| 09/12/2025, 09:37 | |
ВАРИКОЗҒА ҚАРСЫ РЕЦЕПТ Варикозға қарсы бұл құрал әр үйде бар, бірақ ешкім оны білмейді Біздердің көбіміз варикоз дегеннің не екенін жақсы білеміз. Бұл "өрмекші торлар" аяқта, қолда, кейде тіпті болмауы тиіс жерлерде де пайда болады. Алайда, варикозға қарсы жеңісті құрал әр үйде бар. Тек оны қалай пайдалану керектігін бәрі біле бермейді. 1-тәсіл Жасыл қызанақты алып, екіге бөліңіз. Қиылған жағын варикоз шыққан жерге қойып, 2–3 минутқа қалдырыңыз. Қызанақ міндетті түрде жасыл болуы керек, өйткені оларда соланин бар. Бұл зат піскен қызанақта болмайды. Соланин — табиғи у. Сондықтан піспеген көкөністер мен жемістерді жеуге кеңес берілмейді. Алайда варикозға қарсы бұл зат таптырмас құрал. Ертеде жасыл, піспеген жемістер емнің негізі болған. Бұл процедураны күніне 1–2 рет, 10 күн бойы жасасаңыз, нәтиже көресіз. Осындай "қызанақ компресінен" кейін міндетті түрде сол жерге крем жағыңыз — қызанақтағы қышқыл теріні қатты құрғатады. 2-тәсіл Мақтаны алма сірке суына малып, ауырған жерге басыңыз. Бұл әдісті күніне 3 рет, 4 апта бойы орындаңыз. Нәтиже өздігінен байқалады. Алма сірке суын дененің жабық жерлеріне қолданған дұрыс — ол теріні қызанақ қышқылынан да қатты құрғатады. Егер варикоз бетте пайда болса, ең дұрысы — жасыл қызанақты қолдану. * * * Бұл жемістер омыртқаны қалпына келтіреді Күн сайын кешке, ұйықтар алдында, 1,5 ай бойы келесі жемістерді жеңіз: құрма (курага) інжір (инжир) қара өрік (чернослив) • 1 дана інжір • 5 дана кептірілген құрма • 1 дана қара өрік Бұл жемістердің құрамында омыртқааралық жұмсақ дискілерді құрайтын тіндерді қалпына келтіретін заттар бар. Сонымен қатар, бұл заттар тіндерді төзімді әрі серпімді етеді. Осы тіндердің күшеюі нәтижесінде омыртқалар өздерінің табиғи орнына өздігінен тұра бастайды. * * * Тиімді ашытқы маскасы Косметикалық күтімді ұнататындар ашытқыны «дәрумендер қоймасы» деп атайды. Біз ас үй косметикасының маманы болмасақ та, ашытқының бет терісіне өте пайдалы екенін жоққа шығара алмаймыз – оның құрамында расында да пайдалы заттар көп. Құрамы: 10 грамм ашытқы айран (немесе қатық) Дайындалуы: 10 грамм ашытқыны айранмен немесе қатықпен араластырып, масканы бетке жағыңыз. 20 минут ұстаған соң, жылы сумен жуып тастаңыз. Әсері: Бұл маска алғашқы қолданудан-ақ теріні терең тазартады. Сонымен қатар, ол проблемалы терінің жағдайын жақсартады, қабынуларды құрғатады, тері тесіктерін тарылтады, қартаю процесін баяулатады, теріні сергітеді, коллагеннің түзілуіне ықпал етеді, әжімдерді тегістейді. * * * Мандарин — қатерлі ісіктердің алдын алуға көмектеседі Мыңдаған жылдар бойы дәстүрлі қытай медицинасында мандариннің эфир майы кеңінен қолданылып келеді. Неліктен? Себебі мандарин майының емдік қасиеттері өте көп. Мандарин эфир майының және лимонин затының адам ісік жасушаларының екі түріне әсері зерттелген. Нәтижесінде, мандарин майы да, лимонин де (цитрус қабығында және кейбір өсімдіктерде болатын қосылыс) бұл жасушалардың өсуін баяулатып, тиімділік көрсеткен. Құрғақ мандарин немесе апельсин қабығын қосып қара шай ішетін адамдарда тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 50–70%-ға төмендейді. * * * Зімбір тұнбасы — көне тибет рецепті Тибеттік зімбір тұнбасын дайындау өте оңай, ал оны емдік мақсатта қолданудың түр-түрі бар: тұмау мен суық тиюден бастап, гепатитке және потенция мәселелеріне дейін. Жалпы алғанда, зімбір — нағыз табиғи емдік "бомба", сондықтан оны үйде сақтау — қажет нәрсе деп есептеймін. Тұнбаны дайындау үшін қажет: 250 г зімбір тамыры. Оны жақсылап жуып, қабығынан тазартып, жұқа тілімдерге кесіңіз. Тілімдерді шағын ыдысқа (мысалы, қаймақ немесе хрен құтысы) салып, үстіне толтыра арақ құйыңыз. Қақпағын жауып, тұнбаны қараңғы әрі құрғақ жерде 2 апта бойы сақтаңыз. Ара-тұра шайқап тұру қажет. 14 күннен кейін сүзгіден өткізіп, оған 2 шай қасық бал қосыңыз. Қолдану тәсілі: Тұнбаны күніне 2 рет, тамақтанар алдында 1 шай қасықтан ішіңіз. Бұл көне тибет рецепті өте тиімді. Қанды тазартып, ағзаның қорғаныс қабілетін арттырады. * * * Тұрақты әлсіздік пен шаршаудың себептері ✔️ Психикалық және психологиялық мәселелер: жүйкеге шамадан тыс күш түсу, созылмалы стресс ✔️ Дәрі-дәрмектер: дұрыс дозаламау, кенеттен тоқтату немесе кейбір дәрілерді дұрыс қолданбау ✔️ Ұйқысыздық ✔️ Авитаминоз: дәрумендер мен минералдар жүйке жүйесінің қызметіне қатысады және ақыл-ой жұмысына жауап береді ✔️ Созылмалы аурулар: жүрек жеткіліксіздігі, онкологиялық, жұқпалы және басқа да аурулар әлсіздік пен шаршаудың кең таралған себептері ✔️ Артық салмақ пен тамақтану бұзылыстары: бұл жағдайда ағза жүрек-қантамыр, сүйек және басқа да жүйелерге артық салмақ түсіреді ✔️ Созылмалы ауру салдарынан болатын ауырсыну: мұндай адамдар түнде жиі оянып, үнемі кернеу күйінде жүреді ✔️ Вирустық инфекциялар және олардан кейінгі оңалту кезеңі ✔️ Физикалық белсенділіктің болмауы * * * Қант деңгейін төмендетуге көмектесетін айран мен қарақұмық ұны Қарақұмық ағзаны зиянды токсиндерден тазартады және қант деңгейін қалыпқа келтіреді, оны күрт емес, біртіндеп көтереді. Ал айран ішектегі микрофлораны жақсартып, артық қантты ыдыратады және зат алмасуды жылдамдатады. Сондықтан бұл өнімдерді қант диабетімен ауыратын адамдарға күнделікті тұтыну ұсынылады. 1 ас қасық қарақұмық жармасын кофетартқышта ұнтақтап, айранның бір стаканына қосып, араластырыңыз да, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын осы қоспаны ішіңіз. Емдеу курсы — 14 күн. * * * Жүрек пен қан тамырларын нығайту ✔️ Күніне бір стакан қызыл жүзім шырыны — инфарктан аспириннен де жақсы қорғайды Жүзім шоғының шырыны жүректі қоректендіретін коронарлық тамырларды тромбтардан тазартып, бітелуіне жол бермейді. Ол тромбоциттердің (қан ұйытатын пластинкалар) белсенділігін 75%-ға төмендетеді, ал бұл көрсеткіш аспирин үшін небәрі 45%. ✔️ Күніне 3 рет жүрек пен тамырларға Е дәруменіне бай өнімдер қажет (көкөністер, ірімшік, сүзбе, бұршақ тұқымдастар, өсімдік майы) ✔️ Аптасына 4 тілім балық — миокард инфарктінен өлу қаупін 44%-ға азайтады ✔️ Күніне 5 дана жаңғақ өмірді 7 жылға ұзартады Жаңғақ құрамындағы заттар жүрек пен тамырларды холестериннің зиянды әсерінен қорғайды. ✔️ Аптасына 7 банан — жүрек соғысын қалыпқа келтіреді Банан жүйке жүйесіне қуат береді, жүрек бұлшықетіндегі ақуыз құрылымдарын сақтауға көмектеседі, калий теңгерімін қалпына келтіреді және жүрек соғуының жиілеуін басады. * * * Қалампырдың емдік қасиеттері Қалампырдың (гвоздика) емдік қасиеттері оның құрамындағы негізгі зат — эвгенолмен байланысты. Дәл осы зат қалампыр майының ерекше хош иісін береді және оның ауырсынуды басатын, тырыспаға қарсы, антисептикалық (микроб жоятын), терлеткіш, зәр айдаушы қасиеттерін қамтамасыз етеді. Қалампыр қандай дерттерден қорғайды? ✔️ Құрттардан (гельминттерден) Тамақтан жарты сағат бұрын күніне 2 рет қалампырдың 2 бүршігін шайнау жеткілікті ✔️ Тамақ пен ауыз қуысы қабынғанда Тамақ ауырса, 1-2 бүршік қалампырды шайнау арқылы ауырсыну кетіп, ауыздағы жағымсыз иіс жоғалады ✔️ Асқорыту жүйесі бұзылғанда Қалампыр зат алмасуды жақсартады, асқорыту процесін қалпына келтіреді, артық салмақтан арылуға көмектеседі, ішектің жұмысын реттейді, іштің кебуін жояды. Ол үшін 1 шай қасық бал мен 2 бүршік қалампырды араластырып, тамақтан 20 минут бұрын шайнау керек ✔️ Төмен қан қысымынан Кептірілген қалампырдың 2 бүршігін шайнау арқылы қысым қалпына келіп, шаршау мен бас айналу басылады * * * "Кір сабынның" 11 құпиясы ✔️ Қалың шаш пен қайызғаққа қарсы Алдымен шашты сусабынмен жуу керек, содан кейін "кір сабынмен" жуыңыз. Соңында бірнеше тамшы сірке суы қосылған сумен шайыңыз. ✔️ Сезімтал теріге арналған Депиляциядан кейін сезімтал теріде тітіркену болмас үшін, қажетті жерге "кір сабынды" жағып қойыңыз. ✔️ Теріні жасарту үшін Аптасына 2 рет "кір сабынмен" жуыныңыз. Жуғаннан кейін міндетті түрде балаларға арналған қарапайым крем жағыңыз. Мұндай күтім керемет нәтиже береді. ✔️ Монша сүйетіндерге Березадан жасалған шомылу шоқпарын "кір сабын" қосылған суға салып, бу бөлмесінде жуыну теріні жақсы тазартады. ✔️ Тұмау мен мұрыннан су ағуға қарсы Сабынды ерітінді жасап, мақталы таяқшаны соған батырып, мұрын қуыстарын сүртіңіз. ✔️ Аяқтағы саңырауқұлаққа қарсы Бұл әдіс аяқтағы саңырауқұлақ инфекцияларына жақсы көмектеседі. Зақымдалған жерді щеткамен "кір сабынмен" жуыңыз, кейін йодпен өңдеңіз. ✔️ Зарарсыздандыру үшін Тіс щеткасын "кір сабын" қосылған ерітіндімен өңдеп, түні бойы қалдырыңыз. Бұл әдіс щетканы залалсыздандырады. ✔️ Ісік пен көгеруге қарсы Ісіну мен көгеруді басу үшін "кір сабынды" суға ерітіп, теріге жағыңыз. Бұл процедураны күніне бірнеше рет қайталаңыз. ✔️ Іріңді жараларға қарсы Іріңнен арылу үшін 1:1 қатынасында үгілген пияз, "кір сабын" және қантты араластырып, түнде жараға жағып, дәкемен таңып қойыңыз. ✔️ Жарылған өкшеге арналған Өкшедегі жарылысқа арналған ванна: 2 литр ыстық суға 1 шай қасық сода және 1 ас қасық үгілген "кір сабын" қосып, аяқ салып ұстаңыз. ✔️ Күнге күйгенде Күнге күйгенде зақымдалған жерге "кір сабын" жағып, құрғағанша қалдырыңыз. Бұл әдіс терінің қызаруынан және күйік көпіршіктерінен қорғайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
