Халық емі
25/11/2025, 09:01

Құлақ массажы — бүкіл дененің саулығының кепілі

📌 Құлақтағы биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету арқылы сергіп, көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Кішкентай кеңестер: массажды екі құлаққа бір уақытта, жақсылап жылытылған қолмен жасаңыз; массажды тыныш жағдайда жүргізген дұрыс.

Құлақ нүктелік массажының техникасы:

1. Құлақ массажын кемінде 1 минут жасаңыз. Белсенді нүктеге 5 секундтай басып тұрыңыз. Бұл қимылды тағы 7 рет қайталаңыз.

2. Егер көзіңіз ауырса немесе шаршаса — құлақ сырғалығының ортасындағы нүктеге басыңыз.

3. Бауыр, бүйрек және жүрекке көмектесу үшін — құлақ қалқанының ортасындағы шұңқырлау бөлігін сұқ және ортаңғы саусақтарыңызбен уқалаңыз.

* * *

Салмақ түсіретін шай

Рецепт:

1,5 л қайнаған су

2 ас қасық ірі туралған жаңа имбирь

1 десерт қасық жапырақты жасыл шай

2 ас қасық жаңа сығылған лимон шырыны

1 десерт қасық табиғи бал

Қалауыңызша жалбыз – ол имбирьдің ащылығын жұмсартады

Дайындалуы:

1. Имбирьді ірі етіп тураңыз

2. Барлық ингредиенттерді термосқа салып, үстінен қайнаған су құйыңыз

3. Термостың қақпағын мықтап жауып, жақсылап араластырыңыз

4. 30 минуттай тұндырып қойыңыз – сосын іше беруге болады

Күні бойы 1,5 литр шай ішкен пайдалы. Кейде бұл шайды таңғы кофенің орнына қолдануға да болады.

Ұйықтар алдында ішпеңіз — имбирь сергітеді, ал жасыл шай зәр айдайды.

Нәтижесінде артық килограммдар кетеді, дәрумен жетіспеушілігі азаяды, иммунитет күшейеді, ал көңіл-күйіңіз күні бойы керемет болады!

* * *

Лимонның пайдалы қасиеттері. Буындарды емдейміз

Көпшілік лимонның құрамында С дәрумені өте көп екенін біледі. Бұл дәрумен иммунитетті күшейтеді, ағзаны вирус пен бактериялардан қорғайды, жараның тез жазылуына ықпал етеді, қартаю процесін баяулатады және ағзаны токсиндерден тазартады.

Бұдан бөлек, лимонның тағы бір қасиеті — тіндерге терең еніп, бұзылуларды жоюға қабілеттілігі. Ал Вишневский майы қыздырып, зиянды заттарды сыртқа тартады. Сондықтан буын ауруларына қарсы келесі тәсіл өте тиімді.

Рецепт:

1. Лимонның бір тілімін кесіп алып, ауырған буынға түнге қойып, байлап тастаңыз.

2. Екінші түні дәл солай лимонмен компресс жасаңыз,

3. Ал үшінші түні Вишневский майымен компресс жасаңыз.

Сонда сіздің буындарыңыз сізге алғыс айтады!

* * *

Әйел денсаулығына арналған пайдалы пасталар, майлар және тағы басқалар

1. Шаш өсуі үшін — "репейный" ( немесе түймедақ) және кастор майы

2. Дене массажы мен тырнақ күтімі үшін — өрік майы

3. Шашты өсіруге арналған маскалар — ащы бұрыш тұнбасы

4. Созылу белгілеріне қарсы — мумие (таблетканы дене креміне немесе суға ерітіп, созылған жерге жағу)

5. Шаштың ұзақ таза жүруі үшін — кондиционерге бірнеше тамшы лаванда эфир майын қосу

6. Тырнақ пен дене үшін — теңіз тұзы қосылған ванна

7. Лаванда эфир майы — тағы да кондиционерге қосу үшін (шаш күтімі)

8. Құрғақ теріге арналған қорек — бидай ұрығы майы

9. Көз айналасы мен ұсақ әжімдерге қарсы — жожоба майы

10. Безеу мен қара нүктелерді құрғату үшін — салицил-мырыш пастасы

11. Құрғақ ерін мен қабаққа арналған күтім — Е және А дәрумендері капсула түрінде

12. Көз астындағы ісік пен сөмкелерге қарсы — Блефарогель 1 (гиалурон қышқылы бар)

* * *

Психологиялық тыныштық деңгейін анықтаймыз

Жапондық психиатр Акиёши Китаока адамның психологиялық тыныштығын анықтауға көмектесетін ерекше иллюзия ойлап тапқан. Ол былай дейді: егер адам сабырлы, теңгерімді және демалған болса — иллюзия оған қозғалмай тұрғандай көрінеді.

Қазір осы иллюзияға қараңыз…

Егер сурет қатты қозғалып тұрғандай көрінсе — бұл сізге демалу қажет екенін білдіреді.

Ал егер иллюзия өте жылдам айналып немесе қозғалып тұрса — сізге шұғыл түрде 8 сағаттық толыққанды ұйқы қажет.

Өзіңізді тексеріп көріңіз — егер қажет болса, демалысты кейінге қалдырмаңыз.

* * *

Қандай тағамдар тромбтардың пайда болу қаупін азайтады?

Куркума  – күніне 7 грамм қолданған жағдайда тромбоциттердің бірігу ықтималдығы 20-25%-ға төмендейді.

Киви – бір ай бойы күніне екі киви жесеңіз, тромбоз қаупі 30%-ға азаяды.

Миндаль жаңғағы – құрамында Е дәрумені мол, ол да тромбоциттердің жабысуын азайтады. Күніне 55 грамм миндаль жесеңіз, Е дәруменінің тәуліктік мөлшерін толтырасыз.

* * *

Жөтелді тез әрі дәмді түрде қалай емдеуге болады?

📌 Ыстық сүт

2 тәсіл: сүтті сілтілі минералды сумен (мысалы, «Боржоми») тең мөлшерде араластырып ішу немесе 1 шай қасық бал қосып, 1 стақан сүтпен ішу.

📌 Інжір

Інжірді жақсылап жуып, жылы сүтке салып қайнатыңыз — 1 орташа інжірге 1,5 стақан сүттен есептеңіз. Қақпақпен жауып, баяу отта 30 минут қайнатыңыз. Содан кейін кастрөлді сүлгімен орап қойыңыз, інжір жақсылап бусануы керек. Дайын қайнатпаны кішкене жұтымдап ішіңіз.

📌 Даршын (корица)

1 ас қасық жылы балға 1/4 шай қасық даршын қосып, күніне 3-5 рет ішіңіз. Бұл тіпті созылмалы жөтелге де көмектесіп, мұрын жолдарын ашады.

📌 Анис дәндері

Анис дәндерінің қайнатпасын (15-20 г дәнге 1 литр су) әр сағат сайын 30-50 мл ішіңіз. Бұл қақырықты сұйылтып, ағзадан оңай шығуына көмектесетін тамаша құрал.

📌 Банандар

Піскен банандарды елеуіштен өткізіп, алынған езбені қант қосылған ыстық суға салыңыз — 2 бананға 1 стақан су мөлшерінде. Қоспаны қайтадан қыздырып, ішіңіз.

* * *

Неліктен каркаде шайын күн сайын ішу пайдалы?

Бұл шай тәбетті төмендетіп, ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады, сол арқылы арықтауға көмектеседі. Егер оған аздап жеміс-жидек, бір қасық бал немесе стивия қоссаңыз, шөлді жақсы қандыратын тәтті әрі пайдалы сусын шығады.

Каркаденің басқа да пайдалы қасиеттері: — Инфекциялар мен бактериялардың дамуына қарсы әсер етеді;

— Тұмау және суық тию кезінде көмектеседі;

— Бос радикалдармен күреседі;

— Өттің бөлінуін жақсартады;

— Ісінуді жояды, артық сұйықтықты шығарады;

— Жүйке жүйесін тыныштандырады;

— Шаштың өсуін ынталандырады;

— Асқазан түйілулеріне қарсы көмектеседі;

— Алкогольдік уланудың салдарын жеңілдетеді;

— Зат алмасуды жылдамдатады, майды жағуға көмектеседі;

— Жадыны жақсартады, ми қызметін белсендіреді.

* * *

Бауырды тазартуға арналған пайдалы кеңестер

📌 Көбірек су ішіңіз

Суға лимон қосыңыз. Лимон шырыны бауырдың токсиндер мен шлактарды шығаруын ынталандырады.

📌 Тамаққа сарымсақ пен пияз қосыңыз

Сарымсақ пен пияздың құрамында ағзада жиналған майларды ерітетін, сондай-ақ зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтарды шығаруға көмектесетін заттар бар.

📌 Бөріқарақат тұқымынан (расторопша) шай ішіңіз

Бөріқарақат (немесе мариин тікенегі) шайын ішіңіз немесе суға оның экстрактын қосып ішіңіз. Бұл өсімдіктің құрамындағы силимарин бауыр жасушаларын удан қорғайды және токсиндерді шығаруға көмектесетін глутатион антиоксидантының бұзылуына жол бермейді.

* * *

Буын саулығын сақтайық

Біз күнделікті буындарға жүк түсіретін әрекеттер жасаймыз, соның салдарынан олар тозып, түрлі аурулар дамуы мүмкін.

1. Желатинге бай тағамдарды тұтыныңыз — желе, холодец, мармелад, заливное сияқты тағамдар буынға пайдалы.

2. Балықты көбірек жеңіз — оның құрамында сүйек саулығы үшін аса маңызды фосфор мол.

3. Спортпен айналысыңыз — жүзу және велосипед тебу буындарды дамытуға және оларды икемді етуге көмектеседі.

4. Дәрумендер қабылдаңыз немесе рационыңызға итмұрын тұнбасын, сельдерей, жаңғақ пен бал қосыңыз.

5. Салмақты қалыпта ұстаңыз — артық салмақ буындарға артық күш түсіреді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: