| 27/01/2026, 10:09 | |
Түнде бал жеудің негізгі себептері ✔️ Ұйқыны жақсартады Балды табиғи тыныштандырғыш деп атайды. Ол мелатониннің бөлінуіне ықпал етеді. Ұйықтар алдында 1 шай қасық бал — жақсы демалыстың кепілі. Әсіресе түймедақ шайымен ішсе, әсері күшейеді. ✔️ Майды ерітеді Түнде май жағу үдерісі белсендірек жүреді. Балдың май еріткіш қасиеті — зат алмасуды жылдамдатуға негізделген. ✔️ Иммунитетті нығайтады Сарымсақты тазалап, ұсақтап турап, балмен араластырыңыз. Осы қоспадан 1 шай қасықты ұйықтар алдында қабылдасаңыз — иммундық жүйені белсенді түрде күшейтеді. * * * Сүт пен дәмдеуіштердің пайдасы! Сүт – жай ғана сусын емес, бұл – нағыз денсаулық эликсирі! Ал оған дәмдеуіштер қоссаңыз, әсері бірнеше есе артады. Қай қоспаны таңдауыңызға қарай сүт түрлі пайда береді. ✅ Кардамон қосылған сүт: Ми қызметін жақсартады Күйзеліс пен шаршауды жояды Күш-қуат пен сергектік сыйлайды! ✅ Шафран қосылған сүт: Жүйке жүйесін тұрақтандырады Тыныс жолдары мен қан тамырларының жұмысын жақсартады Көз астындағы ісікті кетіреді және жастықты ұзартады Бұл – нағыз сұлулық сусыны! ✅ Куркума қосылған сүт: Бауырға пайдалы Әжімдермен күреседі Тек бір шымшым куркума қосыңыз – теріңіз сізге алғыс айтады! ✅ Зімбір қосылған сүт: Ағзаны тазартады Иммунитетті нығайтады Суық мезгіл үшін мінсіз сусын! * * * Қара өрік – денсаулыққа арналған табиғаттың сыйы Неліктен қара өрік пайдалы? Кептірілген өрік – бұл жай ғана тәтті тіскебасар емес, нағыз суперөнім! Ол ағзаның жұмысын реттеп, қуат береді. Қара өріктің басты артықшылықтары: ✅ Асқорыту жүйесіне: Қара өріктен дайындалған тұнба іш қатудан жұмсақ түрде арылтып, ас қорытуды жақсартады. ✅ Жүрек пен қан тамырларына: Қан қысымын төмендетуге көмектесіп, жүрек саулығын қолдайды. ✅ Бүйрек пен буындарға: Бүйрек аурулары мен ревматизм кезінде пайдалы. Қара өрікті күнделікті рационыңызға қосыңыз – нәтижесін өзіңіз байқайсыз! * * * ТАҢҒЫ АС ІШПЕУДІҢ ЗИЯНЫ Таңғы ас ішпеу – өт тастары ауруының дамуына әкелетін себептердің бірі. Қане, неге бұлай болатынын және мұндай мәселеден қалай сақтануға болатынын қарастырайық. Өт қалай жұмыс істейді? Біздің ағзамыз тәулігіне шамамен бір литр өт бөледі. Бұл процесс тіпті түнде ұйықтап жатқанда да тоқтамайды. Өт таңғы ас кезінде бөлінеді – тамақтанғаннан кейін 5–12 минут ішінде. Таңғы асты жіберіп алсақ не болады? Таңертеңгі аштық өттің жиналып қалуына әкеледі. Бұл өт қабында және бауырдағы өт жолдарында тас түзілуіне себеп болуы мүмкін. Неге таңғы ас соншалықты маңызды? Таңғы ас ас қорыту жүйесін іске қосады және ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Бұл тек өт тастары ауруының алдын алу ғана емес, сонымен қатар бүкіл күнге күш-қуат береді. Кеңес: Таңертең тәбетің болмаса да, жеңіл ас ішіп көруге тырыс: ботқа, йогурт немесе жеміс-жидек пайдалы. * * * АҒЗАНЫ ТОКСИНДЕР мен ШЛАКТАРДАН ТАЗАРТУ Бұл қарапайым әрі табиғи рецепт ағзаны токсиндерден тазартып, жалпы хал-жағдайды жақсартады. Құрамы: 1 жаңа лайм 4–5 түйір сарымсақ 100 г бал 300 мл қайнатылған су Дайындау әдісі: 1️⃣ Лаймды ыстық суға салып ал да, екіге бөліп кес. 2️⃣ Сарымсақты ұсақтап, балмен араластыр. 3️⃣ Қоспаны шыны банканың түбіне сал. 4️⃣ Үстіне лаймның бір жартысын қойып, екіншісінен шырынын сығып құй. 5️⃣ Барлығын 300 мл қайнатылған сумен толтыр. 6️⃣ Банканы қақпақпен жауып, бір тәулікке қалдыр. 7️⃣ Дайын тұнбаны сүзіп ал. Қабылдау тәсілі: Кешке ұйықтар алдында 10 мл (шамамен 1 ас қасық). ✅ Пайдасы: Сарымсақ пен лайм ағзаны токсиндер мен шлактардан тазартады. Иммунитетті күшейтеді, жалпы денсаулықты жақсартады. Ағзаны тазартудың табиғи әрі қауіпсіз әдісі. Кеңес: Әсерін сақтау үшін бұл курсты айына 1–2 рет қайталаңыз. * * * Әйелдерге арналған ең пайдалы үш сусын 1. Лимон қосылған жылы су Салмақ тастауға, ағзаны тазартуға көмектеседі. Иммунитетті көтеріп, теріні жақсартады және ас қорыту жүйесін реттейді. 2. Құлпынай жапырағынан дайындалған шай Репродуктивті жүйеге өте пайдалы. Жатырды нығайтып, етеккірді, босануды және климаксты жеңілдетеді. 3. Куркума қосылған сүт Гормондарды реттеп, иммунитетті күшейтеді. Тұмаудан айықтырып, ас қорытуға көмектеседі. Денсаулығыңызға табиғи күтім жасаңыз. * * * Қыжылдан құтылудың табиғи жолдары ✔️ Түймедақ тұнбасы 3 ас қасық түймедақты 1 стакан қайнаған суға салып, 20 минут тұндырыңыз. 100–150 мл ішсеңіз, қыжылды басады, асқазанды тыныштандырады, кебуді азайтады. ✔️ Жалбыз тұнбасы 1 шай қасық жалбызға 200 мл қайнаған су құйып, 15 минут тұндырыңыз. Қышқылды бейтараптап, жүйке жүйесін тыныштандырады, бас ауруын жеңілдетеді. * * * Сергітетін шөпті сусындар ✔️ Цикорий – кофеге пайдалы балама Цикорий сусыны сергітеді, артық қозуды басады, жүрек, бауыр мен ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, ағзаны токсиндерден тазартады. ✔️ Зімбір шайы Жаңа зімбірді ұсақ үккіштен өткізіп, 1 шай қасық қоймалжыңды алып, үстіне қайнаған су құйыңыз. Дәміне қарай бал қосыңыз. Бұл шай сәл ащылау, бірақ денені жылытып, сергітеді және мидың жұмысын жақсартады. ✔️ Розмарин шайы Жақсы тонизатор әрі күш беретін сусын. ✔️ Мелисса (лимонды жалбыз) Шаршауды басатын тамаша құрал. Ал егер мелисса шайына вербена қоссаңыз – депрессиямен күресуге көмектеседі. ✔️ Жалбыз шайы Шаршауды, стрессті басады және ми қызметін белсендіреді. ✔️ Жөке шайы Бас ауруын жеңілдетеді. Табиғи күш – шөптің қуатында! * * * Жүрекке пайдалы шай түрлері ▪️ Долана (боярышник) Жемісі мен жапырағы жүрек бұлшықетін нығайтып, қан айналымын жақсартады, бас айналу белгілерін жеңілдетеді. ▪️ Жүрекшөп (пустырник) Қан қысымын қалыпқа келтіреді, жүректің соғу ырғағын реттейді және жүрек жұмысына серпін береді. ▪️ Итмұрын (шиповник) Ұзақ уақыт қолданғанда қан айналымын жақсартады, себебі құрамындағы пайдалы заттар қылтамырлардың әлсіреген қабырғаларын нығайтады. Табиғи шай – мықты жүректің кілті! * * * Есте сақтауды жақсартатын өнімдер ✔️ Көк шай Құрамында сирек кездесетін L-теанин аминқышқылы бар. Ол қан айналымын күшейтіп, мидың жұмыс қабілетін арттырады және есте сақтау мен ойлау функциясын жақсартады. ✔️ Жұмыртқа В12 дәруменіне және холинге бай. Холин ақуыз синтезіне қатысып, жүйке жүйесі үшін маңызды нейромедиатор рөлін атқарады. ✔️ Жасымық (чечевица) Өсімдік ақуызына, фолий қышқылына, темірге және В тобы дәрумендеріне бай. Олар ми биохимиясын қолдап, есте сақтауды жақсартады және реакция жылдамдығын арттырады. ✔️ Шпинат Лютеин мөлшері ең жоғары көкөністердің бірі. Ол көз ауруларының алдын алады және мидағы қартаюға байланысты өзгерістерді баяулатады. Дұрыс тамақтану – мықты жадының кепілі! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
