Халық емі
10/02/2026, 09:18

Ұйқы безіне арналған рецепт:

Бір рет қолданғаннан кейін-ақ жеңілдік сезінесіз.

Жарты стақан қайнаған суға 1 ас қасық зығыр дәнін салып, отқа қойыңыз. Қақпақпен жауып, баяу отта шамамен 5 минут қайнатыңыз.

Кейін оттан алып, тұндырыңыз. Салқындағаннан кейін тамақтан жарты сағат бұрын ішіңіз. Дайын тұнба жеңіл кисельге ұқсайды. Дәннің қабығы да қоса ішіледі.

Егер ұйқы безінің ауыруы ұстамалы болса, мұндай тұнбаны күніне 2–3 рет ішіңіз.

* * *

Іш қатуға қарсы ең тиімді тәсіл

Ағзаны токсиндер мен шлактардан тазарту денсаулық үшін қажет. Бұл тек артық салмақтан арылуға ғана емес, бүкіл ағзаның жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Қажет болады:

Сүйексіз қара өрік – 150 г

Мейіз – 150 г

Қайнаған су – 5 кесе

Дайындалуы:

5 кесе суды қайнатып, оған қара өрік пен мейізді салыңыз, 15 минут қайнатыңыз. Сосын оттан алып, тұндырыңыз.

Қолданылуы:

Әр таң сайын ашқарынға осы тұнбадан 1 ас қасық ішіңіз – ішегіңіз жақсы жұмыс істейді. Күн сайын өзіңізді жеңіл сезініп, артық салмақтан оңай құтыласыз.

* * *

«Кастор майының» пайдасы

✔️ «Кастор майының» көмегімен папиллома мен сүйелден арылуға болады. Күн сайын ұйықтар алдында майды жақсылап сіңгенше ысқылап жағыңыз. Курсты толық кеткенше жалғастырыңыз.

✔️ Жас ұлғайған сайын бет пен қолда пигментті дақтар пайда болады. Бұл кезде де «кастор майы» көмекке келеді. Күн сайын дақтарға жағып жүрсеңіз, біртіндеп жоғалады. Тек жазда қолданбаған дұрыс.

✔️ Құрғақ сүйел мен аяқтағы қатты терілерге де жақсы әсер етеді. Аптасына 2 рет, ұйықтар алдында, аяққа жағып, үстіне мақта шұлық киіңіз. Уақыт өте келе тері жұмсарып, сүйелдер жоғалады.

* * *

Тіс ауырғанда не істеу керек?

Кейде стоматологқа бірден бару мүмкін болмайды, бірақ ауырсынуды да шыдап күту қиын. Осындай жағдайда мына кеңесті қолданып көріңіз.

1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосып, тісіңізді сол ерітіндімен шайыңыз. Қаласаңыз, 1 тамшы йод тамызуға болады.

✔️ Бұл әдіс қабынуды басып, тітіркенуді жеңілдетеді.

✔️ Сондай-ақ тұзды сумен шайған да пайдалы. Тұз – табиғи дезинфектор, қабынуды бәсеңдетіп, ауырсынуды уақытша тоқтатады.

* * *

ХАЛУА

Оның әйелдерге пайдасы көп

Халуа — тек тәтті ғана емес, денсаулыққа да пайдалы ас.

✔️ Әртүрлі түрлері бар: күнбағыс, күнжіт, бадам, жаңғақ халуасы. Қосымша ретінде бал, мейіз, құрма, кокос үгіндісі мен цукаттар қосылады.

✔️ Күш-қуатты арттырады – Шығыста халуаны күшті қалпына келтіретін тағам ретінде бағалаған. Бас ауруы, әлсіз иммунитет және тұмаудың алғашқы белгілерінде жеген.

✔️ Жүкті әйелдерге пайдалы – құрамындағы фолий қышқылы сәбидің дұрыс дамуына ықпал етеді.

️ Жас аналарға пайдалы – халуа сүтті дәрумендерге бай етіп, нәрлі етеді. Бұл сәби үшін өте маңызды.

Халуа – денсаулыққа пайдасы мол, тәтті әрі қуатты ас!

* * *

ШАБДАЛЫ –  ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗІ!

Шабдалы – жай ғана тәтті жеміс емес, бүкіл ағзаға қуат беретін табиғи көмекші!

3 негізгі пайдасы:

Бүйрек дәрігері – құм мен майда тастарды жұмсақ шығарады

Ас қорыту реттеушісі – асқазан қышқылдығын қалыпқа келтіреді, кебуді жояды

Табиғи "ботокс" – теріні жасартып, ультракүлгін сәуледен қорғайды

Қалай дұрыс қолдану керек?

▪️ Ең қолайлы уақыт – тамақтан кейін 2 сағаттан соң (аш қарынға емес)

▪️ Қауіпсіз мөлшері – күніне 2–3 дана

▪️ Ең пайдалысы – маусымдық жаңа піскен, қабығымен бірге жеген дұрыс

Маңызды ескертулер:

• Артық жеу – ашыту мен ішек дискомфортын тудырады

• Гастрит өршіген кезде – тұтынуды шектеу қажет

• Шабдалы дәнін жеуге болмайды – құрамында зиянды синиль қышқылы бар

Қызықты дерек:

Шабдалы еті теріні ылғалдандыруда қымбат кремдерден 3 есе тиімді!

Маска жасап көріңіз:

▫️ 1 шабдалы пюресі + 1 шай қасық зәйтүн майы

▫️ 15 минутқа жағып қойыңыз → теріңіз барқыттай жұмсақ болады!

* * *

Неге сүт басқа өнімдермен үйлеспейді?

Жас ұлғайған сайын ағзада лактаза ферменті азайып, сүт қантын қорыту қиындайды.

Сол себепті сүт ішкен соң іш кебу, жүрек айну байқалуы мүмкін.

Ең қиын жағдай – сүтті етпен немесе бұршақпен бірге ішкенде: екі түрлі ақуыз асқорыту жүйесіне ауырлық түсіреді.

Ересектерге сүттен гөрі қышқыл сүт өнімдерін (айран, қатық, йогурт) қолданған пайдалырақ. Онда лактозаны сүтқышқылды бактериялар ыдыратып, асқорытуды жеңілдетеді.

* * *

Таблетканың орнына – банан

✔️ Қан қысымы

Көптеген гипертониямен ауыратын адамдардың ағзасында калий жетіспейді, ал тұз артық мөлшерде жиналады. Калий тұзды байланыстырып, оны ағзадан шығарады. Сондықтан калийге бай банан жеп, қысымды төмендетіңіз.

✔️ Стрессті азайту

Банан – нағыз «антистресс» жеміс. Оның құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер зат алмасуды реттеп, ағзадағы стресс деңгейін төмендетеді.

* * *

Аскөк тұқымының шипасы!

Жоғары қысым қалпына келеді, іш қату, асқазан мен қуықтағы ауырсыну жоғалады, зәр мен нәжісті ұстай алмау тоқтайды, егер шай құйылатын ыдысқа ас қасығымен толтыра аскөк тұқымын салып, үстіне 0,5 литр қайнаған су құйсаңыз.

Шәйнекті салфеткамен жауып немесе сүлгіге орап, 40 минут тұндырып қойыңыз.

Дайын тұнбаны күніне кемінде 7 рет, жақсысы 10 реттен, әр жолы 3 жұтымнан ішу керек. Міндетті түрде тамақ үстінде ішу қажет. Аш қарынға немесе тым тоя жеген соң ішпеңіз.

Емделу курсы – 1 апта. Кейін профилактика үшін айына 2-3 күн ішуге болады.

Сонымен қатар, аскөк тұқымының тұнбасы жөтелге, бронхитке, тамақ ауруларына жақсы көмектеседі, әрі ұйқысыздықтан құтқарады.

* * *

ҰМЫТШАҚСЫЗ БА?

Мына қарапайым да тиімді рецепт аз күнде көп көмек болады

Күтпеген жерден есте сақтау қабілетіңіз жақсарып кеткенін байқайсыз!

✔️ Құрамы:

*1 бас пияз

*1 бас сарымсақ

*4 ас қасық бал

✔️ Дайындау тәсілі:

Пияз бен сарымсақты ұсақтап турап, балға қосыңыз. Қоспаны 10–12 сағат тұндырып қойыңыз.

✔️ Қолдану жолы:

Күніне 3 рет, тамақтан кейін 1 шай қасықтан ішіңіз.

Курс ұзақтығы:

*қысқа – 7 күн

*орташа – 14 күн

*ұзақ – 21 күн

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: