Халық емі
24/02/2026, 17:50

Жалбызды лимонды сусын жүректің саулығын сақтайды

Жалбыз, лимон және бал қосылған бұл дәмді де пайдалы сусын шөлді қандырып қана қоймай, жүрекке де пайдалы әсер етеді.

Қалай дайындалады?

1️ Лимон-бал қоспасы:

• Лимонды майдалап турап, балмен 1:1 қатынаста араластырыңыз.

2️ Жалбыз тұнбасы:

• Бірнеше жалбыз жапырағын қайнаған суға салыңыз.

• 15 минут тұндырыңыз.

3️ Араластырылуы:

• Дайын тұнбаға 2 қасық лимон-бал қоспасын қосыңыз.

Сусынның пайдасы:

Жүрек соғысын қалыпқа келтіреді.

Жүрек тамырларын кеңейтеді.

Жүрек бұлшықетінің қоректенуін жақсартады.

Сергітеді әрі тыныштандырады.

* * *

ҚҰЛАҚ_АУЫРҒАН кезде жасалатын ем

Есту мүшесiнiң сырқаттары суықтан пайда болады. Құлақ миға жақын орналасқандықтан бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Сол ұшiн құлақтың естуi нашарлағанда немесе суықтап, сыздап ауырғанда ең алдымен дәрiгерге көрiнген дұрыс. Ал жеңiл-желпi ауырған кезде мынадай халықтық емдердi қолдануға әрi суықтан болған аурулардың алдын алуға болады:

 * Қызылшаны қабығынан аршып, тазалап, суда қайнату керек. Оны ұсақтап турап, балмен араластырып, дәкеге орап, құлақтың iшiне жылыдай салып, бiр жарым сағаттай ұстаңыз. Немесе пиязды майдалап турап, дәкеге орап, құлаққа салыңыз. (Терең емес, бергi жағына салыңыз). Құлағыңыздың ауырғаны басылады.

 * Дәл осылай мұрын аурулары кезiнде де пиязды пайдалаңсаңыз жақсы көмектеседi. Және де құлақ суықтап, қақсап ауырғанда жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып, сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтаңыз.

 * Құлақ естуi төмендегенде күнiне бiр дана лимонды қабығымен қоса жеу керек. Бiр аптаның iшiнде нәтижесi байқалуы тиiс.

Құлақ шуы кезiнде бiр ас қасық жаужапырақты (мелисса) бiр стакан қайнаған суда тұндырып, кұнiне жарты стаканнан екi рет iшкен дұрыс. Сол кезде құлақ шуы басылып, жаныныз тынышталады.

Менiң кеңесiм сiздерге көмектесер деп ойлаймын. Ең бастысы, денсаулықтарыңыз мықты болып, ауырмай жүрiңiздер.

* * *

Бүйректі тарымен емдейміз!

Дайындау:

Бір стақан тарыны жылы сумен жуыңыз, 3 литрлік банкеге салып, ыстық сумен құйыңыз.

Содан кейін бөлме температурасында жылы нәрсемен жауып, тұндырыңыз.

Келесі күні суда ақ тұнба пайда болады – сол сіздің дәрі-дәрмегіңіз.

Қолдану:

Сұйықты қалаған мөлшерде және кез келген уақытта ішіңіз.

Сұйық таусылған соң, тарыны қайтадан қайнаған сумен құйып, тағы тұндырыңыз.

Дәмі өзгергенше ішуге болады. Содан кейін жаңа стақан тара алыңыз.

▪️ Тары бүйрекке және зәр шығару жүйесіне өте пайдалы: бүйректі тазартады, құм мен тастарды шығарады, әйел ауруларына көмектеседі және циститті емдейді.

▪️ Қуықтағы тастарды емдеуге көмектеседі – тары сорпасын қолданғаннан кейін 1–2 аптада тас құмға айналып, зәр арқылы шығады.

* * *

Шайқурай — күйзелістен құтқарушы

Шайқурай (зверобой) – табиғи тыныштандырғыш, шаршауды басып, көңіл-күйді жақсартатын өсімдік. Бірақ оны дұрыс пайдаланған жөн!

Пайдасы:

• Күйзеліс пен шаршауды азайтады, көңілді көтереді.

• Ерлер денсаулығына пайдалы – күш-қуатты арттырады.

• Асқазан-ішек жұмысын жақсартады.

• Жараларды жазуға көмектеседі.

Қолдану тәсілі:

1 ас қасық кептірілген шайқурайды 1 стакан қайнаған суға салып, 15 минут тұндырып ішеді.

Бұл тұнба жүйкені тыныштандырады, ұйқыны жақсартады.

Шайқурай – табиғат сыйлаған мықты шипа!

* * *

Шығыстың «сұйық алтыны»

Тұшытылған сары май – өзінің ерекше қасиеттерімен бағаланатын дәру. Ол әрі тағамда, әрі косметологияда қолданылады.

Пайдасы қандай?

Ас қорытуға:

• Асқазанның шырышты қабатын қорғайды, ас қорыту жүйесін жақсартады.

Тері мен шашқа:

• Теріні нәрлендіріп, жұмсақ әрі серпімді етеді.

• Шашты күшейтіп, жылтырлық пен денсаулық сыйлайды.

Жүйке жүйесіне:

• Стресті басады, бойды тыныштандырады.

Қалай қолдануға болады?

Тағамға:

• Таңертең ашқарынға 1 шай қасық.

• Ботқаға немесе басқа тағамдарға қосуға болады.

Теріге:

• Құрғақ жерлерге жағып, ылғалдандыруға болады.

Шашқа:

• Жуу алдында маска жасап қолданыңыз.

* * *

Жүрек саулығына көмектесетін шөптер

Шөптер – жүректі табиғи жолмен қорғаудың және нығайтудың тамаша тәсілі. Әр түрлі жағдайға арналған емдік рецепттер:

Қан қысымы жоғары болғанда (гипертония):

• Күніне 2 рет 1 шай қасық ұнтақталған аскөк дәнін жеңіз.

• Қысымды қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Атеросклерозға:

• 1 ас қасық жоңышқа (одуванчик) тамырын қайнаған суға салыңыз.

• Сүзіп алып, тамақтан 30 минут бұрын күніне 3-4 рет 1/4 стаканнан ішіңіз.

Жүрек әлсіздігі кезінде:

• 1 шай қасық сарғалдақ (желтушник) шөбін 0,5 стакан қайнаған суға салыңыз.

• 2 сағат тұндырып, күніне 3 рет 1 ас қасықтан 20 күн ішіңіз.

Пульс баяулағанда:

• 20–30 тамшы элеутерококк тұнбасын аздап сумен араластырып, күніне 2 рет (түскі асқа дейін) қабылдаңыз.

Жүрек қағысы жиілегенде:

• 2 шай қасық календула гүлін 2 стакан қайнаған суға салыңыз.

• 2 сағат тұндырып, тамақтан 30 минут бұрын күніне 4 рет 1/4 стаканнан ішіңіз.

* * *

Қанды сұйылтатын 5 өнім

Қою қан – тромбтың басты себебі. Ал мына табиғи антикоагулянттар қан тамырларыңызды қорғайды:

Имбирь (зімбір)

• Табиғи аспирин тәрізді әсер береді (салицилаттарға бай).

• Күніне 1–2 рет шайға қосып ішуге болады.

Куркума

• Күніне 7 г қолдану тромб қаупін 25%-ға азайтады.

• Қара бұрышпен бірге қолданса, әсері күшейеді.

Киви

• Күніне 2 киви жеу – 1 айда тромб қаупін 30%-ға төмендетеді.

Миндаль

• 55 г миндаль тәуліктік Е дәруменінің мөлшерін толтырады.

• Тромбоциттердің жабысып қалуына жол бермейді.

Зәйтүн майы

• Күніне 1 ас қасық жеткілікті.

• Полифенолдар тромбоциттердің белсенділігін төмендетеді.

Маңызды:

• Дәрі қабылдап жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігермен ақылдасыңыз.

• Әсері бірден емес, күнделікті тұрақты қолданғанда байқалады.

* * *

БҰЛШЫҚ ЕТ ҚҰРЫСУЫ: ағзаңызға не жетіспейді?

Құрысу – ағзада маңызды минералдардың жетіспеуінен хабар беруі мүмкін. Мысалы, аяғыңыз тартылып (сіңір тартылуы) қалуы ықтимал. Нені тексеру керек?

Қандай минералдар жетіспейді?

Калий:

• Су балансын реттейді.

• Бұлшық еттердің қалыпты жұмысын қолдайды.

Магний:

• Бұлшық еттің жиырылуына және жүйке импульстерінің берілуіне қажет.

Кальций:

• Сүйек пен тістің саулығын сақтайды.

• Бұлшық еттің жиырылуына қатысады.

Темір:

• Қан түзу процесіне қатысады.

• Тіндерді оттекпен қамтамасыз етеді.

Минерал қорын қалай толықтыруға болады?

• Калий: банан, картоп, авокадо, шпинат.

• Магний: жаңғақтар, дәндер, бұршақ тұқымдастар, қара шоколад.

• Кальций: сүт өнімдері, көк шөптер, күнжіт.

• Темір: қызыл ет, бауыр, қарақұмық, алма.

* * *

Сәбізді-лимонды қоспа – көз бен бауырға шипа

Көзіңізге табиғи қолдау сыйлаңыз! Бар болғаны 3 ингредиент – және көру қабілетіңіз сізге «рақмет» айтады.

Ингредиенттер:

✔️ 2 үлкен сәбіз – бета-каротин көзі

✔️ 1 лимон – дәрумен қоры, ағзаны тазартады

✔️ 1 ас қасық бал – табиғи консервант әрі пайдасын арттырады

Дайындау тәсілі:

1️ Сәбізді тазалап, ірі үккіштен өткізіңіз

2️ Лимонды қабығы мен дәнінен тазартып, ұсақтап тураңыз

3️ Барлығын банкаға салып, бал қосыңыз

4️ Тоңазытқышта 10 күн тұндырыңыз

Қабылдау ережесі:

1 шай қасықтан күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын

Курс – қоспа біткенше (шамамен 2 апта)

Пайдалы кеңестер:

• Шырынды, жаңа лимон қолданыңыз

• Қанық қызғылт сары сәбіз таңдаңыз – онда каротин көп

• Қоспаны тек шыны ыдыста сақтаңыз

* * *

АҒЗАНЫ ТАЗАРТУДЫҢ ТИБЕТТІК ТӘСІЛІ: 21 күнде керемет нәтиже!

Бұл қуатты шөптік қоспа ағзадан уыттарды шығарып, буынның қабынуын басады және асқорыту жүйесін жақсартады. Әрбір шыныаяқта табиғи детокс!

Ингредиенттер (әрқайсысы 100 г):

✔️ Түймедақ (ромашка) – тыныштандырады, тазартады

✔️ Шайқурай (зверобой) – қан тамырларын нығайтады

✔️ Салаубас (бессмертник) – бауырды қалпына келтіреді

✔️ Қайың бүршігі – тұзды шығарады

Дайындау тәсілі:

1️ Шөптерді ұнтақтап, жабық ыдыста сақтаңыз.

2️ 1 ас қасық қоспаны 0,5 л қайнаған суға салыңыз.

3️ Қақпақпен жауып, 20 минут тұндырыңыз.

Қабылдау ережесі:

Таңертең және кешке 1 стақаннан, 1 шай қасық балмен ішіңіз.

Курс – қоспа біткенше (шамамен 3 апта).

Әсері:

Қанды және лимфаны тазартады

Ісіну мен буын ауырсынуын басады

Асқорытуды жақсартады

Иммунитетті күшейтеді

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: