| 03/02/2026, 08:56 | |
СІРКЕ СУЫ Оның тұрмыста көмегі көп Сірке суы әр асүйде бар. Бірақ оның пайдасы тек ас дайындаумен шектелмейді. ✔️ Киімдегі тер дағын кетіреді Киімді жуар алдында тер дағын 10 минутқа ақ асханалық сірке суына малып қойыңыз, дақ оңай кетеді. ✔️ Ангинаны емдейді 1 ас қасық алма сірке суын 1 стакан жылы суға араластырып, тамақты шаюға қолданыңыз. ✔️ Шашты жұмсартады Шашыңызды жуған соң, 1/2 ас қасық алма сірке суын 1 стакан суға қосып, шашты шайыңыз. Ол шашты жылтыр әрі жұмсақ етеді. ✔️ Бұлшықет ауырсынуын басады Қатты жаттығудан кейін бұлшықетте жиналған сүт қышқылын еріту үшін 20 минуттық сірке суымен жасалған компресс қолданыңыз (1 стакан суға 2–3 ас қасық сірке суы). Сірке суы – тұрмыста да, денсаулықта да сенімді көмекші! * * * ВАРИКОЗҒА ҚАРСЫ – картоп ЕМІ Әрбір екінші әйел целлюлиттен зардап шегеді. Әйелдер арасында тағы бір кең таралған мәселе – варикоз дерті. Ауырсынуды жеңілдететін әрі қолжетімді бір өнім бар – ол картоп. ✔️ Салқын орау әдісі шикі картоп тағамдық пленка Ұсақталған шикі картопты аяқтарыңызға жағып, тағамдық пленкамен ораңыз. Компрессті жарты сағат ұстаған соң, картопты салқын сумен жуыңыз. ✔️ Картоп крахмалының маскасы Тамырларды тамаша сергітеді! Әсіресе тамыр маңында ісіну болса, бірден жеңілдік сезесіз. Табиғи әдістер – әдемі әрі жеңіл аяқтар үшін! * * * Бал, апельсин және лимон арқылы тамырларды тазарту Бұл қоспа тамырларды тазартады, иммунитетті күшейтеді, зат алмасуды жылдамдатады және жүйке жүйесіне оң әсер етеді. 📌 Қажетті өнімдер: 2 апельсин 2 лимон 2 ас қасық табиғи бал 📌 Дайындалуы: 1. Апельсин мен лимонды жуып, дәндерін алып тастаңыз. 2. Еттартқыштан өткізіп, шыны ыдысқа салыңыз. 3. Бал қосып, жақсылап араластырыңыз. 4. 1 тәулікке тоңазытқышқа қойыңыз. ✔️ Қолдану тәсілі: Тамақтан бұрын 2 шай қасықтан, күніне 1 ай бойы қабылдаңыз. Табиғи дәрумендер – мықты денсаулықтың кепілі! * * * Алоэ — көзге шипа! Көру қабілетіңіз нашарлап жүр ме? Көзге арналған дәруменге толы керемет қоспаның рецептісін ұсынамыз! ✅ Катарактаға қарсы ✅ Көз ауырсынуын жеңілдетеді ✅ Қабақ қабынуын басады Құрамы: 100 г алоэ шырыны 500 г ұнтақталған грек жаңғағы 300 г бал 3–4 лимон Дайындалуы: 1. Лимонның шырынын сығып алу керек. 2. Барлығын блендерде біркелкі масса болғанша ұнтақтайды. Қолдану тәсілі: Күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 1 ас қасықтан қабылдау керек. Емді 3 ай бойы жалғастырған жөн. Бар-жоғы 30 күнде көрудің жақсарғанын байқайсыз! Қоспаны тоңазытқышта 10 күнге дейін сақтауға болады. * * * Псориазды халықтық емдеу тәсілдері Дәріханаға жүгінбей-ақ, табиғи жолмен теріні қалпына келтіретін әдістерді ұсынамыз. 1-рецепт Эмаль ыдысқа 200 г сары май мен 10 г ұнтақталған прополис салып, қайнатып, 10–15 минут отта ұстаңыз. Дайын қоспаны сүзіп алып, псориаз бөртпелеріне күніне бірнеше рет жағу керек. 2-рецепт 20 г мыңжапырақ гүлін, 20 г жусан (чистотел) шөбі мен тамырын, 20 г прополис пен 10 г календула гүлін ұнтақтап араластырыңыз. Аздап өсімдік майын қосып, дайын майды терінің зақымданған бөлігіне күніне бірнеше рет жағу керек. 3-рецепт 2 тауық жұмыртқасын 1 ас қасық өсімдік майымен араластырып, үстіне 40 г сірке қышқылын қосу керек. Бұл май қабынуды басып, терінің қабыршақтануын азайтып, қызаруын кетіреді. Үзбей қолдансаңыз, нәтижесі көп ұзамай байқалады. * * * Рак пен ісіктен қорықпа! Қуатты халықтық рецепт! Бұл қарапайым қоспа бар болғаны 4 ингредиенттен жасалады Құрамы: ✅ 1/4 шай қасық куркума ұнтағы ✅ 1/2 шай қасық зәйтүн майы ✅ бір шымшым қара бұрыш ✅ 1/2 шай қасық имбирь Дайындалуы: Барлығын араластырып, дайын қоспаны сорпаға, салатқа немесе кез келген асқа қосып жей беріңіз. * * * Прополис – ең қуатты антибиотик!
Фарингит пен тонзиллит кезінде барлығына дерлік қолдануға ұсынылады. Тамақты прополис тұнбасын 1:10 қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырып, шайқаңыз. Дәл осындай концентрацияны стоматологиялық ауруларда ауыз қуысын шаю үшін қолдану керек. Синусит пен гайморит кезінде мұрынды көрсетілген қатынастағы тұнбамен тамшылатып, жуу керек. Отитте препаратқа малынған мақта тампонын құлаққа қою керек. Егер процедура балаға жасалса, тұнбаны жылы қайнаған сумен 1:1 қатынасында араластыру қажет. Прополис тұнбасымен ингаляция (1 тамшы тұнбаға 5 мл физиологиялық ерітінді есебімен) тыныс жолы ауруларында қолданылады. Дайын сұйықтық ингаляторға құйылады. * * * ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ҚЫТАЙ ШАЙЫ Жаңғақ, көк пияз, имбирь және шайдың үйлесімі сізді тез аяққа тұрғызады. Ғажайып шай үшін қажет: ✅ Грек жаңғағы – 2 дана ✅ Жасыл пияз – 13 сабақ ✅ Имбирь – 5 шай қасық (25 г) ✅ Көк шай – 3 шай қасық (15 г) ✅ Қайнаған су – 400 мл Дайындалуы: ✅ Жаңғақ, пияз және имбирьді біртекті масса болғанша ұнтақтаңыз. ✅ Дайын массаға шай қосып, бәрін керамикалық шәйнекке салыңыз. ✅ Үстіне ыстық су құйып, тұндырыңыз. 7-8 минуттан кейін ұсақ сүзгі арқылы сүзіп алыңыз. Дайындалған шайды бірден түгел ішу керек, бөліп сақтауға болмайды. Содан соң жылы көрпеге оранып жату керек. * * * Тамақ жыбырлауы мен жөтелге қарсы құрал ✅ Рецепт: Аршылған бананды ұнтақтау; Біркелкі ботқа болғанша езу; 2–3 шай қасық какао қосу; Қоспаны бір кесе ыстық сүтпен араластырып, жақсылап араластыру. Қалауыңызша қант қосуға болады, бірақ одан да пайдалысы – бал (егер аллергия болмаса). Кешке ішсеңіз, таңертең тамақ жыбырлауы жоғалады! Екі рет қабылдағаннан кейін жөтел де басылады. * * * БУЫН АУЫРА МА? Жусан көмектеседі! Жусан майын дайындаймыз. ✅ Рецепт: 1 литрлік банкаға дәріханадан алынған ұнтақталған жусанның бір қорабын салыңыз; Үстіне кез келген өсімдік майын құйыңыз; Күн көзіне қойып, 40 күн тұндырыңыз, ара-тұра шайқап тұрыңыз. Бар болғаны 2–3 рет тізеге, белге, қолға компресс жасасаңыз – ауырсыну басылады. Сондай-ақ аллергиялық бөртпелерде зақымданған жерге жағуға көмектеседі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
