| 16/03/2026, 17:42 | |
ЖЕНЬШЕНЬ – "ӨМІР ТАМЫРЫ"! Ғасырлар бойы шығыс даналары женьшеньді алтыннан да қымбат санаған. Себебі: "Шөптер патшасының" 3 басты қасиеті: ✅ Табиғи энергия көзі – шаршауды басып, жұмыс қабілеті мен зейінді арттырады ✅ Иммунитет қалқаны – вирустар мен бактерияларға қарсы қорғанысты 2 есе күшейтеді ✅ Жастық эликсирі – жасушалардың жаңаруын белсендіреді, қартаюды баяулатады Қолданудың 3 тәсілі: 1️⃣ Дәрілік тұнба (ең күшті әсер): 50 г ұнтақталған тамыр + 500 мл спирт (40°) Қараңғыда 14 күн тұндыру Таңертең 15–20 тамшы ішу 2️⃣ Жасартатын шай (күнделікті): 3–5 жіңішке тілім тамырды бір кесе суға (80°C) салып, 10 минут тұндыру 3️⃣ Бал қоспасы (ағзаны күшейтуге): 1 шай қасық женьшень ұнтағы + 2 ас қасық бал Таңертең ашқарынға қабылдау Маңызды жайттар: • Қабылдау курсы – 3–4 апта, кейін 2 ай үзіліс • Гипертония мен жүктілік кезінде қолдануға болмайды • Ең тиімді уақыт – түске дейін (15:00-ге дейін), әйтпесе ұйқысыздық тудыруы мүмкін * * * Буын қабынуына қарсы халықтық жақпа Үй жағдайында жасауға болатын қарапайым әрі тиімді тәсіл: ✔️ Құрамы: – 1 ас қасық құрғақ қыша – 1 ас қасық күнбағыс майы – 1 ас қасық бал ✔️ Дайындау әдісі: Барлығын жақсылап араластырып, су моншасында біркелкі масса шыққанша қыздырады. Дайын болған жақпаны ауырған жерге жағып, жеңіл уқалау керек. Көпшілік бұл жақпамен-ақ буын ауруын жеңілдетіп, әрдайым тың болған. * * * ЖҮЙКЕНІ ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН ШӨП ШАЙ Бұл шөп қоспасы жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жақсартатын таптырмас құрал. Ешқандай химия жоқ, тек табиғаттың күші! 1 кесе үшін керек заттар: ✔️ 1 шай қасық кепкен жалбыз (мята – бұлшық етті босатады) ✔️ 1 шай қасық түймедақ (ромашка – мазасыздықты жояды) ✔️ ½ шай қасық мелисса (ұйқыны жақсартады) ✔️ 1 шай қасық бал (мёд) (қалауыңызша) Дайындау әдісі: 1️⃣ Шөптерді 250 мл қайнаған суға салыңыз. 2️⃣ Қақпақпен жауып, 10–15 минут тұндырыңыз. 3️⃣ Сүзіп алып, қалауыңызша бал қосыңыз. Пайдасы: ✅ Түнгі ұйқыны жайлы етеді і, керемет тынығып оянасыз ✅ Күндізгі күйзелісті басады ✅ Жүрек соғысын қалыпқа келтіреді Қалай ішу керек? Ұйықтардан 30–40 минут бұрын 1 кесе 2–3 апта бойы үзбей ішуге болады Кеңестер: • Шайды шыны немесе керамика ыдыста дайындаған дұрыс • Дәріханалық тыныштандыратын препараттармен қоспаған жөн • Жылы ваннадан кейін ішу – әсерін күшейтеді * * * АСҚАЗАН ҚЫЖЫЛЫ МАЗАЛАЙ МА? Картоп шырыны қыжыл мен гастритке қарсы таптырмас ем Бұл қарапайым әдіс асқазандағы қыжылды небәрі 10 минутта басады! Құрамы: ✔️ 2–3 жаңа піскен қызғылт картоп (орташа көлемде) Дайындау жолы: 1️⃣ Картопты жақсылап щеткамен жуыңыз 2️⃣ Қабығымен бірге ұсақ үккіштен өткізіңіз 3️⃣ Марлядан сығып шырынын алыңыз (~50 мл) 4️⃣ 1 минут тұндырыңыз Пайдасы: ✅ Қышқылды бірден бейтараптайды ✅ Асқазан қабырғаларын қаптайды ✅ Гастрит кезіндегі қабынуды басады ✅ Ас қорытуды жақсартады Қабылдау тәсілі: Қыжыл кезінде – 2 ас қасық жаңа шырын Гастритке – таңертең ашқарынға ¼ стақан, 10 күн бойы Маңызды: • Тек жаңа дайындалған шырынды қолданыңыз • Қант диабеті мен төмен қышқылдығы барларға болмайды * * * СУЫҚТАУДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН ЭЛИКСИР – иммунитеттің нағыз қорғаны! Құрамы: ✔️ 3 лимон (қабығымен бірге) ✔️ 200 г табиғи бал ✔️ 1 ас қасық майда етіп туралған имбирь Дайындау әдісі: 1️⃣ Лимонды қайнаған сумен шайып, ұсақтап тураңыз 2️⃣ Бал мен имбирьмен бірге банкаға салыңыз 3️⃣ Тоңазытқышта 24 сағат тұндырыңыз Пайдасы: ✅ Иммунитетті күшейтеді ✅ Вирустармен күреседі ✅ Ас қорыту жүйесін жақсартады Қабылдау тәсілі: Таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан Жылы шайға қосып ішуге болады Маңызды: • 40°С-тан жоғары қыздырмау керек • Тоңазытқышта 2 айға дейін сақталады * * * СУЫҚ ТИДІ МЕ? Тез жазылғыңыз келсе иммунитетті көтеретін мына халықтық тәсіді жасап көріңіз! Бұл қуатты дуэт – табиғи антибиотик, сізді тез аяққа тұрғызады! Құрамы: ✔️ 1 бас сарымсақ – вирусқа қарсы әсер ✔️ 200 г бал – қорғаныс күшін арттырады ✔️ ½ лимон – дәрумендік қолдау Дайындау әдісі: 1️⃣ Сарымсақты тазалап, ұсақтап тураңыз 2️⃣ Лимонды қабығымен бірге текшелеп кесіңіз 3️⃣ Банкаға салып, үстіне бал құйып, араластырыңыз 4️⃣ Қараңғы жерде 3 күн тұндырыңыз Пайдасы: ✅ Иммунитетті нығайтады, инфекциямен күреседі ✅ Қызуды түсіреді, жөтелді жеңілдетеді ✅ Қантамырларды тазартады, қан айналымын жақсартады Қабылдау тәсілі: Алдын алу үшін: таңертең ашқарынға 1 шай қасық Ауру кезінде: күніне 3 рет 1 шай қасық ❗Маңызды: • Гастриті барларға және балға аллергиясы барларға болмайды • Қабылдаған соң ауызды шайыңыз – тіс эмалін қорғау үшін * * * Петрушка мен лимон ағзадан тұздарды шығарады! 250 г петрушка түбірі мен 250 г лимонды жуыңыз да, ет тартқыштан өткізіңіз. Қоспаға 150 г туралған петрушка жапырағы мен 300 г жылы бал қосып, араластырыңыз. Күніне 3 рет, бір шай қасықтан ішіңіз. Курс – барлық қоспа. Пайдалы: подагра, тамыр жағдайы, иммунитетке. Қолдануға болмайды: жүктілік, емізу, бүйрек пен қуықта тастар, бүйрек аурулары. * * * Жөтелді емдеудің 4 жолы! 1️⃣ Ыстық сүт Екі нұсқа: Сілтілі минералды сумен жарты-жартылай (мысалы, «Боржоми») Немесе 1 стақан сүтке 1 шай қасық бал қосып ішіңіз 2️⃣ Инжир Инжирді жақсылап жуыңыз да, 1 орташа жемісті 1,5 стақан жылы сүтке салыңыз. Төмен отта 30 мин қайнатыңыз. Қазанды орамалға орап, инжирді буландырыңыз. Сорпаны кішкене жұтқыншақтап ішіңіз. 3️⃣ Даршын Таңертеңгілік 1 ас қасық жылы балға 1/4 шай қасық даршын қосып, күніне 3–5 рет қабылдаңыз. Тіпті созылмалы жөтелге де көмектеседі, мұрын жолдарын тазартады. 4️⃣ Анис Әр сағат сайын 30–50 мл анис тұқымының (15–20 г 1 л суға) сорпасын ішіңіз. Ол керемет кіршіккен қақырықты сұйылтып, оны ағзадан шығаруға көмектеседі. * * * Тағамның түсі және оның ағзаға әсері 1️⃣ Ақ түсті тағамдар – сүт және сүт өнімдері, күріш, сарымсақ, аққалақ – тыныштандырады, ашуланшақтықты басады және уытты заттарды бүйрек арқылы шығарады. 2️⃣ Жасыл түсті тағамдар – брокколи, жапырақты салаттар, жасыл бұршақ, жасыл бұрыш – ми қызметіне пайдалы, жүйке кернеуін азайтады. 3️⃣ Сары түсті тағамдар – лимон, ананас, банан, жүгері, сары ірімшік, жұмыртқа сарысы – ас қорытуға көмектеседі, тәбетті жақсартады және қанды тазалайды. 4️⃣ Қызғылт сары көкөністер – сәбіз, өрік, мандарин, апельсин – жүйке жасушаларын қалпына келтіруге, көңіл-күйді көтеруге, бас ауруын жеңілдетуге және бүйректен токсиндерді шығаруға көмектеседі. 5️⃣ Қызыл түсті көкөністер – қызылша, бұрыш, қызанақ, құлпынай – зат алмасуды жақсартады және қан айналымын күшейтеді. 6️⃣ Көк түсті көкөністер мен жемістер – қою жүзім, өрік, көкжидек – құрамында «антоцин» бар, ол қан тамырларын қорғайды. * * * Терден құтылудың халықтық тәсілдері ✔️ Ромашка 1 шай қасық ромашка гүлін бір кесе қайнаған суға тұндырып, суытасыз. Дайын тұнбаға мақта дискін батырып, терлейтін жерлерді сүртіңіз. Қосымша ретінде ромашка шайын ішуге немесе 5–10 минуттық ромашка ваннасын жасауға болады. ✔️ Ас содасы 1 шай қасық ас содасын аз ғана сумен араластырып, қою паста жасаңыз. Оған 3 тамшы эфир майын қосыңыз. Дайын қоспаны теріге жағып, 20 минут ұстаңыз. Аптасына 2–3 рет қайталауға болады. ✔️ Шалфей (ақшайыр) 1 шай қасық шалфей жапырағын 2 стақан суға қайнатып, суытасыз. Дайын тұнбамен теріні күніне 3–4 рет сүртіңіз. Бірнеше апта қолдануға болады. Қосымша ретінде шалфей шайын ішіп, оған лимон шырынын қоссаңыз, әсері арта түседі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
