| 19/01/2026, 22:45 | |
Көз айналасындағы әжімдерден құтылуға ақжелкен мен қаймақ көмектеседі 2 шай қасық қаймақты 1 шай қасық ұсақтап туралған ақжелкенмен араластырыңыз. Қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, үстінен дымқыл мақта дискілерін қойыңыз. 15 минуттан кейін жуып тастаңыз. 1 шай қасық балды 1 жұмыртқаның сарысымен араластырыңыз. Қоспаны қабақ терісіне жағыңыз. 15 минуттан кейін жуып тастаңыз. Ақ нанның жұмсағын сәл жылы өсімдік майына малып алыңыз. Дайындалған массаны көз айналасындағы теріге жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. * * * Ананас – бауырға пайдалы Ананаста кездесетін химиялық заттар мен жеміс қышқылы бауырды жабысқақ шырыш пен қабаттардан тазартып, болашақта пайда болуы мүмкін өт тасын ауыртпай еріте алады. Егер ананасты бір рет болсын жеп көрген болсаңыз, оның тіл «қуыратын» әсері барын білесіз. Бұл әсер көп адамға ұнамайды, сондықтан сізге ананастың төменгі бөлігін жеуді ұсынамыз – ол ең тәтті бөлігі, әрі жағымсыз әсері мүлде болмайды немесе әлдеқайда жеңіл өтеді. * * * Үй жағдайында мүйізгектен (мозоль) қалай құтылуға болады? Қатты ауырады, қол тигізуге қорқасың, қалай кетіруді білмейміз… Таныс жағдай ма? Уайымдамаңыз — бұл жерде де көмектесе аламыз. ▪️ Аяқты абайлап жуыңыз, мүйізгек жарылып кетпейтіндей етіңіз. Содан кейін дымқыл мүйізгектерге арналған арнайы пластырь жабыстырыңыз. ▪️ Стерильді дәке салфеткаларынан жастықша жасап, мүйізгекке қойыңыз және үстінен кәдімгі пластырьмен бекітіңіз. ▪️ Таңғышты күніне екі рет ауыстырыңыз: таңертең және кешке. * * * Холестерин деңгейін төмендетуге арналған керемет рецепт ▪️ 3 орташа лимонды алып, жақсылап жуып, кептіріңіз ▪️ Оларды еттартқыштан өткізіңіз немесе блендерде ұсақтаңыз ▪️ 3 піскен сарымсақ басты (басын, яғни түгелін) тазалап, ұсақтап қосыңыз ▪️ 1 стакан бал құйыңыз ▪️ Барлығын мұқият араластырып, 100 мл көлемдегі шыны банкаларға құйыңыз. Қақпағын жауып, тоңазытқышта сақтаңыз. Бұл лимон, сарымсақ және бал қоспасын тамақтан кейін 2 сағаттан соң, күніне 3 рет 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Курс ұзақтығы – 2 ай. Жылына 1–2 рет қайталауға болады. * * * Жадыны жақсартуға арналған үздік өнім Брокколи құрамында холин мен К дәрумені мол. Бұл заттар мидың жұмысын және оқиғаларды барлық егжей-тегжейімен есте сақтайтын эпизодтық жадты жақсартады. Сонымен қатар, брокколиде глюкозинолат деп аталатын ерекше зат бар. Ол ацетилхолиннің – жүйке импульстарын жеткізетін нейромедиатордың ыдырауына жол бермейді. Қарапайым тілмен айтқанда, брокколи жүйке жүйесінің жұмысын оңтайландырып, ми қызметіне жағымды әсер етеді. Бұл көкөністі күн сайын тұтынуға болады. * * * ЖӨТЕЛГЕ қарсы ҒАЖАЙЫП СИРОП Солодка (мия тамыры) – жөтелге қарсы жақсы құрал, бірақ бұл сироптың басқа да пайдалы қолдану жолдары бар. Солодка шәрбаты: – 1 ас қасық солодка шәрбатын бір стакан тым ыстық емес суға араластырып, ашқарынға ішіңіз. Бұл кезде лимфа жүйесі сұйыла бастайды. Мысалы, мұрыннан су ағуы мүмкін – бұл қалыпты жағдай. Бір сағат ішінде солодкамен сұйылған барлық токсиндер ішекке жиналады. Ішекте адам ағзасындағы лимфа түйіндерінің ең көп бөлігі орналасқан – ондаған мың! Дәл осы кезде ішекке сорбент – Энтеросгель пастасы түссе, ол барлық лас заттарды жинап, ағзадан шығарып тастайды. – 1 ас қасық энтеросгель пастасын стакан сумен ішіп жіберу қажет. Тек 1,5–2 сағаттан кейін ғана тамақ ішуге болады. Энтеросгель – ең жақсы энтеросорбент, ол ағзадан тек қажетсіз заттарды шығарып, дәрумендер мен минералдарды сақтап қалады. Тазарту курсы 2 аптаға созылады. Нәтижесінде, әдетте 3 ай жүретін лимфа тазарту процесі бар болғаны 2 аптада өтеді! * * * Таңғы асқа жұмыртқа жеудің себептері Жұмыртқа – өте қоректі тағам Бұл өнім құрамында ағзаға қажет көптеген пайдалы заттар бар: дәрумендер, минералдар, сапалы ақуыз бен пайдалы майлар. Жұмыртқа холестерин деңгейіне оң әсер етеді Жұмыртқа холестеринге бай болғанымен (бір жұмыртқада шамамен 212 мг), таңғы асқа жұмыртқа жеу жалпы холестерин профилін жақсартады. Ол "жақсы" холестеринді арттыра алады. Жұмыртқа көзге пайдалы Жұмыртқа құрамындағы лютеин мен зеаксантин — көздің тор қабатында жиналып, зиянды күн сәулесінен қорғап тұратын антиоксиданттар. * * * Ұйқыбезге сұлының пайдасы Сұлы ұйқыбезді емдеуде өте тиімді, өйткені бұл дәндер оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет көптеген пайдалы заттарға бай. Рецепт: 250 г сұлы алып, үстіне 0,5 литр су құйыңыз. 10 сағат тұндырып қойыңыз, кейін сол суда 30 минут қайнатыңыз. Содан кейін отварды жылы әрі қараңғы жерде тағы 6 сағат тұндырыңыз. Уақыт өткен соң дәнді сүзіп алып, тұнбаның көлемі 1 литр болатындай етіп үстінен су қосыңыз. Бұл тұнбаны күніне бірнеше рет, әр тамақтан 30 минут бұрын 7 ас қасықтан ішіңіз. Емдеу курсы — 2 апта. * * * Жүзімді маска Қажет болады: ▪️ Жүзім ▪️ Йогурт немесе айран
Жүзімнің жидектерін езіп, ботқа тәрізді күйге келтіріңіз. Сосын йогурт немесе айран қосып, бетке жағуға ыңғайлы қоспа дайындаңыз. Масканы бетке жағып, 20 минут күтіңіз. Кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска аралас теріге өте қолайлы, бет өңін тегістеп, тесіктерді тарылтады. * * * Тамақ ауырғанда көмектесетін тиімді рецепт 2 шай қасық балға 0,5 шай қасық куркума қосыңыз. Қоспаны біртекті масса болғанша жақсылап араластырыңыз. Қоспаны 35 минуттай тұндырып қойыңыз — бұл уақыт ішінде ингредиенттер өзара әрекетке түсіп, бір-бірінің әсерін толықтырады. 1 шай қасық мөлшерін бір қабылдауға пайдаланыңыз. Қоспаны 15–20 минут бойы өте баяу сорып еріту қажет. Содан кейін 30 минут бойы ештеңе жеп-ішуге болмайды — куркума мен балдың тамақтың шырышты қабатына әсер етуі үшін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
