| 31/03/2026, 09:11 | |
«ЕКІНШІ ӨМІР» сыйлайтын шипалы сусын Бар болғаны үш ингредиент қажет: сарымсақ, бал және алма сірке суы. Бұл қоспаны 2 апта бойы тұрақты қабылдағаннан кейін ағза әлдеқайда жеңілдеп, әлсіздік пен ауру белгілері басылады. Құрамы: *1 кесе алма сірке суы *1 кесе табиғи бал *10 түйір сарымсақ Дайындау тәсілі: 1. Сарымсақты қабығынан тазартып алыңыз. 2. Оны бал мен алма сірке суымен бірге араластырыңыз. 3. Дайын қоспаны әйнек құтыға құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. 4. 3 күн қараңғы жерде тұндырып, содан кейін тоңазытқышта сақтаңыз. Қолдану жолы: Ашқарынға 2 ас қасық ішіңіз. Артынан су не шай ішуге болады, бірақ 15 минут бойы тамақтанбаған жөн. Бұл эликсир: *әлсіздікті жояды, *бас ауруын жеңілдетеді, *ас қорыту жүйесін жақсартады, *жалпы ағзаны сергітеді. *Анемия, ұйқысыздық, шаршаңқылық кезінде пайдалы. * * * Шашқа қандай дәрумендер керек? Шаштың өсіп, мықты әрі жылтыр болуы үшін ағзаға белгілі дәрумендер қажет. Олардың жетіспеуі тек шашқа ғана емес, жалпы денсаулыққа да әсер етеді: А дәрумені – терінің иммунитетін көтереді, май бездерінің жұмысын реттейді, майлы не тым құрғақ шаш мәселесін шешеді, қайызғақтың алдын алады. В тобы дәрумендері – шаштың өсуін жеделдетеді, түбін нәрлендіріп, қан айналымды жақсартады. С дәрумені – шаштың түсуін азайтады, теріні құрғаудан қорғайды, түбірін күшейтеді. D дәрумені – терінің қабыршақтануын болдырмайды, кальцийдің жақсы сіңуіне көмектеседі. Е дәрумені – шаш құрылымын нығайтады, күннің зиянды әсерінен қорғайды, шашты қалың әрі жылтыр етеді. F дәрумені – шаш пен терінің жағдайын жақсартады, ультракүлгін сәуледен қорғайды. H дәрумені (биотин) – шаш түсуінің алдын алады, берік әрі сау болуына ықпал етеді. * * * Жастық пен ұзақ өмір сусыны Жасартатын және ағзаны сергітетін ерекше қоспа – жасыл шай, зімбір және даршын. Бұл үштік денені іштен тазартып, барлық ағза жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі! Дайындау әдісі: Эмалды ыдысқа 1 шай қасық даршын мен 1 шай қасық зімбір салыңыз. Үстіне 1 литр су құйып, қайнатыңыз. Қайнаған соң 2 шай қасық жасыл шай қосып, оттан алыңыз. 1 сағаттан кейін сүзіп алыңыз. Қалай ішу керек? ✅ Таңертең ұйқыдан тұрған соң, таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын – 1 стақан. ✅ Сондай-ақ әр тамақтың алдында ішу ұсынылады. Түнде және ұйықтар алдында ішуге болмайды. Қалауыңызға қарай лимон тілімін, жалбыз немесе аздап бал қосуға болады * * * Сүйек-буын ауруына қарсы дұрыс тамақтану Буындарыңыз ауырмасын десеңіз, дұрыс тамақтануды әдетке айналдырыңыз! Рационға қабынуға қарсы өнімдерді қосыңыз: Каротиноидтар (қызыл, сары көкөніс пен жемістер, асқабақ, шпинат); Омега-3 май қышқылдары (зығыр майы, кенеп майы, жаңғақ, теңіз балығы); Минералдар мен микроэлементтер: магний, мырыш, темір, селен (дәнді дақылдар, қара какао). Буынның ауырсынуын жеңілдетіп, шеміршек құрылымын жақсартуға хондроитинсульфат пен глюкозамин көмектеседі (қосымша тағамдық қоспа не дәрі түрінде). * * * Күн сайын зімбір жеудің 7 себебі Егер зімбірді анда-санда емес, күн сайын шайға не тағамға аздап қосып жейтін болсаңыз, ағзаңызда мынадай өзгерістер болады: 1️⃣ Қартаю процесі баяулайды Зімбірдің басты заты – гингерол ағзадағы тотығу стрессімен күреседі. 2️⃣ Жүрек айну басылады Зімбір кез келген себептен болатын жүрек айнуға көмектеседі. 3️⃣ Қандағы қант деңгейі төмендейді 4️⃣ Супербактерияларға қарсы күш пайда болады 5️⃣ Ауыз қуысының жағдайы жақсарады Зімбір қызыл иек ауруларын тудыратын зиянды бактериялардың белсенділігін тежейді. 6️⃣ Жеке өміріңіз жаңа реңге енеді Зімбір мыңдаған жылдар бойы табиғи афродизиак ретінде белгілі. 7️⃣ Жад пен ойлау қабілеті жақсарады Зерттеулер бойынша, зімбір ми қартаюын баяулатады. Табиғи күш – күнделікті әдеттен басталады! * * * Қанды тазартудың бір әдісі Бұл қарапайым әрі тиімді рецепт қанды тазартып, иммунитетті күшейтіп, жалпы денсаулықты жақсартады. 1 стаканға қажетті ингредиенттер: • 1 стакан салқын су • 5 тамшы йод • 1 ас қасық бал • 1 ас қасық алма немесе жүзім сірке суы Дайындау тәсілі: 1️⃣ Барлық ингредиенттерді стакан суға қосыңыз. 2️⃣ Жақсылап араластырыңыз. Қабылдау тәртібі: • Таңертең: сағат 6-да 1 стакан ішіңіз. 12-ге дейін тамақ ішпеңіз. • Кешке: сағат 22:00-де 1 стакан ішіңіз. Одан кейін тамақ жеуге болмайды. Пайдасы: ✅ Қанды және лимфа жүйесін тазартады. ✅ Иммунитетті көтеріп, тұмаудан қорғайды. ✅ Зат алмасуды реттейді. ✅ Бас ауруын жеңілдетеді. * * * Қайың жапырағының тұнбасы Қайың жапырағының тұнбасы – қанды тазартудың, зат алмасуды жақсартудың және денсаулықты нығайтудың табиғи әрі қарапайым жолы. Ең пайдалысы – көктемде жас жапырақтан дайындалған тұнба. Қалай дайындау керек? 1️⃣ 2 қайың жапырағын (өлшемі 3 см-ге дейін) алыңыз. 2️⃣ 1 стакан ыстық суға салыңыз. 3️⃣ 15–20 минут тұндырыңыз. Қабылдау тәсілі: • Таңертең немесе кешке 1 стаканнан ішіңіз. • Курсы: 5 күннен 30 күнге дейін. Тұнбаның пайдасы: ✅ Қанды және лимфаны тазартады. ✅ Зат алмасуды реттейді. ✅ Иммунитетті күшейтеді. ✅ Ағзадан зиянды токсиндерді шығарады. Маңызды кеңестер: • Жапырақты 3 см-ден үлкен болмай тұрғанда жинаңыз. • Көлеңкеде кептірсеңіз, шипалық қасиеті жақсы сақталады. • Мұндай тазартуды жылына 1 рет, көктемде жасаған дұрыс. * * * Ағзада қандай дәрумендер жетіспейді? Белгілеріне назар аударыңыз: ▪️ Ауыздан жағымсыз иіс шықса – B3 дәрумені аз. ▪️ Кішкентай соққыдан да көгеру пайда болып, ұзақ жазылмаса – C дәрумені жетіспейді. ▪️ Іш қату – B тобы дәрумендерінің тапшылығы. ▪️ Бас айналу, құлақ шуылдауы – B3, Е дәрумендері, сондай-ақ марганец пен калий аз. ▪️ Көз қызарып, қараңғыға тез үйрену қиындаса, ячмень шықса – A және B2 дәрумендері жетіспейді. ▪️ Қайызғақ пайда болса – B12, B6, F дәрумендері мен селен тапшылығы. ▪️ Шаштың сынғыш, әлсіз болуы – B, F дәрумендері мен йод аз. ▪️ Шаштың түсуі – B9, C, H дәрумендері және инозит жетіспеуі. ▪️ Ұйқысыздық – B тобы дәрумендері, калий мен кальций аз болғанда кездеседі. ▪️ Мұрыннан жиі қан кету – C, K және B3 дәрумендері жетіспеуі. ▪️ Безеу, бөртпе, мойындағы қызыл дақтар – A және B дәрумендері тапшылығы. Денеңіз беретін белгілерге құлақ асыңыз! * * * Бауырды тазартатын пайдалы сусындар ✔️ Түймедақ шайы – ұйықтар алдында ішсеңіз, ұйқыны жақсартады, тоқ ішекті тазартады және бауырдың қызметін күшейтеді. ✔️ Зімбір мен лимонды су – кішкене зімбір мен жарты лимонды қайнаған суға салып, 5 минут қайнатыңыз. Суыған соң ішіңіз. Бұл сусынды 2 апта бойы кешкісін бір шыныаяқтан ішу ұсынылады. ✔️ Сұлы сусыны – 1 кесе сұлыны 7 сағатқа суға жібітіп қойыңыз. Кейін сүзіп алып, бір стақан сумен және бір ас қасық даршынмен бірге блендерде араластырыңыз. Жылы күйінде кешкісін ішіңіз. Сұлы талшығы ас қорыту жүйесін жақсартады. Денсаулық – дұрыс әдеттен басталады! * * * Қандағы қантты қалыпқа келтіру құпиялары Қандағы қанттың жоғары болуы – ағзаға зиян. Оны халықтық әдістермен де реттеуге болады. Біздің топта бұрыннан көптеген рецептер бар, іздеу арқылы оңай таба аласыз. Ал бүгін тағы бірнеше тәсілді ұсынамыз Айран + даршын + ащы бұрыш 1 стақан бөлме температурасындағы айранға 1 шай қасық (үстемесіз) даршын мен пышақ ұшындай ащы ұнтақ бұрыш қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Тамақтан 30 минут бұрын, 15 күн бойы ішіңіз. Сүт + прополис тұнбасы Жарты стақан сүтті сәл жылытыңыз (ыстық болмауы тиіс). Оның ішіне 15 тамшы прополис тұнбасын қосып ішіңіз. Курсы – 12 күн. 5 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырыңыз. Кейін әр жарты жыл сайын қайталау керек. Табиғи әдістер – денсаулық кепілі! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
