Халық емі
14/10/2025, 11:56

Қарынды кетіретін   тазартқыш кисель

Бұл кисель сізге артық салмақтан арылуға ғана емес, ішектегі артық қалдықтарды да шығаруға көмектеседі, ас қорыту жүйесінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

▫️Дайындалуы:

"Геркулес" сұлы жармасы, қара өрік және ірі үккіштен өткізілген шикі қызылшадан бір уыстан алыңыз.

Осының бәріне 2 литр қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатыңыз.

▫️Қолданылуы:

Кисельге ұқсас тұнбаны сүзіп алып, ұйықтардан 2 сағат бұрын мүмкіндігінше көбірек ішіңіз. Бұл уақытта бауыр тұсына жылытқыш қою ұсынылады.

✔️Кисельдің қоймасын (гуща) таңертең таңғы астың орнына жеу керек. Аптасына бір рет тек осындай кисельмен өткізілетін жеңіл күн жасау өте пайдалы.

* * *

Асүйде әрдайым болуы керек 5 өнім

▫️Бал

Иммунитетті күшейтеді және энергияның ең жақсы көзі болып табылады. Егер асүйде бал болса, қантты ұмытуға болады!

▫️Банан

Құрамында бұлшықеттердің мықты болуына көмектесетін калий көп. Сонымен қатар, банан жүрекке оң әсер етіп, инсульт қаупін төмендетеді.

▫️Геркулес

Қан тамырларын тазартып, асқазан мен ішек ауруларын емдейді. Сонымен бірге, геркулестің калориясы өте төмен.

▫️Шпинат

Құрамында A, C және K дәрумендері, антиоксиданттар және бұлшықет массасын арттыруға көмектесетін темір бар.

▫️Зәйтүн майы

A және K дәрумендерінің сіңуіне қатысатын E дәрумені мол. Бұл май ағзаны жасартады және холестерин деңгейін төмендетеді.

* * *

БАСТАҒЫ ШУ – ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Бастағы шу — жиі кездесетін дерт. Бұл белгіні елемеуге болмайды, себебі ол басталып жатқан склерозға, ми мен қан тамырларының ауруларына ишара етуі мүмкін! Көбінесе мұндай шу жоғары қан қысымымен бірге пайда болады.

Дәріханадан алынатын дәрілер қан қысымын төмендетуге көмектеседі, бірақ оның нақты себебін жоймайды. Оның үстіне, таблеткалардың жағымсыз жанама әсерлері де болуы мүмкін!

Ал мына өсімдік қан қысымын реттейді, бас ауруын жояды, жараны жазып, асқорыту жүйесін жақсартады, бүйрек, қуық, бауыр, қан тамырлары мен жүйке жүйесін емдейді. Қан тамырларын тазарту үшін бұл өсімдікті мынадай жолмен пайдаланыңыз:

▫️Қарақұйрық (пастушья сумка) жапырағы — 1 шай қасық

▫️Су — 1 стақан

Дайындау және қолдану тәсілі:

Кешке өсімдік жапырағын салқын суға салып қойыңыз. Таңертең тұнбаны сүзіңіз. Күніне 4 рет, тамақтан 30 минут бұрын 2 ас қасықтан ішіңіз.

* * *

ҚАН ҚЫСЫМЫН ДӘРІСІЗ ТҮСІРУ

▫️1 және 2-нүктелер

Сызық құлақтың сырғалығының сәл төменгі тұсынан басталып, мойын бойымен төмен қарай жүреді (суретте көрсетілгендей). Бұл сызықты қатты басудың қажеті жоқ – саусақтың ұшымен жеңіл ғана бастапқы нүктеден соңына дейін сипап өтіңіз. Бұл әрекетті басыңыздың екі жағынан да 10 рет қайталаңыз.

▫️3-нүкте

Келесі сызық құлақ сырғалығының деңгейінен (құлақтан шамамен 1 см) басталып, доға тәрізді мұрынға қарай бағытталады. Осы сызық бойымен екі жағынан да саусақтың ұшымен жеңіл уқалаңыз. Теріні басып қажеті жоқ. Массаж кезінде демалып, оң нәтиже туралы ойлауға тырысыңыз.

Бұл жаттығуды 5 минут орындау – қан айналымын оңтайлы күйге келтіреді.

* * *

Бал мен ас содасы — қауіпті  ауруларға қарсы керемет ем

Қазіргі таңда ең қауіпті және өлімге әкелетін ауру — бұл қатерлі ісік. Бұл – көптеген адамның өмірін жалмайтын індет. Бүгін біз ұсынатын қоспа қатерлі ісікке қарсы күресте өте жақсы нәтиже береді.

Ас содасы ісік жасушаларының өсуін тежейді және ағзадағы қант деңгейін төмендетеді. Ал бал сау жасушаларды сақтауға көмектеседі. Біз сізге қатерлі ісікке қарсы үй жағдайында дайындалатын қарапайым әрі қуатты рецепт ұсынамыз.

Құрамы:

1 ас қасық ас содасы

3 ас қасық бал

1 ас қасық ас содасын кішкене ыдысқа салыңыз. Үстіне 3 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспа паста тәрізді болған соң, оны баяу отта 1–2 минут қыздырыңыз.

✔️Сіздің үй жағдайындағы еміңіз дайын! Бұл қоспадан күніне 3 ас қасықтан қабылдаңыз, 30 күн бойы үзбей ішіңіз. Таңғы, түскі және кешкі астан кейін қабылдауға болады. Ең бастысы — үздіксіз қабылдау керек.

* * *

ШИЕ СӨЛІ – ҰЗАҚ ҒҰМЫРДЫҢ ЭЛИКСИРІ

Шие шырыны – табиғи антиоксиданттарға бай, ағзадағы зат алмасуды жақсартып, жүйке жүйесін тыныштандыратын ерекше өнім. Оның құрамындағы белсенді заттар жасушаларды қалпына келтіреді, иммунитетті нығайтады және қартаю процесін баяулатады.

Міне, шие шырынының негізгі пайдасы:

Артритке қарсы

Шие шырыны буын ауруларын жеңілдетіп, қабынуды басады.

Рецепт: 1 стақан сүйексіз шиеге 1 стақан ыстық сүт құйып, сәл суыған соң күні бойы бірнеше ұрттап ішіңіз. Курс – 14 күн.

Қан қысымын төмендетеді және зәр айдайды

Шиенің сағағы (плодоножка) зәр айдайды және гипертонияға қарсы жақсы көмекші.

Рецепт: 10 г сағақты 1 стақан қайнаған суға құйып, 40 минут тұндырып, күні бойы ішіңіз.

Асқазан жарасына қарсы

Шиенің кептірілген тамыры ежелден асқазан жарасын емдеуде қолданылған.

Рецепт: 0,5 стақан ұнтақталған тамырға 1 литр су құйып, 4-5 сағат тұндырыңыз. Сосын 15 минут қайнатып, тағы 1 сағат тұндырып қойыңыз. Күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 1/3 стақан ішіңіз. Курс – 2 апта.

Тыныс жолы қабынғанда көмектеседі

Жылы шие шырыны – жақсы қақырық түсіретін құрал. Тамақ ауырғанда, жөтелде пайдалы.

Миға пайдасы зор

Шие есте сақтау қабілетін жақсартып, жасушалардың қартаюын баяулатады. Диабетке бейімділікті азайтады.

Мұрын қанын тоқтатады

Жаңа ұсақталған шие жапырақтарын тампон түрінде мұрынға қойса, қан тоқтатады.

 

Назар аударыңыз!

Шие мен тәтті шиені мұздатқанда тек 10–12% пайдалы заттар жоғалады. Ал компот пен тосапта олардың 80%-ға дейін емдік қасиеттері сақталады.

* * *

БАС АУРУЫНА СОҢҒЫ НҮКТЕ. ШАХ ЖӘНЕ МАТ!

Ми тамырларын тазарту – жалпы ағзаны жақсартудың аса маңызды әдісі. Ол тек бас ауруынан ғана емес, мойын омыртқасындағы остеохондроздан, атеросклероздан және басқа да күрделі мәселелерден арылуға көмектеседі.

Тамырлар тазартылғаннан кейін:

– бас жеңілдейді,

– ауырсыну жоғалады,

– ой ашылады,

– көңіл күй көтеріледі.

Ми тамырларын тазартудың 5 әдісімен таныс болыңыз:

1. Әдіс – БАЛ ЖӘНЕ ЖАҢҒАҚ

5 дана жаңғақты үгітіп, 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Үстіне аздап даршын мен имбирь ұнтағын қосыңыз. Бір тәулік тоңазытқышта тұндырып, күніне 3 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан жеңіз.

2. Әдіс – ПИЯЗ ШЫРЫНЫ ЖӘНЕ БАЛ

Пияздан 1/3 стақан шырын сығып алып, 1 стақан табиғи балмен араластырыңыз. Күніне 3 рет, тамақ алдында 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Бұл қоспа тамырларды тазалап қана қоймай, иммунитетті де күшейтеді.

3. Әдіс – ТАБИҒИ ШЫРЫНДАР

Күніне 2 рет – түскі және кешкі астың алдында 30 минут бұрын 0,5 стақан анар, алма немесе сәбіз шырынын ішіңіз. Шырындар міндетті түрде табиғи болсын, ең жақсысы – жаңа дайындалған.

4. Әдіс – БУРЫШ ТАМЫРЫНЫҢ ТҰНБАСЫ

10 грамм кептірілген бурыш (лопух) тамырына қайнаған су құйып, термосқа 8–10 сағатқа қалдырыңыз. Сүзіп, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңертең ашқарынға 4 ас қасықтан ішіңіз. Курс – 1 ай.

5. Әдіс – ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР КОМПЛЕКСІ

Таңертең ашқарынға 1 мандарин, 1 уыс мейіз және бірнеше жаңғақ жеңіз. 15–20 минуттан соң 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған стақан су ішіңіз. Тағы 10–15 минуттан кейін таңғы асыңызды іше беруге болады.

* * *

Ауырған буындарға не істеу керек

2 ас қасық нашатырь спиртін (тек 5%-дық, өйткені 10%-дықтың иісі өте өткір) және 2 ас қасық шайырлы скипидарды (бөтелкесінде міндетті түрде ГОСТ белгісі болуы керек) алыңыз. Сондай-ақ 2 шикі жұмыртқа қажет.

Барлығын жақсылап араластырып, шайқап алыңыз — қоюлау сары түсті қаймақ тәрізді қоспа шығады.

Осы қоспаны түнде иық, тізе буындарына, сондай-ақ қол мен аяқ саусақтарының буындарына ысқылап жағу керек. Ауырсыну бірінші рет қолданғаннан-ақ басылады.

* * *

Омыртқа мен буындардағы тұзды қалай шығару керек

Рецепт:

▫️5 грамм лавр жапырағын алып, 300 мл суға салып, 5 минут қайнатыңыз

▫️Содан кейін термосқа құйып, 3–4 сағат тұндырыңыз, сосын сүзіп алыңыз

Бұл тұнбаны 12 сағат ішінде ішіп тауысаңыз керек.

Бұл процедураны 3 күн қатарынан жасаңыз, содан кейін 1 аптадан соң қайта қайталаңыз. Алғашқы жылы буындарды тазарту рәсімін әр тоқсан сайын жүргізу ұсынылады. Кейін профилактика үшін жылына 1 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті.

* * *

Тамақ ауруы мен ангинаға қарсы рецепт

Дайындалуы:

✔️ 2 шай қасық балға 0,5 шай қасықтан артық емес куркума қосамыз

✔️ Жақсылап араластырып, біртекті қоспа болғанша еземіз

✔️ Қоспаны шамамен 35 минутқа қойып қою керек – бұл уақыт ішінде ингредиенттер бір-бірімен әрекеттесіп, әсері күшейеді

Қолданылуы: Бір қабылдауға 1 шай қасық жеткілікті. Қоспаны ауызда өте баяу ерітіп, 15–20 минут ішінде сорып жүру керек. Осыдан кейін 30 минуттай ішіп-жеуге болмайды – куркума мен балдың шырышты қабыққа әсер етуі үшін.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: