| 13/01/2026, 08:58 | |
Мысық асыраңыз, денсаулығыңыз жақсарады Мысық асырау – денсаулықты жақсартудың бір жолы. Мына деректерге назар салыңыз: 📍 Инсульт пен инфаркт қаупі 30%-ға төмендейді! Кім ойлаған? Сіздің мияулағыш досыңыз жүрекке таптырмас "дәрі" бола алады. 📍 Депрессия мен жүйке аурулары "шегінеді". Мысық үйдегі күйзелісті басып, мазасыздық пен шаршаудан арылуға көмектеседі. 📍 Мысықтар — нағыз шипагерлер! Олардың 20–120 Гц жиілігіндегі мияулауы жараның тез жазылуына, сүйектердің беки түсуіне, тіпті сүйек сынуын емдеуге ықпал етуі мүмкін. Сенбейсіз бе? Онда мысық асырап көріңіз – нәтижесі сізді таңғалдырады! * * * СҮЙЕК ТАСУЫН ЕМДЕУ ЖОЛЫ Рецепті: ЙОД — 10 мл АСПИРИН (ацетилсалицил қышқылы) — 5 таблетка Аспиринді ұнтақтап, йодқа қосыңыз (ерітінді түссіз болады). Сол ерітіндімен түнде ауырған жерге (қолдағы не аяқтағы сүйек өсінділеріне) жағу керек. Жылы ұстау қажет (қолға — қолғап, аяққа — шұлық киіңіз). Нәтижесі көп күттірмейді. Тағы бір рецепт: Қымыздықты (щавель) қолмен езіп, ботқа тәрізді күйге келтіріңіз. Сол ботқаны қатқан жерге жағып қойыңыз. Қымыздық шырыны сүйек өсінділерін біртіндеп ерітеді. Курс — 1 ай. Тағы бір тәсіл: Қызғылт (синий) пиязды үккіштен өткізіп, бөлінген мақта дискісіне жағып, әр «косточкаға» қойып, лейкопластырьмен бекітіңіз. Үстінен аяққа целлофан пакеттер киіп, түнде сол күйі ұйықтаңыз. Таңертең аяқтарыңызды жуып, құрғатып, 10% йодпен майлаңыз. Курс — 1 ай. * * * ЙОД "СЕТКАСЫ" Йод ерітіндісімен теріге сызылған торлар – ағзаға қосарлы әсер ететін емдік тәсіл. Бұл әдіс түрлі жайсыздықтарды жеңілдетуге көмектеседі. 1. Тыныс алу жолдарының аурулары Мұрын бітелгенде – мұрын қанаттары мен қас арасына сызады. Құрғақ жөтелден арылу үшін – йод торын тамақ пен кеуденің жоғарғы бөлігіне жағу керек. Бұл әрекет өте жеңіл, абайлап орындалуы тиіс. Күн сайын балтыр мен табанға жағылған йод торы тұмау белгілеріне қарсы көмектеседі. 2. Варикоз ауруы Аяқтағы варикозға йод торын түнде, проблемалық аймақтарға жағу ұсынылады. Процедура аптасына екі реттен көп емес жасалады. Емдеу курсы — 60 күн. Йод ісінуді азайтып, аяқтың сыртқы түрін жақсартады. Науқастар шаршау мен ауырсынудың басылғанын байқаған. 3. Соғылған жерлер мен көгерулер Йод торы гематомалардан құтылуға көмектеседі. Бірақ соғылғаннан кейін бірден жағуға болмайды — өйткені жарақаттан кейін ісік пайда болып, йод оның сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан алдымен суық компресс басып, тек бір күн өткен соң йод қолдану керек. Егер көгеру ине салған жерден пайда болса — йод торын бірден жағуға болады. Тәулігіне екі реттен артық қайталамау қажет! 4. Арқа мен буын аурулары Жасы ұлғайған сайын ұзақ жүру немесе тұрып жұмыс істеуден арқа ауырсынуы пайда болады. Мұндай кезде йод торы жақсы көмектеседі. Оны аптасына үш рет арқаның жоғарғы бөлігіне, омыртқа бойына тік сызықтар түсіріп, жүргізеді. Маңызды ережелер: Йод торын тек таза, құрғақ теріге, мақта таяқшасымен, жеңіл қимылмен жағу қажет. Тор ұяшықтары кем дегенде 1 см болуы керек. Йод ерітіндісін шырышты қабаттарға, ашық жараларға және жарықтарға жағуға болмайды. Жүрек пен қалқанша без аймағына жағуға тыйым салынады. Дене қызуы жоғары болса, қолдануға болмайды. * * * Сүзбенің пайдасы қандай❓ ✅ Пайдалы азық: Сүзбе – ағзаға оңай сіңетін, пайдалы заттарға бай мінсіз тағам ✅ Зат алмасуды жақсартады: Артық салмақтан сақтайды және дене салмағын қалыпта ұстауға көмектеседі ✅ Аурулардың алдын алады: Сүзбе туберкулез, атеросклероз, қан аздық, бауыр, ұйқы безі, бүйрек және асқорыту жүйесі ауруларының алдын алуға ықпал етеді ✅ Жоғары сапалы ақуыз көзі: Сүзбедегі сүт ақуызы құнды әрі майсыз еттегі ақуызға қарағанда жақсы сіңеді. ✅ Кальций мен фосфорға бай: Сүйек, тіс, тырнақ пен шашты қатайтып, жүйке жүйесінің саулығын қолдайды. * * * Табиғи «май еріткіш»! Қалампыр жалбыз – артық салмақпен күрестегі сенімді көмекшіңіз! Ол тәбетті басып қана қоймай, аштықты да жеңілдетуге көмектеседі. Тәтті жегіңіз келіп тұр ма? Бір кесе жалбыз шайын ішіп көріңіз! ✅ Жалбыздың арықтауға пайдасы: Тәбетті төмендетеді – аштық сезімін басады. Стресті азайтады – кортизол деңгейін түсіріп, зат алмасуды жылдамдатады. Зат алмасуды жақсартады – әсіресе лимонмен бірге қолданғанда. Қалай пайдалану керек? Жалбыз шайын дайындаңыз: 1-2 шай қасық кептірілген жалбызды бір стақан қайнаған суға салып, тұндырыңыз. Әсерін күшейту үшін бір тілім лимон қосыңыз. Күніне 1-2 рет ішіңіз – әсіресе тәтті немесе жоғары калориялы тағам жегіңіз келгенде. Жалбыз – тек дәмді ғана емес, мүсініңіз үшін де пайдалы! Ішіп көріңіз – нәтиже өзіңізді күттірмейді! * * * Тозаңы #ГАЙМОРИТКЕ ем тікен Гайморитке таптырмас ем. Мұны шошқамұрын дейді. Орысшасы – бурнаки. Шошқамұрынды емге пайдалану үшін бір данасын алып, сыртындағы тікендерінен тазартады. Астында жұқа қауашағы бар. Оның ішіндегі ұрығын да алып тастау керек. Сонда қолда домалақ жұқа «сетка» қалады. Оны аздап мыжысаңыз тозаңы түседі. Осы тозаңды шашып-төгіп алмай, бір қағазға немесе таза матаға жинау керек. Ол өте аз болады. Оны екіге бөліп, кішкене түтікшемен мұрынның қос қуысына кезек-кезек тартады. Тағы бір тәсілі бар: дәкені (бинт) кішкентай етіп кесіп алып, екіге бөлген ұнтақты соған түю керек. Бірін мұрынның бір қуысына салып, арасына аз уақыт сала отырып үш рет терең тыныс алады. Оны тастап, екінші дәкедегіні келесі мұрын қуысына дәл солай қолданады. Көп ұзамай түшкіру басталады. Сосын мұрыннан су кете бастайды. Мұны ешқайда бармайтын кезде – демалыс күні, ертерек жасау ләзім. Себебі гаймор қуысына жиналған сұйықтық кешке дейін ағады. Ал ірің қатып қалған болса, түшкірген сайын біртіндеп жібіп, сұйықтықпен бірге шығады. Осы жерде ескертетін жай – мұрынды сіңбіруге болмайды. Түшкірген кезде, жалқық аққанда да терең тыныс алып, оны кері қайтаруға да болмайды. Тек қана сүртіп отыру керек. Әйтпесе инфекциялы іріңді жібітуге кіріскен тозаң ми қалташасына барып, қатып қалуы мүмкін. Ем кезінде шалқадан немесе бүйірден жатпаңыз. Қай жағдайда да бас тіке тұруы тиіс. Отырғанда да осыны қатаң қадағалаған дұрыс. Ал жатқысы келсе етпеттей жатып, бірақ басты тіке ұстау шарт. Арада 3-4 күн немесе бір апта өткенде рентгенге түсіп, гаймор қуысын тексертіп көріңіз. Сұйық түгел ағып кетпесе, емді тағы бір қайталайды. Сонымен гаймориттен құтылдым дей беріңіз. Екі дана шошқамұрын мен екі емдік процедура 10-15 жылғы гаймориттен де толықтай құтқарады. Бұл ежелден келе жатқан халық емі. * * * Пияз тастарды ұнтақтап, ағзадан шығарады❗️ Білесіз бе, кәдімгі пияз бүйректегі тастармен күресте сенімді көмекші бола алады? Бұл қарапайым халықтық әдіс талай адамға көмектескен Құрамы: 2 кг қабығы аршылған пияз 2 кг қант (шекер) Дайындалуы: 1️⃣ Пиязды майдалап турайды немесе ірі үккіштен өткізіңіз 2️⃣ Қантпен араластырып, баяу отта 2 сағат қайнатыңыз. Үнемі араластырып тұрыңыз – күйіп кетпесін! Кеңес: Егер "сковородка" қолдансаңыз – үдеріс жылдамдайды. Нәтижесінде 2–2,5 литрдей сары түсті қоспа шығады. Оны шыны ыдыс – банкаларға құйып сақтаңыз, тоңазытқышқа қойыңыз. Қалай қабылдау керек: Тамақтан бұрын күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз, артынан су ішіңіз. Толық көлемі 3 аптада тұтынылады. Нәтиже қандай болады? 2–5 күн ішінде зәрде қара түсті құм мен майда тастар пайда болуы мүмкін. Кейде ауырсыну байқалуы мүмкін — бұл қалыпты! Себебі тастар үгітіліп, табиғи жолмен шығып жатыр. * * * Қиярдың таңғажайып қасиеттері Қияр – тек дәмді ғана емес, денсаулыққа да өте пайдалы көкөніс! Оны күнделікті рационыңызға қосуға тұрарлық бірнеше себеп бар: ✅ Витаминдерге бай: Құрамында В1, В2, В3, В5, В6 витаминдері, фолий қышқылы, С дәрумені, кальций, темір, магний, фосфор, калий және мырыш бар. Бар-жоғы бір қияр – ағзаңызға мол пайда! ✅ Ылғал көзі: Қиярдың 95%-ы – су. Күніне 8 стақан су ішу қиын болса, қияр – тамаша балама! ✅ Стресті басады: Тілімделген қиярды қайнап жатқан суға салып қойсаңыз, шыққан иіс бойыңызды босаңсытып, жүйкені тыныштандырады. ✅ Теріні күтеді: Қияр теріні ылғалдандырып, тартылуын жақсартады. Коллаген бөлінуін ынталандырады. Маска ретінде немесе жай ғана қияр тілімдерімен теріні сүртуге болады. ✅ Арықтауға көмектеседі: Калориясы аз әрі қарынды жақсы тойдырады. * * * Ішекте жайсыздық бар ма❓ Мына қарапайым рецептті қолданып көріңіз! Ішек ауыруы дәл ең ыңғайсыз сәтте басталуы мүмкін. Егер қолыңызда дәрі болмаса, мына табиғи әдіс сізге көмектесіп, ауырсынуды басады, іштің жүрісін реттейді және ішек жұмысын жақсартады. Қажеттілер: 1 бас пияз 200 мл ыстық шай Қалай дайындалады: 1️⃣ Пиязды қабығынан тазартыңыз 2️⃣ Төменгі жағына дейін бөлмей, айқастыра тіліңіз (пияз бөлініп кетпеуі керек) 3️⃣ Оны стакандағы ыстық шайға салыңыз 4️⃣ 5–10 минут тұндырып қойыңыз Қалай қолдану керек: Ішекте жайсыздық байқалса, осы тұнбаны ішіңіз Қажет болғанда қайталап қолдануға болады Қалай көмектеседі? Пияз құрамында ішектегі қабынуды басатын фитонцидтер мен эфир майлары бар. Ал шай асқазанды тыныштандырып, пияздың әсерін күшейтеді. * * * Итмұрынмен бауырды тазартудың тексерілген әдісі ✔️ Дайындалуы: Құрғақ итмұрын жидегінен шамамен екі уыс алып, үстіне 0,5 литр ыстық су құясыз. Бұл қоспаны міндетті түрде термосқа құю қажет. 12 сағат тұндырып қоямыз. Кейін тұнбаны стаканға құйып, жақсылап араластырамыз. Таңертең ашқарынға бұл қоспаны бірден ішіп қоямыз. 20 минуттан кейін тағы бір стакан таза итмұрын тұнбасын ішуге тырысамыз. ✔️ Маңызды: Таңғы ас тек процедурадан 1 сағат өткен соң ғана ішілуі тиіс. Емдеу курсы — әр екі күнде бір реттен 6 рет қабылдау. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
