| 04/11/2025, 08:46 | |
Аяқтың өкшесіндегі шпораны сырттай емдеудің рецептілері 📌Бал мен тұзды (теңіз тұзы жақсы) 1:1 қатынасында араластырыңыз. Кешке аяқтарды жуыңыз, өкшеге осы қоспаны жағып, екіге бүктелген марляны қойыңыз, целлофанмен жабыңыз, матаға ораңыз, шұлық киіңіз, аяқ астына қыздырғыш қойыңыз. Қоспа суып болғанша ұстап тұрыңыз. Мазьді алып тастаңыз да, шұлықпен ұйықтаңыз. Ем курсы — 1 ай. 📌Тағы бір әдісті қолдануға болады. Жаңа арша жапырағын бірнеше рет бүктеп, өкше астына (шашы өкшеге қарай) қойыңыз да, таңғышпен бекітіңіз. Күнде кешке шпора жоғалғанша қолданыңыз. * * * Гемоглобинді көтерудің үш үздік әдісі: 1️⃣ Бал, жаңғақ пен қамқурай — қандағы маңызды ақуызды арттыруға арналған тамаша құрал. Барлығын тең мөлшерде араластырып, жаңа дайындалған сайын аз-аздан қабылдаған дұрыс. 2️⃣ Қызылша (шиповник) мен балдан жасалған сусын — иммунитетті және жалпы өміршеңдікті арттырумен қатар, гемоглобинді көтеруге де пайдалы. Қызылшаны термосқа салып, бірнеше сағат тұндырып, балды тек қолданар алдында қосыңыз. 3️⃣ Шөп қоспасы. Бұталы жидек жапырағы мен орман тікенектері жапырағынан 2 ас қасықтан, ал жусан мен ромашка гүлінен 3 ас қасықтан алыңыз. Барлығын ұнтақтап, араластырыңыз да, термосқа салып, 700 грамм қайнаған су құйыңыз. Тұндырылған шайды күніне 3 рет бір стақаннан ішіңіз. * * * Бауырды тазартып алайық Дұрыс тамақтанбау, алкоголь мен зиянды әдеттер бауырды әлсіретеді. Ендеше, оны күтіп, мезгіл-мезгіл тазалап тұрайық. Сізге қажет болады: ▫️2 стакан су ▫️150 грамм мейіз Қан тамырлары мен бауырға пайдалы қоспаны қалай жасау керек: Алдымен мейізді жақсылап жуып, қайнап тұрған суға салыңыз. Қайнаған суда мейізді 20-30 минут қайнату қажет. Сосын қоспаны түнге қалдырыңыз. Таңертең сүзіп алып, сәл жылытып ішіңіз. * * * Сүйектерді нығайтып, иммунитетті көтеретін ноқат пастасы Дәмді әрі пайдалы ноқат пастасын дайындау үшін сізге қажет болады: 200 г ноқат, 4 түйір сарымсақ, 50 г күнжіт, 1 лимон, 3 бұтақ ақжелкен, 50 мл зәйтүн майы, дәміне қарай тұз, паприка және қара бұрыш. Ноқатты түні бойы суға жібітеді, кейін дайын болғанша қайнатып, сүзеді. Қайнаған суды төкпей сақтайды. Піскен ноқатты блендерге салып, оған күнжіт, лимон шырыны, ақжелкен, дәмдеуіштер мен зәйтүн майын қосады. Бәрін біркелкі масса болғанша араластырады. Содан кейін сақталған қайнатпа суын қосып, қайтадан блендермен езеді. Бұл пастаны тостқа, нанға жағып жеуге болады. Сондай-ақ, негізгі тағамдармен және жаңа піскен көкөністермен бірге тұздық ретінде ұсынуға болады. * * * Іш қатудан арылудың тиімді тәсілі ▫️250 г қараөрік, 250 г өрік және 250 г інжір алыңыз. Жақсылап жуып, үстіне қайнаған су құйып, жылы жерде 1 сағатқа қойып қойыңыз. ▫️Содан кейін суды төгіп, кептірілген жемістерді еттартқыштан өткізіңіз. Оған 250 г бал және 1/2 стакан жөке (крушина) қайнатпасын қосыңыз (1 ас қасық жөке қабығына 1 стакан су құйып, 10 минут қайнатасыз). ▫️Қоспаны ұйықтар алдында 2-3 ас қасықтан ішіңіз, артынан жарты стакан салқын сумен ішіп жіберіңіз. Қолданар алдында жақсылап араластырыңыз. * * * Бассейн қандай ауруларды емдеуге көмектеседі? ✔️ Жүйке жүйесінің әлсіреуі (невроздар) Судың температуралық әсері қозу мен тежеу үдерістерін реттейді, шаршау азаяды, ми қан айналымының жақсаруы нәтижесінде есте сақтау мен зейін артады. ✔️ Буын аурулары Судағы жай қимылдар буын маңындағы тіндерді уқалайды, бұл лимфа айналымын жақсартып, буын ісінуін азайтады, шеміршек тіндерінің қалпына келуіне және бұлшықеттердің босаңсуына ықпал етеді. ✔️ Омыртқааралық жарық (грыжа) Бассейндегі жаттығулар арқаның бұлшықеттерін нығайтады. Нәтижесінде олар омыртқаға түсетін жүктемені өзіне алып, зақымданған дискіні жеңілдетеді. * * * Ішекті тазартудың ең тиімді тәсілі Нәтижесі – 8 сағат ішінде! Іш қатуы, іштің кебуі мен асқазан-ішек жолдарының бұзылуын мен дәл осы дәмді әдіспен шешемін. Ең бастысы – өзіңізді ұстап, 1 шай қасықтан артық жемеу! Құрамы: ✔️ 100 г қараөрік, 100 г мейіз немесе інжір (жақсылап жуып, қайнаған сумен шайып, еттартқыштан өткізу) ✔️ 100 мл өсімдік майы (зәйтүн, күнбағыс немесе күнжіт майы) ✔️ 100 г бал, 50 г сенна жапырағы (дәріханадан алып, кофе тартқышпен ұнтақтап алыңыз) Барлығын жақсылап араластырыңыз – қою, біртекті қоспа шығуы керек. 1 шай қасықтан шағын шариктер жасап алыңыз. Бәрін шыны ыдысқа салып, қақпағын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз – ұзақ сақталады! Күніне 1 шай қасық – тек ұйықтар алдында! Курс – 5–7 күн. Әрбір құрамдас бөлік тек ішекке емес, сонымен қатар дәруменді және құрттарға қарсы әсерімен де пайдалы. * * * Созылмалы гайморитті қара шаймен емдеуге болады Созылмалы гаймориттен зардап шегетін адамдар мұрыннан жай ғана су ағуының қалай тез гайморитке айналатынын жақсы біледі. Бірақ бұл дертті халықтық әдіспен қарапайым қара шайдың көмегімен де жеңілдетуге болатыны таңғаларлық. Әрине, тек шайдың өзі емес, оған қосылатын тағы екі қолжетімді ингредиент қажет. Дегенмен, дәл қою қара шайдың тұнбасы – төмендегі рецепттің негізгі бөліктерінің бірі. Құрамы: 📌 1 шай қасық бал, 📌 1 шай қасық эвкалипт тұнбасы (дәріханадан алуға болады), 📌 1 шай қасық қою қара шайдың тұнбасы. Барлығын жақсылап араластырып, күніне 3 рет мұрынға тамызу керек. Бір реттік мөлшер – шамамен жарты пипетка. Емделу ұзақтығы – кем дегенде 3 күн. Бірақ алғашқы 2–3 рет қолданғаннан кейін-ақ жеңілдік сезіле бастайды. * * * Пакеттелген шай – дүкен сөресінде тұрсын, бірақ сіздің ағзаңызда емес! Шай – өте пайдалы әрі керемет сусын. Бірақ бұл тек жапырақты шайға қатысты. Ал пакеттелген шай – ол шай емес, жай ғана маркетингтегі қулық. 📌 Пакет ішіндегі – «сән-салтанаттың қалдығы», яғни шай өңдеуден қалған шаң мен қоқыс. ❗️Бұл қоқысқа түр беріп, адамға ұсыну үшін өндірушілер бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосады. Осылайша бір ғана қоқыстан қара шай да, көк шай да, гүлді шай да жасалып шыға келеді. 🔻 Алайда дәл осы ароматизаторлар мен химиялық қоспалар шайдың ең құнды бөлігі – антиоксиданттар мен аминқышқылдарын толығымен жойып жібереді. Нәтижесінде сіз шай емес, боялған, иістендірілген шай қалдығын ішіп жүресіз. Шын мәнінде пайдалы болсын десеңіз жапырақты табиғи шай ішіңіз! Пакеттегі шай ішкісі келетін тағы кім қалды екен?.. * * * Кардамон қосылған сүт миды сергітеді, күйзеліс пен шаршаудан арылтады Кардамонмен дайындалған сүт ми қызметін жақсартып, күйзеліс пен әлсіздіктен арылуға көмектеседі. ✔️ Егер сүтке шафран қоссаңыз – мұндай сусын жүйке жүйесін, тыныс алу жолдарын және қан тамырларын тұрақтандырады. Ал шафран сүтін үнемі ішіп жүрсеңіз, көз астындағы ісіктер кетіп, жастық шақ ұзағырақ сақталады. ✔️ Даршын (корица) қосылған сүт – жеңіл сергітетін сусын, әсіресе потенцияны жақсартуға оң әсер етеді. ✔️ Куркума қосылған сүт – бауырға пайдалы және әжімдермен күреседі, ал зімбір (имбирь) ағзаны тазартып, иммунитетті күшейтеді. ✔️ Мускат жаңғағы сүтке ерекше пайдалы әсер береді: бас ауруын басады, сергітеді және есте сақтау қабілетін жақсартады. ✔️ Сондай-ақ, сүтке кішкене ғана мускат қоссаңыз – ұйқысыздық пен шаршаудан құтыласыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
