| 17/11/2025, 23:54 | |
Ағзаны токсиндер мен шлактардан тазарту тәсілдері 1️⃣ Алма мен даршын Алманы турап, 500 мл су құйыңыз 1 шай қасық ұнтақ даршын қосыңыз Салқындатып, күні бойы ішіңіз Алма мен даршынның үйлесімі зат алмасуды реттеп, ас қорыту жүйесін тиімді тазартады. 2️⃣ Лимон шырыны мен бал 2 ас қасық жаңа сығылған лимон шырынын 200 мл жылы сумен араластырыңыз 1 шай қасық табиғи бал, бір шымшым ұнтақталған имбирь қосыңыз Аш қарынға, таңғы астан 30 минут бұрын ішіңіз Лимон мен бал ағзаңызды жұмсақ әрі табиғи жолмен тазартады. 3️⃣ Имбирлі сусын 3-4 см жаңа имбирь тамырын тазалап, ұсақтап тураңыз 1 литр ыстық сумен қайнатып, орташа отта 10 минут қайнатыңыз Сүзгіден өткізіп, салқындаған соң ұнтақ даршын мен бірнеше ас қасық итмұрын шәрбатын қосыңыз Тамақтан 30 минут бұрын күні бойы 100-150 мл ішіңіз Бұл сусын асқорытуды жақсартып, ағзаны артық заттардан тазартады. * * * Куркума мен бал – буын ауырмасын десеңіз! Рецепт: – Қайнатылған жылы су – 130 мл – Куркума – 1 шай қасық – Бал – 1 шай қасық Бұл қоспаны аш қарынға, таңертең 10 күн қатарынан ішіңіз. ✅ Буын ауруларын жеңілдетуге көмектеседі ✅ Ішек жұмысын қалыпқа келтіреді ✅ Қанды сұйылтады * * * Артроз кезінде пайдалы кеңестер 1️⃣ Қайнатылған күріш буындарды жақсы тазартады. Күріш тұздарды «тартып алады», бұл буындардағы тұз жиналуын азайтуға көмектеседі. 2️⃣ Қара және көк тұрып (редька) салатын күн сайын 100 грамм мөлшерде жеу керек. Курстың ұзақтығы — 3 апта. 3️⃣ Алма сірке суы мен бал қосылған су: 2 шай қасық алма сірке суын, 2 шай қасық табиғи балды бір стақан суға араластырып, күніне 2 рет – таңертең және кешке бір стақаннан ішіңіз. Курсы — 10 күн. 4️⃣ Лавр жапырағының тұнбасы: 5 лавр жапырағын 280 мл суда 5 минут қайнатып, 30 минут суытып қойыңыз. 1 ас қасық тұнбаны бір стақан суға араластырып, күніне сағат сайын ішіңіз. Курсы — 5 күн. 5️⃣ Петрушка мен сельдерей шайын ішіңіз. Курстың ұзақтығы — 12 күн. * * * Қан тамырларын тазартуға арналған рецепт Бүгінде жүрек пен қан тамыры ауруларынан көп адам көз жұмады. Алдын алу — ең тиімді ем. Төмендегі қарапайым рецептер ағзаны күтуге көмектеседі: 1️⃣ Қан тамырларының серпімділігі үшін: – 1 шай қасық лимон шырыны, бал және күнбағыс майын араластырып, ашқарынға ішіңіз. Курсы — 10 күн. – Тағы бір тәсіл: 1 шай қасық бал мен жарты лимонның шырынын ¾ стақан жылы суға қосып, ұйықтар алдында ішіңіз. Курсы — 10 күн. 2️⃣ Қан тамырларын тазарту үшін: – 2 орташа лимонды еттартқыштан өткізіп, оған 2 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шыны ыдысқа салып, бөлме температурасында 1 тәулік ұстаңыз. Күніне 2–3 шай қасықтан тамақтан бұрын немесе шаймен бірге ішіңіз. * * * Қалқанша безді қолдаймыз, артық салмақтан арыламыз. Бұл рецепттегі тұрақты дәрумендік қолдаудың арқасында гипотиреоздан құтылуға көмектеседі. Құрамы: Даршын – Қанды қантты қалыпқа келтіреді, калорияларды жағады Мускат жаңғағы – Зат алмасуды тездетеді, мазасыздықтан арылтады, көңіл-күйді жақсартады Апельсин – Иммунитетті көтереді, май жағуға көмектеседі және қалқанша безді қолдайды Лимон – Зиянды заттарды шығарады және ағзаны сілтілендіреді Кокос – Қалқанша бездің жұмысын қалыпқа келтіреді Зімбір – Жүрек пен тамырлар үшін пайдалы Рецепт: су – 1 л кокос сүті – 0,5 л мускат жаңғағы – бір шымшым зімбір – 1 шай қасық даршын – 1 шай қасық кокос майы – 1 ас қасық апельсин шырыны – 100 мл лимон шырыны – 1 ас қасық Суды қайнатып, дәмдеуіштерді қосып, суытыңыз. Қалған ингредиенттерді араластырып құйыңыз. Бұл сусынды ашқарынға және күн бойы ішу керек. ‼️Егер сізде гипертония (жоғары қан қысымы) болса, зімбірді алып тастаңыз және даршын мөлшерін екі есе азайтыңыз. * * * Левомеколь — күшті дәрі! 📌 Түрлі дәрежедегі күйіктер Левомеколь күйік жараларын өлі тіндерден жақсы тазартады. 📌 Іріңді жаралар мен терідегі ойықтар Левомекольмен кез келген жараны өңдеуге болады — жәндік шағуы, жарақаттар, тілінулер, тырнақтар, сырылған жерлер және т.б. 📌 Левомеколь гайморит пен құлақ ауруларында Егер сізде созылмалы тұмау болса, күніне 1–2 рет мұрын жолдарын Левомеколь жағылған мақта таяқшамен сүртіңіз. 📌 Левомеколь безеулерге қарсы Левомеколь — безеуге қарсы өте тиімді құрал. Оның күшті бактерияға қарсы қасиеттері бар және қабынуды жақсы басады. 📌 Левомеколь қызыл иектерге Левомекольді қызыл иекті өңдеуге де қолдануға болады. Стоматологиядағы ең күрделі аурулардың бірі — пародонтоз. Ауырған кезде қызыл иектер тым жұмсарып, босаңсып кетеді. Ашылған пародонталды қалташаларға бактериялар түсіп, қабынуды туындатады. * * * Қартаюды баяулататын өнімдер Бұл ертегі емес, ғылыми зерттеулердің нәтижесі. Антиоксиданттарға бай тағамдар шынымен де ағзаның барлық жүйелерін жасартады. 1. Қара өрік (чернослив) – ең күшті антиоксидант. Күніне 3–4 дана жесеңіз, қартаюдан сенімді қорғаныс аласыз; 2. Күрең мейіз (изюм) – күніне кемінде 2 ас қасық жеу ұсынылады; 3. Ақ қырыққабат – шикі немесе қырыққабат тұздығы түрінде жас көрінуге көмектеседі; 4. Жасыл шай – зат алмасуды жақсартуға көмектесетін қасиетімен танымал; 5. Қызылша – қан құрамын жақсартады; 6. Апельсин – С дәруменінің негізгі көзі; 7. Қызыл жүзім – антиоксиданттық қасиеттерімен әйгілі; 8. Тәтті бұрыш – құрамында С дәрумені апельсиннен сәл аз болса да, бұл тізімге кіруге лайық; 9. Тары ботқасы – тарыдан жасалған ботқаны аптасына 2–3 рет жеу ұсынылады. * * * Бүйрек пен бауыр ауруларына қарсы имбирь шайы Имбирь шайының қабынуға қарсы қасиеті бар, ал имбирь тамырында С, B1 және B2 дәрумендері кездеседі. Құрамы: табиғи бал ¼ шай қасық ұнтақ куркума ¼ шай қасық ұнтақ имбирь 1 стақан су Дайындалуы: Куркума мен имбирь ұнтағын қайнаған сумен құйып, бетін жауып, 15–20 минут тұндырып қойыңыз Содан кейін бал қосыңыз Шайды сүзіп, кесеге құйыңыз Имбирь шайына даршын, кардамон, қалампыр сияқты түрлі дәмдеуіштер қосуға болады. Бұл шай ағзаны жақсы жылытып, жылуды ұзақ сақтайды, сергітеді және қуат береді. Міндетті түрде бұл шайды күнделікті рационыңызға қосыңыз! * * * Неліктен уақтылы ұйықтау маңызды? Егер сіз сағат 23:00 мен 01:00 аралығында ұйықтамаған болсаңыз, онда жүйке жүйесі бұзылады. Бұл ашушаңдыққа, зейінсіздікке әкеледі. Күні бойы өзіңізді әлсіз, шаршаңқы, дәрменсіз және ауыр күйде сезінесіз. Ал егер сіз 01:00 мен 03:00 аралығында ұйықтамасаңыз, онда біртіндеп «қуаныш гормонының» бөлінуі баяулай бастайды. Нәтижесінде сізде апатия мен ұйқышылдық пайда болады. Ұйқыңызды дұрыс ұйымдастырыңыз! * * * Тіс тастарын үй жағдайында қалай кетіруге болады? Егер ауыз қуысында тіс тастары пайда болса, олардан тез арада арылу қажет. Әдетте стоматологияда тазартылады, бірақ кей жағдайларда үй жағдайында да кетіруге болады. 📌 Рецепт: – ½ шай қасық ас содасы – 20 тамшы сутегі тотығы (перекись водорода) – 2–3 тамшы лимон шырыны Барлығын жақсылап араластырып, әр тісіңізге жеке-жеке, сағызға тимейтіндей етіп абайлап жағыңыз. Нәтижесі бірден байқалады, бірақ тұрақты әсер үшін бірнеше рет қайталау қажет. 📌 Қосымша күтім: Ауыз қуысының тазалығын сақтау және тістердің ағаруын қолдау үшін ауызды әлсіз сутегі тотығы ерітіндісімен (1 шай қасық 1 стакан суға) шайып тұру ұсынылады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
