| 30/09/2025, 09:21 | |
ӘЖІМГЕ ҚАРСЫ МАСКА – БАРЛЫҚ ТЕРІ ТҮРІНЕ АРНАЛҒАН Бұл маска теріні ылғалдандырып, оны барлық қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Соның арқасында терінің жас әрі серпімді қалпын ұзақ сақтауға көмектеседі. ⠀ Процедура алдында теріні скрабпен тазалап алған жөн – сонда маска жақсы сіңеді. Масканы дайындау үшін: 1 ас қасық ақ сазды, 1 шай қасық глицеринді, 1 шай қасық теңіз шырғанақ майын және 1 шай қасық суды араластырыңыз. ⠀ Барлығын мұқият араластырып, дайын массаны бетке біркелкі жағып, 15 минут ұстаңыз. Содан соң сумен жуып тастаңыз. Артынан өзіңіз қолданатын бетке арналған кремді жағыңыз. Бұл әжімге қарсы маска өте тиімді және қолжетімді. Барлық құрамдас бөліктерін кез келген дәріханадан оңай табуға болады. Масканы аптасына 1-2 рет жасаған жеткілікті. * * * ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ЭЛИКСИР Бұл эликсирді бірнеше ай бойы күн сайын ішсеңіз, қан тамырлары тазарады, қысым қалыпқа келеді және жады жақсарады. Дайындау үшін қажет: 1 лимон (қабығымен бірге) – ұсақтап турау керек; 1 бас сарымсақ – ұсақтап турау; 1 ас қасық бал; 1 литр жылы қайнаған су. Дайындау жолы: ✔️ Барлығын бір банкаға салып, үстін салфеткамен жауып қойыңыз. ✔️ 3 күн бойы тұндырып, кейін дәкемен сүзіңіз. ✔️ Тамақтан кейін күніне 3 рет 1-2 ас қасықтан ішіңіз. Қалауыңызша бұл эликсирді балсыз да жасауға болады. * * * БҮЙРЕКТІ "ҚҰМНАН" ЖӘНЕ "ТАСТАН" ТАЗАРТУ Қажетті заттар: – Қара сүйексіз мейіз; – Қара бұрыш (горошек түрінде, хош иісті емес). Қалай жасаймыз? Әр мейізді екіге бөліп, ішіне бір түйір қара бұрышты салып, қайтадан жапсырамыз. Қабылдау сызбасы: 1-күн – 1 мейіз, 2-күн – 2 мейіз, 3-күн – 3 мейіз — осылай 10-шы күнге дейін арттырасыз. 11-күні – 10 мейіз, одан кейін керісінше азайтыңыз: 12-күн – 9, 13-күн – 8, 14-күн – 7... және соңында 1 мейізбен аяқталады. Міндетті түрде мұқият шайнап жеу керек. Тек таңертең, таңғы ас алдында қабылданады. Егер 5 немесе одан да көп мейізді шайнағанда тіл аши бастаса — су ішіңіз. 21 күндік курстан кейін 3 күн бойы несеп айдайтын шөптерді ішіңіз. 3 күн үзілістен соң, дәл осы сызбамен мейізді тағы 20 күн ішесіз. Тағы да 3 күн несеп айдайтын шөптер мен өрік (құрма) қабылдайсыз. Жалпы — 3 толық курс жасалады. Алғашқы күндері несеп тұнбалы болуы мүмкін, кейін "құм" шыққан соң түсі ашықтанады. ❗️Емнен кейін міндетті түрде УДЗ (УЗИ) жасатыңыз. * * * Ми қан айналымын жақсартатын ең пайдалы шөп Сіз миыңыз бен ағзаңыздың шаршағанын сезіндіңіз бе? Біле жүріңіз, қажетті қуат беретін хош иісті әрі қуатты шөп бар. Ол жылы климатта жақсы өседі және дәмдеуіш ретінде кеңінен қолданылады. Адамдар ғасырлар бойы розмариннің емдік қасиеттерін денсаулық мәселелерін емдеуде пайдаланып келеді. Бұл керемет өсімдіктің кейбір артықшылықтары мыналар: — Розмарин жүрек пен қан айналымының жұмысын жақсартады. Ми қан айналымын және жүрек жұмысын жақсарту үшін розмаринді былай қолдану ұсынылады: 1 шай қасық жапырағын 2 стақан қайнаған суға салып, термоста 30 минут тұндырады, сосын сүзеді. Күніне 3 рет, тамақтанар алдында 1–2 ас қасықтан қабылдайды. * * * Денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер ⠀▫️Мускат жаңғағы – бұл дәмдеуішті тағамға қосу шаршауды басып, күш-қуат береді. ⠀▫️Гүлшетен (гвоздика) – егде жастағы адамдарға пайдалы, атеросклерозға қарсы күресуге және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. ⠀▫️Шафран – аз мөлшерде ас қорытуды жақсартып, асқазанды нығайтады. ⠀▫️Даршын – асқазанды нығайтып, склероз бен невроздың алдын алуға көмектеседі. ⠀▫️Кардамон – мидың жұмысын белсендендіреді, шаршау мен күйзелістен арылуға көмектеседі, потенцияны арттырады. * * * ГЕМОРРОЙҒА ҚАРСЫ ҚҰРАЛ Асқорыту жүйесінің бұзылуының жағымсыз әрі жиі кездесетін салдарының бірі – геморрой. Тік ішектегі ауырсыну мен үлкен дәрет кезінде шыққан ашық қызыл қан геморройдың бар екенін білдіреді. Бұл жағдайда жақсы көмектесетін құрал – інжір. 3–4 інжірді алып, ыстық күйде дайындалған иван-шай жапырағының (1:10 қатынасында) тұнбасымен жуып, сол тұнбада бір түнге жібітіп қоямыз. Таңертең ашқарынға інжірді жеп, артынан ішінде жібітілген иван-шайдың тұнбасын ішіңіз. Кешке бұл процесті қайта жасаңыз. Мұндай емді 3–4 апта бойы жалғастыру қажет. * * * АЯҚТАҒЫ ІСІНУГЕ ҚАРСЫ ПЕТРУШКАНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАСИЕТІ Петрушканың пайдалы қасиеттері туралы бұрыннан белгілі. Жақында ғана оның тағы бір ерекше қабілеті анықталды – денеден артық сұйықтықты шығарып, ісікті азайту. Ісіктер – ағзадағы түрлі ауытқулардың, әсіресе қан айналымының, ас қорыту және бүйрек жұмысының бұзылуының белгісі болуы мүмкін. Олар адамның жалпы жағдайын нашарлатып, денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Петрушка – табиғи және өте тиімді несеп жүргізетін өсімдік. Ол: ағзаны уыттардан тазартады, ас қорыту жұмысын жақсартады, артық сұйықтықты шығарып, ісікті басады, иммунитетті күшейтеді. Егер қышқыл сүт өнімдерімен (мысалы, айранмен) бірге қолдансаңыз, әсері арта түседі. Мұндай қоспаны таңғы ас орнына немесе кешке ішуге болады. Ал арықтағыңыз келсе, оған аздаған имбирь, аскөк пен сарымсақ қосуға болады — олар май жағуға көмектеседі. Рецепт 1 3 шай қасық ұсақталған жаңа немесе кептірілген петрушка тамыры, 0,5 стакан қайнаған су, 1 шай қасық бал. Петрушканы термосқа салып, үстіне қайнаған су құйып, түнге қалдырыңыз. Таңертең сүзіп, бал қосыңыз. Тамақ алдында күніне 4 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Рецепт 2 1 шай қасық ұнтақталған петрушка тұқымы, 1 литр қайнатылып суытылған су. Суға салып, түнге қалдырыңыз. Таңертең сүзіп, әр үш сағат сайын 3 ас қасықтан ішіңіз. Бұл бауыр мен ісіну жағдайында да пайдалы. Рецепт 3 4 шай қасық ұсақталған петрушка тамыры, 0,5 стакан қайнаған су. 15 минут тұндырып, сүзіңіз. Бұл мөлшер екі күнге арналған. Рецепт 4 2 ас қасық петрушка тұқымының ұнтағы, 1 стакан қайнаған су. Тұқымды суға салып, 15 минут қайнатыңыз. Сүзіп, суытып, күні бойы бірнеше рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Рецепт 5 Петрушканы сүтке салып, қақпақпен жауып, пешке қойыңыз. Сұйықтықтың жартысы кеткенше баяу отта томалап алыңыз. Бұл отварды апта бойы әр сағат сайын 1 ас қасықтан ішу керек. * * * ШАШТЫ ҰЗЫН ЖӘНЕ ҚАЛЫҢ ЕТУДІҢ 7 ТАБИҒИ ТӘСІЛІ – НӘТИЖЕСІ БІР АЙДА! Әдемі, ұзын әрі қалың шаш – көпшіліктің арманы. Косметикалық маскалар тек сыртқы көріністі жақсартады, ал өсу мен ішкі қалпына келтіруді табиғи өнімдер ғана қамтамасыз етеді. Төменде шаштың өсуін тездететін, оны тығыз, сау әрі жылтыр ететін 7 тиімді үй маскасын ұсынамыз. 1. Алоэ шырыны Алоэ жапырағын ортасынан кесіп, сөлін сығып алыңыз. Бас терісіне массаж жасап жағыңыз. 2 сағат ұстасаңыз жеткілікті, бірақ ең жақсысы – түнге қалдыру. Содан кейін әдеттегі әдіспен жуып тастаңыз. 2. Алма сірке суы Басын жуғаннан кейін, бальзам орнына алма сірке суын жағыңыз. Шашқа жағып, шайып тастамай-ақ қойыңыз – өзі ағып кетеді. Бұл шашты жұмсартады, жылтыратады және өсуін ынталандырады. 3. Жұмыртқаның ақуызы 2 жұмыртқаның ағын жақсылап шайқап, көбікті қоспаны шашқа жағыңыз. Полиэтиленмен орап, үстінен жылы бас киім киіңіз. 40 минуттан соң жуып тастаңыз. 4. Қыша ұнтағы 2 ас қасық қышаны 2 ас қасық ыстық сумен араластырып, үстіне 1 сарыуыз, 2 ас қасық репей майы және 2 шай қасық қант қосыңыз. Қоспаны шаштың түбіне жағып, полиэтиленмен ораңыз. 1 сағаттан кейін жуып тастаңыз. 5. Коньяк пен жұмыртқа 1 рюмка коньякты 2 жұмыртқамен және аздаған зәйтүн майымен араластырыңыз. Бас терісіне және шаштың бүкіл ұзындығына жағып, 1 сағат ұстаңыз. Содан соң жуып тастаңыз. 6. Лимон мен пияз Жарты пияздың шырынын, 1 шай қасық репей майын, 1 лимон шырынын және 1 сарыуызды араластырып, бумен сәл қыздырыңыз. Шашқа жылы күйінде жағып, 1 сағаттан соң жуыңыз. 7. Даршын мен көк саз 2 шай қасық даршынды 4 шай қасық көк сазбен араластырып, 2-3 тамшы эфир майы қосыңыз. Шашқа 30 минутқа жағыңыз, кейіннен сусабынмен жуып тастаңыз. Маңызды! Кез келген масканы аптасына 2–3 рет қолданыңыз. Алғашқы нәтижелерді 1 ай ішінде байқайсыз. * * * БАУЫРДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАЗАЛАУ Егер бауыр артық жүктелген немесе дұрыс жұмыс істемесе, біз бұл жайсыздықты бірден сеземіз. Әлсіздік, энергияның жетіспеушілігі, бас айналу, жүрек айну, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, ас қорыту мәселелері және тері бөртпелері — бәрі де бауырда ақау бар екенін білдіреді. Үй жағдайында бауырды тазартудың оңай жолы – ментолды-лимонды сусын! Бұл мүлдем қауіпсіз құрал, ол организмді жақсартуға көмектесіп, бауырдан токсиндерді шығарады. Сонымен қатар, сусынның нәзік хош иісі мен сергітетін дәмі бар! Дәмді сусын. Құрамы: Бір уыс жаңа жалбыз (мята) жапырағы 1 лимон шырыны 1 апельсин шырыны Су – 1 литр Бал – 3 ас қасық Дайындау: 1. Суды терең металл ыдысқа құйып, плитада қыздырыңыз. 2. Жуылған жалбыз жапырақтарын суға қосып, баяу отта 5 минут қайнатыңыз. 3. Суды оттан алып, бөлме температурасына дейін салқындатуға мүмкіндік беріңіз. 4. Суға 1 лимонның және 1 апельсиннің шырынын, сондай-ақ 3 ас қасық бал қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. 5. Сусынды сүзгі арқылы сүзіп, дәрі дайын! Бұл дәмді сусын кез келген улануларға қарсы жақсы әсер етеді, ас қорыту жүйесіне оң әсерін тигізеді. Жазда шөлді тамаша басады! Бауырды тазарту процесін бастау үшін күн сайын 1 стакан осындай мятный сусынды ішсеңіз жеткілікті. * * * ПЕШТЕ ПІСІРІЛГЕН ПИЯЗ инсулинге тәуелді диабетпен ауыратындар үшін өте пайдалы. Орташа көлемдегі 6 басты қабығымен бірге пешке пісіру қажет. Күніне 3 рет, тамақтанар алдында, тазартылған 2 бас пияздан жеу керек. Емдеу курсы бір айға созылады. Пияз қандағы қантты тамаша төмендетеді, себебі оның құрамында ас қорыту бездерінің секрециясын және инсулин синтезін ынталандыру үшін қажет күкірт көп мөлшерде кездеседі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
