| 07/10/2025, 20:33 | |
ГАСТРИТКЕ ҚАРСЫ ҚҰРАЛДАР Облепиха шырынынан күніне 3 рет, тамақтан 1 сағат бұрын 1 стаканнан ішу керек. 100 г бидай дәнін суға салып қойыңыз. Өскіндер шыққан соң, оларды жуып, еттартқыштан өткізіңіз, дәміне қарай өсімдік майын қосыңыз. Ашқарынға жеңіз. 250 г бал, 0,6 л зәйтүн майын алып, оған 2 лимонның шырынын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шыны банкеге құйып, салқын жерде сақтаңыз. Қабылдамастан бұрын шайқаңыз. Тамақтан 30 минут бұрын күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. * * * Варикоз кезінде Варикозды кеңейген тамырлардан зардап шеккен науқасқа дәрігерлер түйіндерді және кейбір тамырларды алып тастау үшін ота жасауды ұсынған. Алайда ол отадан бас тартқан. Алланың көмегімен үгітілген мускат жаңғағының тұнбасын іше бастаған. Бір жыл ішкен соң толықтай сауығып кеткен. Дәрігерлер қатты таң қалған. Тұнбаны дайындау рецепті: 200 г үгітілген мускат жаңғағын 1 л араққа салып, 10 күн тұндыру керек. Содан соң сүзіп, күніне 3 рет 20 тамшыдан қабылдайды. Бұл ақпарат тек таныстыру мақсатында берілген. Кез келген кеңесті, рецептті немесе халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігерден кеңес алыңыз. * * * БУЫНДАР СЫРҚЫРАП АУЫРСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Буын ауруынан ешкім сақтанбаған – бұл дерт ересекке де, балаға да аяушылық танытпайды. Егер өзіңізді жақсы сезінгіңіз келсе және ауруға жеңілмесеңіз, мына кеңесті қолданыңыз: 5%-дық нашатыр спиртінен (өйткені 10%-дық өте жағымсыз иісті) және ГОСТ белгісі бар скипидардан екі ас қасықтан алыңыз, оған екі шикі жұмыртқа қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, қою сары түсті қаймақ тәрізді қоспа болғанша шайқаңыз. Осы қоспаны түнде иық, тізе, сондай-ақ қол мен аяқ саусақтарының буындарына ысқылап жағыңыз. Ауырсыну алғаш қолданғаннан-ақ басылады. Қазір ол ай сайын 5 күн бойы осы емдік майды қолданады, сосын бір ай бойы ауырсынусыз жүреді. * * * Дәрісіз қан қысымын түсіруге көмектесетін әдіс бар ▫️1 және 2-нүктелер Сызық құлақтың сырғалығының сәл төменгі тұсынан басталып, мойын бойымен төмен қарай жүреді (суретте көрсетілгендей). Бұл сызықты қатты басудың қажеті жоқ – саусақтың ұшымен жеңіл ғана бастапқы нүктеден соңына дейін сипап өтіңіз. Бұл әрекетті басыңыздың екі жағынан да 10 рет қайталаңыз. ▫️3-нүкте Келесі сызық құлақ сырғалығының деңгейінен (құлақтан шамамен 1 см) басталып, доға тәрізді мұрынға қарай бағытталады. Осы сызық бойымен екі жағынан да саусақтың ұшымен жеңіл уқалаңыз. Теріні басып қажеті жоқ. Массаж кезінде демалып, оң нәтиже туралы ойлауға тырысыңыз. Бұл жаттығуды 5 минут орындау – қан айналымын оңтайлы күйге келтіреді. * * * Ағзаны тұздан тазартып, буындарды жеңілдетеміз – мейіз бен бал арқылы Ағзаны тұздан тазарту үшін таңертең аш қарынға бір уыс мейіз жеу керек. Одан кейін 2 сағат бойы тамақ ішпей, су да ішпей күтіңіз. Келесі күні таңертең 1 ас қасық бал жейміз және тағы да 2 сағат бойы ештеңе ішіп-жемейміз. Осылайша бір күні – мейіз, келесі күні – бал деп кезектестіріп, екеуі толық біткенше жалғастырасыз. Толық курсқа 1 килограмм мейіз және 1 килограмм бал қажет. Қалай буындардағы ауырсыну жоғалғанын байқамай да қаласыз. * * * БАУЫР АУРУЫНА ЕМ Календула гүлдері мен сәбіз тұқымынан дайындалған шай бауыр мен өт қабы ауруларына жақсы көмектеседі, өт бөлінуін жақсартады және холецистит пен гепатит кезіндегі қабынуды азайтады. Құрамы: 2 ас қасық календула гүлі, 200 г қайнаған су, 1 ас қасық сәбіз тұқымы, 400 г ыстық сүт. Календула гүлдерін қайнаған сумен құйып, 2 сағат тұндырып қойыңыз. Сәбіз тұқымын қайнауға жақын ыстық сүтпен құйып, қараңғы жерге 1 сағатқа қойыңыз. Екі тұнба дайын болған соң, сүзіп, араластырыңыз. 📌 Календула мен сәбіз тұқымының шайын таңертең аш қарынға жарты стақаннан ішіңіз. 6 күн ішіп, 3 күн үзіліс жасаңыз, сосын емдеу курсын қайталаңыз. * * * Тізе ауруынан құтылудың тәсілдері 📌Ауру сезімі пайда болғанда компресс жасаңыз: 12 ас қасық аммиакты, 3 ас қасық суды, 1 шай қасық балды араластырып, оған қара бидай ұнын (егер қара бидай ұны болмаса – бидай ұнын) қосыңыз. Барлығын араластырып, жұқа тоқаш сияқты қамыр жасаңыз да, оны тізеңізге қойып, үстінен жүннен жасалған орамалмен ораңыз. 📌Егер тізеңіз қатты ауырып тұрса, 2 жаңа піскен тауық жұмыртқасын және 2 ас қасық 9%-дық сірке суын алып, жақсылап араластырыңыз. Дәкені осы қоспаға малып, ауырған жерге қойыңыз. Үстінен қызыл жүн матамен байлап қойыңыз. * * * Даршын қосылған шай өміріңізді ұзарта алады Тұрақты түрде ішу арқылы бал мен даршын қосылған шай қартаюды тежейді. 1 ас қасық даршынды 3 стакан суға демдеп, суытып алыңыз. Оған 4 ас қасық бал қосыңыз. Бұл қоспадан күніне 3-4 рет 1/4 шай стаканынан ішіңіз. Теріні жұмсақ әрі балғын күйде сақтап, қартаю процесін баяулатады. ▪️Есте сақтаңыз — даршынның тағамдық құндылығы (1 ас қасық): калория – 6 ккал, магний – 0.38 мг, тағамдық талшықтар – 1.24 г, темір – 0.86 мг, кальций – 27.84 мг * * * ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕВРАЛГИЯ – оңай дерт емес! Көп адамға бұл қарапайым ғана рецепт осы дерттен біржола құтылуға көмектесті. Жақсару әдетте алғашқы процедурадан кейін-ақ байқалады. 📌Йод пен глицеринді (дәріханада сатылады) тең мөлшерде араластырып, қоңыр түсті әйнек бөтелкеге құйыңыз. Жақсылап шайқаңыз. Дайын қоспаға мақта тампонды малып, омыртқадан басқа бүкіл ауырған тұсты, арқаңызды сүртіп шығыңыз. Ырқылатып ысқылаудың қажеті жоқ – жай ғана жағыңыз. 📌Содан соң мақта-мата іш киім киіп, (қалың жамылмаудың қажеті жоқ!) ұйықтауға жатыңыз. Барлығы 15 процедура қажет, оларды күнара (түнге қарай) жасау керек. Курсты толық өту міндетті. Бұл рецепт радикулит, миозит және көгеріп-ісінулерге де жақсы көмектеседі. * * * "Черешняға" ғашық болуға 5 себеп ▫️Жадыны жақсартады. Әсіресе қара "черешня" — есте сақтау қабілетін күшейтетін антоциан затының көзі. ▫️Тері ауруларына көмектеседі. Безеулер мен бөртпелер ағзада жиналған уыттардан пайда болады, ал "черешня" сол уыттарды тазартып, ағзаның ішкі ортасын сауықтырады. ▫️Ұйқыны жақсартады. Бұл жидекте ұйқы циклын реттейтін және ұйқысыздықпен күресетін мелатонин көп мөлшерде болады. Сол арқылы ұйқыны қалыпқа келтіруге көмектеседі. ▫️Жүрек ауруларының қаупін азайтады. "Черешня" май мен қант алмасуына жауап беретін гендерді белсендіреді, бұл қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылауда ұстауға көмектеседі. ▫️Салмақ тастауға ықпал етеді. "Черешняның" басты «суперкүші» – адамды ұзақ уақыт тойған күйде ұстап, В дәрумендерінің арқасында зат алмасуды жеделдетеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
