Халық емі
17/02/2026, 18:05

Қалқанша бездің саулығы үшін пайдалы өнімдер

✔️ Бал, грек жаңғағы және лимон

Әлсіреген қалқанша безді белсенді жұмыс істеуге ынталандырады.

✔️ Теңіз орамжапырағы

Йодқа және тағы 40-қа жуық дәрумендер мен элементтерге бай. Қалқанша без ауруларынан қорғайды.

✔️ Хурма

Құрамында йодтан бөлек магний, натрий, темір және дәрумендер (A, C, P) бар.

✔️ Пияз

Қалқанша безге ғана емес, бауыр мен жүрекке де пайдалы. Иммунитетті нығайтатын көптеген микроэлементтерге бай.

✔️ Алма

Қалқанша безін қатерлі ісік клеткаларынан қорғайды.

✔️ Краб еті және теңіз өнімдері

В12 дәрумені мен мырыш бар, олар ағзаның иммундық жүйесін белсендіреді.

* * *

ІШЕКТІ ТАЗАРТУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

Лимонды-балды кисель – бұл шипалы сусын ішекті тазартады, қантамырларды нығайтады, иммунитетті көтереді және артық салмақтан арылуға көмектеседі.

✔️ Қажетті өнімдер:

*1 литр су

*1 лимон

*қант (дәміне қарай)

*5 ас қасық картоп крахмалы

*100 г бал

✔️ Дайындау тәсілі:

1. Бір уыс лимон қабығын қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырыңыз.

2. Цедраны алып тастап, қант қосыңыз да, қоспаны қайтадан қайнатыңыз.

3. Крахмалды қосып, қайтадан қайнатыңыз.

4. Оттан алып, 3 шай қасық лимон шырынын және балды қосыңыз.

5. Сәл салқындаған соң ішсеңіз болады.

Нәтижесінде дәмді әрі ағзаға пайдалы балды кисель дайын!

* * *

Буынға арналған халықтық ем

Сарымсақ майы буындардың қызметін жақсартып, ауырсынуды басуға көмектеседі.

300–400 г сарымсақты еттартқыштан өткізіп, литрлік банкке салыңыз.

Үстінен тазартылмаған өсімдік майын құйып, 2 апта қараңғыда ұстап, күнде араластырыңыз.

Дайын майды дәке арқылы сүзіңіз.

Қолдану: ауырған жерге жағып, үстін целлофан мен жылы шарфпен таңып, түнімен қалдыру. Бірнеше күннен соң жеңілдік сезінесіз, қимыл жеңілдеп, ауырсыну азаяды.

📌 Емделу курсы – 2 ай.

* * *

ЖЕТІ ДЕРТКЕ ДАУА – ЖАЛБЫЗ

Жалбыз – жай ғана хош иісті шөп емес, табиғи емші! Оның пайдасы орасан зор:

Жалбыздың пайдасы:

1️ Асқазан-ішек ауруларына:

• Қабынуды басады, ауырсынуды жеңілдетеді, өт айдайды.

• Рецепт: 2 ас қасық кептірілген жалбызға 0,5 литр қайнаған су құйып, тұндырыңыз. Күніне 3 рет 1/3 стақаннан ішіңіз. Қалауыңызша бал немесе қант қосуға болады.

2️ Дене қызуын түсіреді:

• Жалбыз тұнбасы тер шығаруды күшейтіп, тұмау кезінде қызуды түсіреді.

3️ Жүйкені тыныштандырады:

• Жүрек соғысы жиілегенде, көңіл-күй түскенде немесе ұйқы қашқанда – ыстық суға бірнеше тамшы жалбыз майын тамызып, буын жұтыңыз немесе жалбыз қосылған шай ішіңіз.

* * *

ҰЙҚЫНЫ ЖАҚСАРТАТЫН ЖАСТЫҚ

Шөптен жасалған жастық – ұйқы сапасын жақсартудың және ұйқысыздықтан арылудың табиғи тәсілі. Оның хош иісі жүйке жүйесін тыныштандырып, денені босаңсытады.

Қандай шөптер қолданылады?

• Тыныштандыру үшін: жантақ, анис, жебір, раушан, лавр жапырағы, дудник.

• Ұйқысыздыққа қарсы: хмель, жусан, календула, қарағай қылқаны, қалақай.

Қалай дұрыс пайдалану керек?

• Онымен үнемі ұйықтауға болмайды. Курсы – 7-21 күн, жылына 2-3 рет.

• Жастықты көбіне негізгі жастықтың астына, қасына немесе батареяға қойып пайдаланады.

• Күн сайын ұйықтар алдында жастықты сілкіп қойыңыз – шөптің иісі күшейеді.

Күтімі:

• Жарамдылық мерзімі – 1 жылға дейін.

• Үйде жасалған болса, ішіндегі шөпті әр 6 ай сайын ауыстырыңыз.

• Құрғақ жерде сақтаңыз. Тек тысын ғана жууға болады (шикі сабынмен жуған дұрыс).

* * *

Тәнді де, жанды да сауықтыратын өнімдер

Жүзім — мидың жұмысын жақсартады.

Фисташка — холестеринді қалыпқа келтіреді.

Грейпфрут — инсулин деңгейін төмендетеді.

Жасыл шай — майларды ерітеді.

Имбирь — ағзаны тазартады.

Даршын — зат алмасуды жылдамдатады.

Бадам — жүйке жүйесін нығайтады.

Зире — салмақ тастауды жеңілдетеді.

Інжір — ас қорытуды жақсартады.

Таңқурай — иммунитетті көтереді.

Табиғи өнімдермен денсаулығыңызды күтіңіз!

* * *

ДӘРІХАНАЛЫҚ ТҮЙМЕДАҚ: қарапайым дала гүлі – нағыз табиғи емші

Түймедақ – әдемі гүл ғана емес, шипалы қасиеті мол өсімдік. Қазақ даласында да ол әр үйдің шипалық қазынасында болған.

Неліктен түймедақты көп қолданған?

1️ Жүйкені тыныштандырады

• Түймедақ шайы шаршауды басып, мазасыздықты жеңілдетеді. Бір уыс гүл, ыстық су – жарты сағаттан соң жан тыныштығы өзіңде.

2️ Асқазанға пайдасы зор

• Іштің кебуі, түйіліп, түйнеп ауыруы немесе балалардың мазасыздығында – ең алдымен түймедақ қайнатпасы берілген.

3️ Жараның емшісі

• Түймедақ тұнбасымен жараны, күйікті жуып, безеуді емдеген.

4️ Моншаның серігі

• Түймедақ қосылған сыпырғымен ыстық буға түсу – теріні тазартып, суықты термен бірге шығаратын әдіс болған.

* * *

АНГИНАҒА ҚАРСЫ АМАЛ

Рецепт:

0,5 стақан ұнтақталған қара зире (тмин) дәнін 1 стақан суға салып, 15 минут қайнатыңыз. Нәтижесінде қою, кофенің қойыртпағына ұқсас масса шығады.

Содан кейін оны сүзгіден өткізіп, 1/4 стақан су қосып, қайтадан қайнатып алыңыз. Дәрі дайын!

Әр 30 минут сайын 1 ас қасықтан ішіңіз.

Бар болғаны 2 сағат ішінде тамақтағы ауырсыну басылады, жұтыну жеңілдейді. 4 сағаттан кейін емдеуді тоқтатуға болады. Қатты жағдайда ұзақ уақыт ішуге рұқсат.

Бұл әдіс жиі суық тиетіндерге, тонзиллит, фарингит, трахеитпен ауыратындарға да ұсынылады.

* * *

Бал қосылған шашқа арналған табиғи шампунь

Бұл табиғи шампунь түймедақ пен балдың күші арқылы шашты нығайтып, оларды жылтыр әрі сау етеді. Үй жағдайында оңай дайындалады!

Қажетті ингредиенттер:

• 4 ас қасық кепкен түймедақ гүлі

• 1 стакан қайнаған су

• 1 ас қасық бал

Дайындау тәсілі:

1️ Түймедақты қайнаған сумен құйып, термосқа немесе кастрюльге салыңыз.

2️ 1–1,5 сағат тұндырыңыз (кастрюльді сүлгімен ораңыз).

3️ Дайын тұнбаны сүзгіден өткізіп, бал қосыңыз да жақсылап араластырыңыз.

Қолдану жолы:

• Шашыңызды дайын қоспамен молынан сулаңыз.

• 30 минутқа қалдырыңыз.

• Кейін жылы сумен, кәдімгі шампунь қоспай-ақ шайыңыз.

Қаншалықты жиі қолдану керек?

• Құрғақ шашқа – аптасына 1 рет.

• Майлы шашқа – аптасына 2 рет.

• Алдымен шашыңызды кәдімгі шампуньмен жуыңыз, содан кейін бал қосылған қоспаны қолданыңыз.

* * *

Қай картоп пайдалырақ?

Картоптың қабығының түсі – тек сортына байланысты, ал ішкі түсі оның пайдасын білдіреді.

Сонымен қай картопты таңдаған дұрыс?

Ақ түсті картоп:

• Крахмалға ең бай.

• Пюре мен пеште пісіруге жақсы.

Сары түсті картоп:

• Каротин (А дәрумені) көп.

• Көру қабілеті мен теріге пайдалы.

Қызғылт түсті картоп:

• Антоцианға бай (күшті антиоксиданттар).

• Иммунитетті нығайтып, жасушаларды зақымданудан қорғайды.

Кеңес:

• Картопты тағамға қарай таңдаңыз.

• Ең пайдалысы – қайнатып немесе пеште пісіріп жеу.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: