Халық емі
20/10/2025, 22:24

Тромбоз қаупін төмендететін өнімдер

▫️Киви. Күн сайын 2 кивиден 28 күн бойы жеу тромбоз пайда болу ықтималдығын 20–28%-ға төмендетеді.

▫️Бадам. Бұл жаңғақтар тромбоциттердің бірігу қаупін азайтатын Е витаминіне бай. Күніне 55 грамм бадам жеу осы витаминнің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.

▫️Куркума. Бұл дәмдеуіштің күніне небәрі 7 граммы (шамамен бір шай қасық) тромбоциттердің жабысып қалу ықтималдығын 15–20%-ға дейін азайтады.

* * *

АҒЗАНЫ ТАЗАРТАТЫН СУСЫН

Бұл қарапайым, хош иісті әрі сергіткіш сусынды дайындаңыз – ол ағзаға зиянсыз, бауырды токсиндерден тазартуға көмектеседі және жалпы жағдайды жақсартады.

⠀📌Керек болады:

▫️бір уыс жаңа жалбыз жапырағы

▫️1 лимонның шырыны

▫️1 апельсиннің шырыны

▫️1 литр су

▫️3 ас қасық бал

⠀✔️Суды терең металл ыдысқа құйып, қыздырамыз.

Жалбыз жапырақтарын қосып, баяу отта 5 минут қайнатамыз.

✔️Суды оттан алып, бөлме температурасында суытып қоямыз.

Суыған соң оған лимон, апельсин шырыны мен бал қосып, жақсылап араластырамыз.

✔️Сүземіз де, ішеміз!

Бауырды тазарту процесін бастау үшін күніне 1 стақан осындай жалбызды сусын ішіп тұрыңыз.

* * *

Ұйқы безіне ем

Бұл әдіс тек қана ауруды жеңілдетіп қоймай, оны ұмыттыруы да мүмкін. Бұл – зығыр дәні. Ұйқы безін қалпына келтіретін жалғыз табиғи құрал осы.

📌Керек заттар:

1 ас қасық жаңа тартылған зығыр дәнін 0,5 стакан қайнаған суға салып, баяу отта, қақпағын жауып, 5 минут қайнату керек.

Содан кейін қақпағы жабық күйде суығанша қойыңыз.

Сәл жылығанда – барлық қабығымен бірге ішіңіз. Қабылдау негізгі тамақтан 30 минут бұрын жүргізіледі.

Егер ұстамалар болып тұрса, қабылдау жиілігін күніне бірнеше ретке дейін арттырыңыз – ағзаңыздың өзі қажет етіп тұрады.

Нәтижесі ұзақ күттірмейді – жеңілдік пен жақсару бірден байқалады!

* * *

Ағзаға зиянды өнімдер:

30 жастан кейін одан бас тартқан дөн

Қант – Артық қант инсулинге сезімталдықты төмендетеді. Сондай-ақ, әжімдердің ерте пайда болуын жеделдетеді.

Тұз – Мүлдем бас тартудың қажеті жоқ, бірақ мөлшерін азайту маңызды. Тұз қан қысымын көтеріп, инсульт қаупін арттырады.

Алкоголь – Біріншіден, ол өте калориялы. Сонымен қатар инсулин деңгейін жоғарылатады.

Кофеин – Жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ұйқыны бұзады. Ұйқының жетіспеушілігі қартаю процесін жеделдетеді.

Кремдер (қою сүт өнімдері) – Майлылығы өте жоғары, салмаққа, жүрекке, буындарға, ми мен гормон жұмысына жағымсыз әсер етеді.

Маргарин – Оның құрамындағы трансмайлар жүрек пен буындарға кері әсер етіп, түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін.

Шұжық өнімдері – Құрамындағы нитраттар қатерлі ісікке, ал натрий сусыздануға әкеледі. Қаныққан майлар жүрек ауруларының қаупін арттырады.

Тез дайындалатын тағамдар – Құрамында көп мөлшерде қант, тұз және химиялық қоспалар болады.

Майлы тұздықтар – Майонез, кетчуп секілді соустар зиянды қоспаларға өте бай.

* * *

Қалқанша безіне арналған пиязды компресс

📌КЕРЕК ЗАТТАР:

● 500 г қызыл пияз

● стерильді дәке немесе бинт

📌ДАЙЫНДАЛУЫ:

1. Пиязды блендермен немесе еттартқышпен ұнтақтап езбеге айналдырыңыз.

2. Пияз езбесін дәкеге салып, оны мойынға – қалқанша безі тұсына қойыңыз.

3. Дәкенің үстінен клеенка немесе компресс қағазын жауып, мойыныңызды жылы шарфпен ораңыз.

Компрессті аптасына екі рет, бір ай бойы жасау керек. Бұл әдіс қалқанша безін емдеп қана қоймай, келесі бір жылға алдын алу шарасы ретінде де тиімді.

✔️Ағзаңызды қалпына келтірумен міндетті түрде айналысыңыз және бұл шипалы пияз компрессінің рецептімен достарыңызбен бөлісіңіз.

* * *

Миға тәулік уақыты қалай әсер етеді 🧠

Таңғы 6-7 аралығы — «терезе» деп аталады, бұл кезде ұзақ мерзімді есте сақтау ең жақсы жұмыс істейді, осы уақытта алынған ақпарат жеңіл қабылданады.

Таңғы 8-9 аралығында логикалық ойлау іске қосылады, бұл есте сақтау мен аналитикаға қатысты кез келген әрекет үшін ең қолайлы уақыт.

Таңғы 9-10 аралығы — ақпаратпен және статистикамен жұмыс істеуге ең тиімді сағаттар.

Түскі 11-12 аралығында интеллектуалдық функциялардың тиімділігі төмендейді, сондықтан назарды басқа нәрсеге ауыстыруға болады. Мысалы, музыка тыңдау.

Түскі 11-14 аралығы — тамақтану үшін ең қолайлы уақыт. Бұл уақытта, Шығыста айтылғандай, «ас қорыту оты» ең жоғары, яғни тамақ жақсы қорытылады және сіңіріледі.

Түстен кейін 12-18 аралығы — белсенді еңбекке тамаша уақыт. Кешкі сағаттарда жұмыс істеу миға артық жүктеме береді.

Кешкі 21-23 аралығы — ми мен жүйке жүйесінің толыққанды тынығатын уақыты.

* * *

Кепкен  шие ағзадан химикаттарды шығарады

Бұл әсіресе ірі қала тұрғындары үшін маңызды. Мұның себебі — пектиннің әсері: ол зиянды химиялық қосылыстарды байланыстырып, оларды қанға түспей, ағзадан шығарады.

Сонымен қатар, шие жақсы антисептик әрі жөтелге қарсы құрал ретінде де танымал, бұл суық тию кезінде бізге өте қажет. Шиде бар йод склерозға көмектеседі.

Калий, магний, А, С, РР дәрумендері мен органикалық қышқылдардың үйлесімі арқасында ол бұлшық еттің тартылуын жеңілдетіп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Қорғасын және мыс тұздарының жоғары мөлшері шиді қан аздығына қарсы тиімді дәрі ретінде жасайды.

* * *

Варикозға қарсы рецепт

✔️ Құрғақ қалақай тұнбасы

Ұсақталған кептірілген қалақай жапырағын термосқа салып, үстінен 0,5 литр қайнаған су құйыңыз. 30-40 минут тұндырып, сүзіп алыңыз. Бұл тұнбаны күніне 3 рет, тамақтан 1 сағат өткен соң 1/3 стаканнан ішіңіз. Назар аударыңыз: міндетті түрде кептірілген қалақай қолданыңыз, себебі жас қалақай қанды қоюлатады.

✔️ Алма сірке суы

Зақымдалған жерлерге күн сайын таңертең және кешке жағыңыз.

✔️ Жаңа картоп

Үгітілген шикі картоптан алынған ботқаны зақымдалған теріге 1 см етіп жағып қойыңыз. Үстінен бірнеше қабат дәкемен жауып, 4-5 сағатқа қалдырыңыз. Кейін ботқаны жаңасына ауыстырып немесе картоп шырынына батырылған дәкемен қайта орауға болады.

* * *

Алоэ — өмір энергиясын арттыру үшін

📌Денсаулықты нығайтуға өте пайдалы витаминдік қоспаны дайындап, күніне бірнеше рет 2-3 ас қасықтан ішу ұсынылады.

· 300 гр бал,

· 100 мл алаө шырыны,

· 100 гр ұсақталған кептірілген құрма,

· 100 гр ұсақталған мүздар,

· 200 гр жаңғақ (әртүрлі қоспа жақсы, бірақ жартысы міндетті түрде беде жаңғағы болуы тиіс),

· 6 лимон терісімен бірге ұсақталған.

Барлығы араластырылады да, тоңазытқышта сақталады.

✔️Аурудан кейін, босанған соң, жүйке түйілу кезінде немесе күз-қыс мезгілінде өте пайдалы.

* * *

ЕСТЕ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУ

 (склероздың алдын алу)

✔️1 бас пияз, 1 бас сарымсақ, 4 ас қасық бал алыңыз.

✔️Пияз бен сарымсақты ұсақтап, балмен араластырыңыз.

✔️Шамамен 10-12 сағат тұндырыңыз.

✔️Тамақтан кейін күніне 3 рет 1 шай қасықтан ішіңіз.

Курс қысқасы — 7 күн, орташа — 14 күн, ең ұзақ — 21 күн.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: