тері, безеу немесе қабынған бөртпелерге қарсы – аздап қуырып, ұнтақталған анар қабығын зәйтүн немесе сары маймен араластырып, бетке маска ретінде жағыңыз.

* * *

Ұн тағамдарынан толықтай бас тартса не болады?

Соңғы кезде көпшілік нан мен басқа да ұн өнімдерінің зияны туралы жиі айтып жүр. Бірақ бұл – мүлде бәліш пен нан жемеңіз деген сөз емес.

Қара және тұтас дәнді нан – ржан, сұлы ұнынан немесе кебектен жасалғаны – керісінше, өте пайдалы.

Ал ақ нан ағзаға аса жақсы әсер етпейді. Оның үстіне, соңғы ғасырда одан жасалатын ұн сапасы да айтарлықтай төмендеген.

Егер ақ нанды мүлде алып тастасаңыз, ағзаңызда мынадай өзгерістер болады:

Артық салмақтан арыласыз

Терідегі бөртпелер жоғалады

Ас қорыту жақсарады

Энергия артады

Нанға деген тәуелділіктен құтыласыз

Жастық шақты ұзарта аласыз.

Есіңізде болсын: қандай да бір тағамнан бас тартқанда, оны саналы түрде жасаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: