| 11/11/2025, 08:52 | |
Бал қосылған су – бүкіл ағзаға пайдалы! 📌 200 мл жылы суға 1 шай қасық табиғи бал қосып, араластырамыз. Таңертең, асқазан бос кезде, тамақ ішерден жарты сағат бұрын бір стақаннан ішіңіз. 🔹 Асқорытуға өте пайдалы. Медті су ішекке жақсы әсер етеді: жиналып қалған қалдықтарды ерітіп, ағзадан шығарады. Сонымен қатар ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, дисбактериозды жояды. 🔹 Балдың суық тиюге пайдалы екенін бала кезден білеміз. Сол себепті, егер күн сайын бал қосылған су ішсеңіз, иммунитетіңіз күшейіп, ағзаңыз сырқаттарға қарсы тұра алады. Кей деректерге сүйенсек, созылмалы тұмау мен бронхитке де пайдасы бар. 🔹 Сонымен қатар, бал суының саңырауқұлаққа және вирустарға қарсы әсері де бар. * * * Мандарин қабығын лақтырмаңыз! Ол нағыз табиғи ем! Мандарин қабығында эфир майлары, фитонцидтер, каротиноидтар, дәрумендер, антиоксиданттар және басқа да пайдалы заттар бар. Сондықтан осындай құнды шикізатты лақтыру – ақылға қонымсыз! 🔸 Іштің кебуі мен дисбактериозға қарсы Кептірілген мандарин қабығын ұнтақтап, қаймаққа, ботқаға немесе басқа тағамдарға 1 шай қасықтан қосып ішіңіз. 🔸 Бронхит кезінде 2 ас қасық ұсақталған кепкен қабыққа 1,5 стакан қайнаған су құйып, әлсіз отта 5 минут қайнатыңыз. Қақпақпен жауып 1 сағат тұндырып, сүзіп алыңыз. Күніне 2–3 рет тамақтан жарты сағат бұрын жарты стаканнан жылы күйде ішіңіз. 🔸 Құрғақ жөтелде қақырық шығаруға көмектеседі 2 ас қасық ұсақталған қабыққа 1 стакан арақ (немесе спирт) құйып, қараңғы жерде 1 апта тұндырыңыз, сүзіңіз. Күніне 3 рет, тамақтан бұрын, 20 тамшыдан аз ғана суға тамызып ішіңіз. * * * Холестеринді төмендетудің табиғи тәсілі Бұл емдік қоспа тамырларды тазартады, қанды жақсартады және жоғары холестеринмен күресуге көмектеседі. 📌 Құрамы: 🔸 3 орташа лимон – жақсылап жуып, құрғатыңыз 🔸 Еттартқыштан өткізіңіз немесе блендерде ұсақтаңыз 🔸 3 ірі сарымсақ басын тазалап, майдалап тураңыз 🔸 1 стакан табиғи бал қосыңыз 🔸 Барлығын жақсылап араластырып, 100 мл-лік шыны банкаларға бөліп салыңыз. Қақпағын жауып, тоңазытқышта сақтаңыз. Қабылдау тәртібі: 1 шай қасықтан, тамақтан 2 сағаттан кейін, күніне 3 рет, 2 ай бойы қабылдау керек. Жылына 1-2 рет курс жасап тұру ұсынылады. * * * Жүрек тұсындағы ауырсынумен қалай күресуге болады? Егер жүрегіңіз шаншып, мазаласа – бұл жүрек-қантамыр жүйесінің әлсірегенін білдіреді. Оны табиғи жолмен нығайтуға болады: 🔸 Күн сайын 1 стакан қызыл жүзім шырынын ішіңіз Бұл инфаркттың алдын алады, жүрек тамырларын тромбтан қорғайды, және қан айналымын жақсартады. 🔸 Жүрек пен тамырларды қолдау үшін – күнделікті 3 рет Е дәруменіне бай өнімдер жеңіз: – ірімшік – көкөністер – бұршақ дақылдары – сүзбе – өсімдік майы (ең жақсысы – жүгері майы) 🔸 Қозғалыс – өмір негізі! Таңертең және кешке 6 қабат баспалдақпен жоғары-төмен жүріп өтіңіз. Бұл веналық қан айналымын жақсартады және жүрек бұлшықетін нығайтады. * * * Зімбір шайы: бүйректегі тұзды ерітеді және бауырдағы майды кетіреді Бұл керемет табиғи сусын ағзаны жылытады, майларды ерітеді, энергия береді және ішкі тазартуға көмектеседі. 📌 Құрамы: ▫️ 1 стакан су ▫️ ¼ шай қасық ұнтақ куркума ▫️ ¼ шай қасық ұнтақ зімбір ▫️ Табиғи бал – дәміне қарай 📌 Дайындау тәсілі: 1. Куркума мен зімбірді стакан қайнаған суға салып, 2. Үстін жауып, 15–20 минут тұндырыңыз 3. Кейін бал қосып, жақсылап араластырыңыз 4. Шайыңыз дайын – процедите де ішіңіз Қалауыңыз бойынша дәмін арттыру үшін: – даршын – кардамон – қалампыр қосуға болады Мұндай шай ағзаны жылытатын, қуат беретін, май мен тұздарды ерітетін керемет көмекші! Күнделікті рационыңызға қосыңыз. * * * Ауыз қуысының қабынуында көмектесетін халықтық тәсілдер 📌 1️⃣ Жұтқыншақ пен ауыз қуысын шаю үшін: Мұндай әдіс фарингит, тонзиллит, ангина, стоматит кезінде жақсы көмектеседі. 🔹 1 стақан суға 1 ас қасық сутегі тотығын (перекись водорода) қосыңыз. 🔹 Күніне 4–5 рет шайыңыз – жеңілдік байқалғанша жалғастырыңыз. 📌 2️⃣ Ауыз иісі, пародонтоз және қызыл иектің қансырауы кезінде: Қажет болады: ▫️ ½ шай қасық ас содасы ▫️ Бірнеше тамшы лимон шырыны ▫️ 10–20 тамшы сутегі тотығы 🔸 Барлығын араластырыңыз 🔸 Осы қоспамен тістеріңізді тазартыңыз 🔸 10–15 минут ішіп-жеуге және ауыз шаюға болмайды! Бұл тәсілдер ауыз қуысының жалпы жағдайын жақсартады және тітіркенуді азайтады. * * * Қан қысымын төмендететін шай 📌 Рецепті: 1. Итмұрын жемістерін (құрғақ немесе жаңа терілген түрі жарайды) жерқұлмақ (земляника) және жалбыз жапырақтарымен (әрқайсысынан 2 жапырақ) араластырыңыз. Қалауыңызша жерқұлмақ жидектерін де қосыңыз. 2. Үстінен ыстық су құйып, шамамен 10 минуттай тұндырыңыз. 3. Дайын болғаннан кейін, 1 шай қасық ұсақталған жалбызды қосып ішіңіз. Бұл шай дәмді ғана емес, қан қысымын төмендетуге және тыныс жүйесін жақсартуға көмектесетін пайдалы құрал! * * * АЛЛЕРГИЯДАН ҚҰТЫЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ... Аллергия — бұл иммундық жүйенің бұзылуы, ол кейбір зиянсыз заттарды қауіпті деп қабылдап, олармен күрес жүргізе бастайды. Бұл кезде ағзада қатты қабыну реакциясы жүреді, ол "қауіпті" деп танылған заттарды ғана емес, сонымен қатар айналасындағы дене тіндерін де зақымдайды. Ал кез келген аллергия — тамаққа, тозаңға немесе басқа факторларға — тереңнен бастау алады. 📌 Ішекте өмір сүретін пайдалы бактериялар лимфоциттердің дамуына әсер етеді. Ал лимфоциттер — иммунитетіміздің қорғаушылары. Олар «жау» шабуылына тойтарыс береді. Егер осы процестің бір жерінде бұзылыс орын алса — аллергиялық реакциялар пайда болады. ✅ Сондықтан, аллергиядан құтылу үшін тек аллергенді алып тастау жеткіліксіз. Ең алдымен, асқазан-ішек жолының жұмысын қалпына келтіру керек. * * * Белсендірілген көмір қандай мәселелерді шешеді? Белсендірілген көмір – көпфункционалды табиғи сорбент, ол ағзадағы түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі: 🔹 Іштің кебуі мен газ жиналуы Тамақ ішер алдында қабылдағанда ішектегі газдың мөлшерін айтарлықтай азайтады. 🔹 "Жаман" холестеринді азайтады Тұрақты қолданғанда холестерин деңгейі 41%-ға дейін төмендейді. 🔹 Бүйрек саулығын қолдайды Мочевина мен басқа да зәр токсиндерін ағзадан шығарады. 🔹 Азық-түлік улануын тез емдейді Токсиндерді жылдам байланыстырып, бейтараптандырады. 🔹 Таза және жұмсақ терінің құпиясы Бет маскалары ретінде қолданғанда теріден май мен кірді тартып шығарады. 🔹 Жылтыр әрі жібектей шаш Шаш фолликулаларын тазартып, шашқа жылтырлық береді. 🔹 Тісті ағартуға көмектеседі Жұмсақ абразив ретінде тіс тасын ерітіп, табиғи ағартуға ықпал етеді. 🔹 Ауыздағы жағымсыз иістен арылтады Бактериялар мен қабынуларға қарсы әсер етіп, жағымды иіс береді. 🔹 Маскүнемдік салдарын азайтады Алкогольдік токсиндерді байланыстырып, "похмельені" жеңілдетеді. * * * Прополис – барлық дертке дауа Прополис – аралардың табиғи өнімі, оның денсаулыққа пайдасы көп: 🔹 Прополис пен сүт – тамаша тандем Бұл қоспа тек суық тию мен өкпе ауруларын емдеп қана қоймай, жалпы көңіл-күйді жақсартады, ұйқыны реттейді, ашушаңдық пен шаршауды азайтады. 🔹 10%-дық прополис тұнбасын дәріханадан алыңыз 25 мл бөтелке ұзақ уақытқа жетеді, бағасы да қолжетімді. 🔹 Қабылдау тәртібі Кешке, ұйықтар алдында 100 мл ыстық сүтке 20 тамшы тұнба қосып, 10 күн ішіңіз. Мұндай курсты айына 1 рет, жалпы 4-6 ай бойы қайталау ұсынылады. 🔹 Балаларда суық тиюге қарсы Мектепке дейінгі жастағы балаға ұйықтар алдында 1/3 стакан ыстық сүтке 1-2 тамшы тұнба қосып беруге болады. Жақсару алғашқы күннен байқалады. 🔹 Панкреатит, гастрит, асқазан жарасы мен бауыр ауруларына Жоғарыда көрсетілген схема бойынша 6 ай қабылдаңыз. 🔹 Холестеринді азайтады, тері ауруларын емдейді Прополис сүтпен бірге қандағы холестеринді төмендетеді, экзема мен басқа да тері ауруларын емдейді, етеккір циклін реттейді. 🔹 Психикалық тұрақтылыққа оң әсері бар Прополис тұнбасын қабылдаған кезде мазасыз ойлар сейіліп, көңіл-күй жақсарады – бұл емделу кезінде өте маңызды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
