Халық емі
Вчера, 16:42

Суды қашан ішу керек?

08:00 — күніңізді бір стакан жылы су мен лимонмен бастаңыз. Міндетті түрде ашқарынға ішіңіз. Бұл әдіс ағзаны оятады және оны қажетті мөлшерде ылғалмен қамтамасыз етеді.

11:00 — бөлме температурасындағы бір стакан су ішіңіз. Осы уақытта ағза жалған аштық белгілерін бере бастайды. Артық калория орнына судың жетіспеушілігін толықтырған жөн.

13:00 — түскі астан 30 минут бұрын тағы бір стакан су ішіңіз. Тамақ кезінде де су ішуден қорықпаңыз — бұл ас қорытуға көмектеседі.

16:00 — кем дегенде 0,5 литр су ішуге тырысыңыз. Түскі және кешкі ас арасындағы уақытты көбіне зиянды тіскебасарлармен толтырамыз, ал дұрыс шешім — таза Н₂О ішу.

20:00 — ұйқыға дайындалып жатып, соңғы стакан суды ішіңіз. Дәм мен пайда үшін оған аздап бал мен лимон тілігін қосуға болады.

* * *

БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ЕРІТЕДІ

Рецепт: зімбір шайы бүйректегі тасты ерітеді, бауырды тазартады және буын ауруын жеңілдетеді

Құрамы:

Органикалық жаңа зімбір (имбирь);

Табиғи минералды су;

Бал (дәміне қарай);

Лимон (қалауыңызша).

Дайындау тәсілі:

1. Жаңа зімбірдің бір бөлігін үккіштен өткізіп, 1 шай қасықтай үгітілген зімбір алыңыз.

2. 500 мл суды қайнатыңыз.

3. Қайнаған суға үгітілген зімбірді қосып, кемінде 10 минут тұндырыңыз.

4. Дәмі үшін бал және/немесе лимон қосып, рахаттана ішіңіз!

* * *

Қан қысымын түсіретін бес шөп

Аскөк (петрушка). Оның құрамындағы каротиноидтар қан қысымын төмендетеді, ал С дәрумені зиянды холестеринмен күреседі. Бұл әсер жануарларға жасалған тәжірибелерде дәлелденген, ал адамдарға қатысты зерттеулер де үміттендіреді.

Базилик. Базиликтің құрамындағы эвгенол заты қан қысымын түсіруге ықпал етеді. Эвгенол қан тамырларын кеңейтіп, олардың босаңсуына көмектеседі, сондықтан бұл шөпті дәмдеуіш ретінде қолдану пайдалы.

Тимьян (чабрец). Тимьян құрамындағы розмарин қышқылы қандағы қант деңгейін, қабынуды және қан қысымын төмендетеді. Тимьян сығындысы жүрек ауруларына қарсы пайдалы екені белгілі.

Пияз қабығы. Оның құрамында кверцетин атты табиғи пигмент бар, ол қан қысымын табиғи жолмен төмендетеді. Пияз қабығын шайға тұндырып ішсеңіз немесе тағамға қоссаңыз болады.

Кориандр. Кориандр ағзадан токсиндерді шығарып, қабынуды азайтады. Сондай-ақ ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандырып, капиллярларды кеңейтеді.

* * *

Кептірілген алманың керемет пайдасы

Әлемдегі ең танымал жемістердің бірі — алма. Ол құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтердің бай болуына байланысты адам денсаулығына өте пайдалы.

‼️ Химиялық құрамы өте бай болғандықтан, кептірілген алма ағзаға мынадай пайдалы әсер береді:

 

• Зәр айдаушы әсері бар;

• Қан айналымы, жүйке және асқорыту жүйелерінің жұмысына оң әсер етеді;

• Бауыр тіндерін пайдалы микроэлементтермен байытады;

• Ішектің перистальтикасын (жиырылуын) ынталандырады;

• Зат алмасуды жылдамдатады;

• Несеп жолдары мен бауырдың жұмысын қалыпқа келтіреді;

• Іш қатудан арылуға көмектеседі, жуан ішектің қабынуында ұсынылады;

• Бұлшық ет пен жұмсақ тіндерді, теріні қалпына келтіруге жәрдемдеседі;

• Қандағы зиянды холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі;

• Остеопороздың алдын алудың тамаша құралы болып табылады.

* * *

Буындарды тұзды арылтамыз

Барлық зиянды заттар біртіндеп буындарда жиналып, жағымсыз әсер тудырады. Абырой болғанда, бұл процестерді кері қайтаруға болады. Тек мәселені дер кезінде қолға алу керек, сонда асқынулардан сақтануға мүмкіндік бар.

Рецепт: 5 грамм лавр жапырағын алып, 300 мл суға салып, 5 минут қайнатасыз

Содан кейін термосқа құйып, 3–4 сағат тұндырасыз, соңынан сүзіп алыңыз

Бұл тұнбаны 12 сағат ішінде ішіп бітіру керек

📌 Бұл процедураны қатарынан 3 күн жасайды, бір аптадан кейін қайталау қажет.

* * *

Ұзақ өмір сүруге арналған шай

Сізге қажет болады: 100 г түймедақ, 100 г шайқурай (зверобой), 100 г мәңгігүл (бессмертник) және 100 г қайың бүршігі.

Барлығын ұнтақтап, фарфор немесе шыны ыдысқа салыңыз. Кешке 1 ас қасық қоспаны алып, 500 мл қайнаған су құйыңыз. 20 минут тұндырып, сүзіп алыңыз.

Бір стақан ыстық тұнбаға 1 шай қасық бал ерітіңіз.

Кешке осы тұнбаны ішіп, содан кейін тамақ та, су да ішпеңіз.

Таңертең қалған тұнбаны сәл қыздырып, тағы да 1 шай қасық бал қосып ішіңіз. Бұл рәсімді қоспа біткенше күн сайын қайталаңыз.

Бұл шай ағзадағы зат алмасуды жақсартады, склероз, инсульт, инфаркттың алдын алады, бастың шуын жояды, көру қабілетін қалпына келтіреді, ағзаны жасартады.

* * *

Рационыңызға даршын (корица) қосуға 5 негізгі себеп

Құнарлы заттарға бай:

Даршынның құрамында ағзаға қажетті марганец, жасұнық (клетчатка), темір және кальций бар.

Холестерин деңгейін төмендетеді:

Күніне жарты шай қасық даршын холестеринді төмендетуге көмектеседі.

Қандағы қантты реттейді:

Қант деңгейін бақылауға көмектеседі, бұл қант диабетімен ауыратындар үшін өте маңызды.

Артритке жеңілдік береді:

Жарты шай қасық даршын мен 1 ас қасық балды таңертең ашқарынға бір апта бойы қабылдау – буын ауырсынуын жеңілдетеді.

Жадты жақсартады:

Даршын иісі есте сақтау қабілетін және ойлау жүйесін жақсартады.

* * *

Ағзамызға ең пайдалы сусындар топтамасы

Су:

Улы заттарды шығарады, асқазанның жұмысын қолдайды, тамырлар мен буындардың жағдайына оң әсер етеді.

Анар шырыны:

Жүрек пен қан тамырларының жұмысын қалыпқа келтіреді, гипертония мен қан аздық кезінде пайдалы.

Жалбыз шайы:

Асқазан сөлін бөлуді ынталандырады, тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі.

Айран:

Бұл өнім ас қорытуды қалыпқа келтіруде ең тиімді құрал екені ешкімге құпия емес.

Алма шырыны:

Бауыр, бүйрек және қуықтың жұмысына пайдалы әсер етеді.

Мүкжидек морсы:

С құрамының жоғары болуына байланысты иммунитетті күшейтеді, қызуды түсіретін жақсы құрал болып саналады.

Дәке гүлінің (ромашка) шайы:

Антибактериялық әсерге ие, жүйкені тыныштандырады әрі босаңсытады.

* * *

Куркума қосылған шипалы сусын

Құрамы:

Куркума – пышақтың ұшымен

Лайм – 20 г

Бал – 1 шай қасық

Су – 1 стакан

Дайындау тәсілі:

1. Шамамен 1/4 шай қасық куркуманы бір стақан қайнаған суға (немесе жылы сүтке) салып, қақпағын жауып 2–5 минуттай тұндырып қойыңыз.

2. Егер сусынды сумен дайындайтын болсаңыз, оған лайм шырыны мен бал қосып, жақсылап араластырыңыз.

Егер сүтпен дайындайтын болсаңыз, онда цитрусты қоспаңыз.

Бұл сусынның емдік қасиетін күшейту үшін оған аздап кептірілген имбирь тамыры қосуға болады.

* * *

Жадты (есте сақтау қабілетін) үй жағдайында жақсарту

Жастың ұлғаюы, инсульт, бас сүйек-ми жарақаттары, артериялық гипертония және атеросклероз — ойлау қабілетінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін. Мидың қызметін қалпына келтіру үшін адамдар жиі жадты жақсартуға арналған халықтық әдістерді қолданады.

Дайындалу тәсілі:

125 г желкек (хрен) тамырын үккіштен өткізу (шамамен 1/2 стакан)

3 лимонды қабығымен бірге майдалап турап,

3 ас қасық балмен араластыру

Барлығын жақсылап араластырып, тұндырып қойыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

📌 Қолдану тәртібі:

Күніне 2 рет, тамақпен бірге 1 шай қасықтан қабылдаңыз.

Курс ұзақтығы — 2–3 апта.

Бұл құрал зат алмасуды жақсартады, мидың қан тамырларын тазартады, жадты (есте сақтау қабілетін), есту мен көруді күшейтеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: