| 07/04/2026, 21:48 | |
Неліктен бананды міндетті түрде ас мәзіріне қосу керек? Көңіл-күйді жақсартады Бананда көп мөлшерде триптофан бар. Ол ағзада «бақыт гормоны» серотонинге айналып, депрессиямен күресуге көмектеседі. Сүйекті нығайтады Банан кальцийдің ағзадан зәрмен бірге шығып кетуіне жол бермейді. Бұл әсіресе кальцийді «жуып шығаратын» кофені жақсы көретіндерге пайдалы. Ішек микрофлорасын жақсартады Банан құрамындағы ферменттер тағамның жақсы қорытылып, тез сіңуіне әсер етеді. Іш қатудан арылтады Бананды тұрақты түрде жеу ас қорыту жүйесін реттеп, іш қатудың алдын алады. Асқазанға пайдалы Банан асқазан қабырғасын қышқылдан қорғап, ойық жараның жазылуына ықпал етеді. Табиғи дәм – денсаулықтың құпиясы! * * * Онкологиядан қорғайтын басты қорғаушылар 1️⃣ Жасыл шай – 10 минут тұндырып, бір сағат ішінде ішу керек. Күніне 2–3 кесе жеткілікті. 2️⃣ Зәйтүн майы – суық сығылған түрі ең пайдалы. Күніне 1 ас қасық. 3️⃣ Құрқұма (куркума) – тағамға қара бұрышпен бірге қосу керек, әйтпесе сіңбейді. Күніне бір шымшым жеткілікті. Ұқсас қасиет зімбірде де бар. 4️⃣ Шие, таңқурай, көкжидек, қаражидек, бүлдірген, мүкжидек – жаңа да, мұздатылған да түрін шектеусіз жеуге болады. 5️⃣ Өрік, шабдалы, алхоры (сүйекті жемістер) – соңғы зерттеулер бойынша жидектерден кем түспейді. 6️⃣ Қырыққабат тұқымдастар – брокколи, гүлді қырыққабат және басқа түрлері. Қайнатпай, буға пісірген немесе пеште қақтаған пайдалырақ. Шикідей де жеуге болады. 7️⃣ Сарымсақ пен пияз – күніне 1 бас сарымсақ немесе жарты пияз жеткілікті. Зәйтүн майымен бірге жеген дұрыс, аздап қуырып алуға болады. Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады! * * * Бөдене жұмыртқасының пайдасы Бөденелердің дене температурасы 42° болғандықтан, олар ешқашан инфекциялық аурулармен, соның ішінде сальмонеллезбен ауырмайды. Сондықтан бөдене жұмыртқасын шикідей ішуге болады – ағзаға қажетті дәрумендер мен пайдалы заттар толық сақталады. Бөдене жұмыртқасында тауық жұмыртқасына қарағанда B1, B2 дәрумендері – 2,5 есе, ал калий мен темір – 5 есе көп. Сондай-ақ аминқышқылдар мен микроэлементтерге бай. Жұмыртқа қабығының құрамы адам сүйегімен бірдей. Ол сүйек кемігінде қан түзілуін ынталандырады, сондықтан анемия мен рахитке пайдалы. Бөдене жұмыртқасын жүйелі түрде қолдану мастопатиядан сақтайды және иммунитетті күшейтіп, ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ бөдене жұмыртқасы жүйке жүйесі бұзылғанда, қан аздықта, гипертонияда, қант диабеті мен демікпеде (астмада) пайдалы. Табиғи күш – денсаулық кепілі! * * * Долана – жүректің досы Долана жылдың төрт мезгілінде де әдемі, әсіресе күзге таман қызарып, жерге жайылғанда ерекше көрінеді. Бұл өсімдік жүректі мықты етіп, қантамырларды тазартуға көмектеседі: Артериялық қысымды қалыпқа келтіреді Жүрек соғысын күшейтеді Тыныштандырады: түнде ішсеңіз, ұйқы терең әрі жайлы болады Жүректің қозғыштығын төмендетеді Жүрек қантамырларындағы қан айналымды жақсартады Жүрек ритмін қалыпқа келтіреді Қантамырларды холестериннен тазартады Айтпақшы, долана гүлдері аритмияға жемістерінен де тиімді көмектеседі! * * * Бүйректе тас түзілу қаупін арттыратын қателіктер Сұйықтықты аз ішу. Су ағзаны зат алмасу өнімдерінен тазартып, олардың тасқа айналуына жол бермейді. Көп газдалған сусын ішу. Олардағы фосфор қышқылы тас түзілуін жылдамдатады. Қызыл етті шамадан тыс пайдалану. Қызыл ет құрамындағы пуриндер несеп қышқылын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына ықпал етеді. Қантты көп тұтыну. Құрамында қант пен фруктоза көп тағамдар тас түзілуіне қолайлы жағдай жасайды. Кальцийдің жетіспеушілігі. Тағамда кальций азайса, ағзада оксалаттар көбейіп, уақыт өте келе несеп-тас ауруына әкеледі. Ақуызды диеталарды қолдану. Мұндай диеталар қанда несеп қышқылын арттырып, уратты тастардың түзілуіне себеп болады. * * * Асқабақ шырынымен емделу! Бауыр мен бүйрек ауруларында – күніне бір рет тамақтан 30 минут бұрын жарты стақан асқабақ шырынын ішіңіз. Бүйректе тас болғанда – тамақтан жарты сағат бұрын күніне 3 рет үштен бір стақаннан қабылдаңыз. Жүйке сыр берсе немесе ұйқы қашса – ұйықтар алдында жарты стақан шырынға 1 шай қасық бал қосып ішіңіз. Тұмау, ыстық көтерілгенде – асқабақ шырыны ыстықты түсіріп, шөлді басатын құрал ретінде пайдалы. Іш қату мен қан қысымы жоғарылаған жағдайда – тамақтан 20 минут бұрын күніне 3 рет төрттен бір стақаннан ішіңіз. * * * Ағзаға ең пайдалы сусындар жинағы: Су – ағзаны токсиндерден тазартады, асқазанның жұмысын қолдайды, қан тамырлары мен буындарға оң әсер етеді. Анар шырыны – жүрек пен қан тамырларының жұмысын реттейді, гипертония мен қан аздықта пайдалы. Жалбыз шайы – асқазан сөлін бөлуді ынталандырады, тыныштандырады, қысымды төмендетеді, ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі. Айран – ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіретіні бәріне белгілі. Алма шырыны – бауыр, бүйрек және қуықтың жұмысына пайдалы әсер етеді. Мүкжидек морсы – С дәруменіне бай, иммунитетті күшейтеді, сонымен қатар ыстықты түсіретін жақсы құрал. Түймедақ шайы – бактерияға қарсы әсерге ие, жүйкені тыныштандырып, босаңсытады. * * * Кімге жаңғақты көп жеуге болмайды? Асқазан-ішек жолы (АІЖ) аурулары асқынған кезде, сондай-ақ бауыр мен ұйқы безінің созылмалы бұзылыстары бар адамдарға жаңғақты шамадан тыс қолдануға болмайды. Сонымен қатар бұл өнім экзема немесе псориазбен ауыратындардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Безеуі бар адамдарға жержаңғақтан бас тартқан жөн. Өйткені оның құрамында терінің майын бөлуді күшейтетін зат бар. Жаңғақ құрамында аргинин көп. Осыған байланысты жаңғақты көп жеу жиі герпес шығатын адамдарға зиян болуы мүмкін. Жаңғақ – өте калориялы өнім. Дегенмен, егер мөлшерін сақтаса, ол денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізбейді. Ересек адамның тәуліктік нормасы шамамен 30 грамм. * * * Ангинамен жиі ауыратындарға кеңес ✔️ Күніне бірнеше рет 3–5 минут бойы алма сірке суымен тамақ шаюға болады (0,5 стақан жылы суға 1 ас қасық 6% сірке суы). Соңғы шаюды ұйықтар алдында жасаңыз. ✔️ Ангинаны тез емдейтін қоспа: 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық жөке (чистотел) және 1 ас қасық түймедақ салып дайындаған тұнбамен шаю. ✔️ Тамақты прополистің спирт тұнбасымен шаю – сауығуды жылдамдатады. ✔️ Лимон шырыны мен балды тең мөлшерде араластырып, алдымен тамағыңызды бірнеше минут шайыңыз, кейін қоспаны жұтып қойыңыз. * * * Ағзаны паразиттерден тазарту тәсілі Ол үшін тамақтан 30 минут бұрын бірнеше дана кептірілген қалампырды (гвоздика) шайнау жеткілікті! Мұны күніне 2 рет жасау керек. Бірнеше күн ішінде ағза паразиттерден толық тазарады. Бір кептірілген қалампыр бүршігінің 20%-ы эфир майынан тұрады, оның құрамында эвгенол, кариофиллен және иланген сияқты хош иісті заттар бар. Сонымен қатар қалампырда дубильді заттар да өте көп. Осындай бай құрамының арқасында қалампыр тек глистке ғана емес, алтын түстес стафилококк, дифтерия таяқшасы және туберкулез таяқшасы сияқты басқа да зиянды микроорганизмдерге қарсы өте тиімді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
