Халық емі
16/09/2025, 09:46

Өкпені тазартуға арналған рецепт

Емдік қоспаны дайындау үшін сізге қажет болады: бір түйір имбирь тамыры; 400 г қант; 2 ас қасық куркума; 400 г тазартылған және тілімделген сарымсақ; 1 литр су.

Суды кастрөлге құйып, отқа қойыңыз, қайнағаннан кейін оған сарымсақ, имбирь, куркума және соңында қантты қосыңыз. Қоспаны баяу отта судың жартысы қайнап кеткенше пісіріңіз. Содан кейін оттан алып, дайын қоспаны банкеге құйып, суытыңыз және тоңазытқышқа салыңыз.

Дайын қоспаны күн сайын таңертең ашқарынға 2 ас қасықтан ішіңіз. Бұл тыныс алу ағзаларының жылдам қалпына келуіне көмектеседі.

 

Ағзаға «екінші өмір» сыйлайтын сусын

Ағзада пайда болатын зиянды жасушаларды жояды немесе олардың өсуін тежейді!

3 ай бойы қабылдасаңыз, денсаулық тез қалпына келеді. Бұл нағыз кереметке ұқсайды.

Сізге керек болады: 1 дана қызылша, 2 сәбіз және 1 алма. Жақсылап жуып, қабығын аршыңыз, бөліктерге бөліп, шырынсыққышқа салыңыз да, алынған шырынды бірден ішіңіз. Дәмін сергек ету үшін лимон қосуға болады.

Пайдасы:

Қатерлі жасушалардың дамуына жол бермейді.

Бауыр, бүйрек, ұйқы безі ауруларынан сақтайды, асқазан жарасын емдеуге көмектеседі.

Өкпеге пайдалы, жүрек ауруларынан және жоғары қан қысымынан қорғайды.

Иммунитетті күшейтеді.

Көру қабілетіне жақсы әсер етеді: көздің құрғауы мен шаршауын азайтады.

Қатты дене еңбегі не жаттығудан кейінгі бұлшықет ауырсынуын жояды.

Токсиндерді шығарып, ішек жұмысын жақсартады. Теріңіз сау әрі жарқыраған болады.

 

Шашты қалыңдатуға арналған сиқырлы бальзам

Шаштың түсуін тоқтатып, оны қалыңдатуға арналған өте тиімді рецепт.

Жарты стақан айран, 1 жұмыртқа және 1 шай қасық какаоны араластырыңыз.

Қоспаны шаштың түбіне жағыңыз. Аздап кепкен соң – қайта жағыңыз. Осылайша бүкіл қоспа таусылғанша қайталаңыз.

Басты целлофанмен орап, үстінен сүлгімен жауып 20-25 минут ұстаңыз.

Шашыңызды сусабынмен жуыңыз, соңынан қалақай тұнбасымен шайыңыз.

Бұл масканы жиі (аптасына 2-3 рет) және кем дегенде 2-3 ай жасау қажет. Ол тіпті таз жерлерге де шаш шығарады, зақымданған шашты қалпына келтіреді, ал сау шашты әлдеқайда қалың етеді!

P.S. Өте ашық түсті шашқа қолданбаған жөн – аздап түсін өзгертуі мүмкін.

 

КӨК ДӘРІСІ – ҒАЖАЙЫП ЕМ

Қан қысымын ұмыту үшін бір уыс аскөк тұқымын алыңыз. Бір аптадан кейін өзіңізді сау сезінесіз!

Жоғары қан қысымы қалыпқа түседі, іш қату, асқазан мен қуықтағы ауырсыну жоғалады, несеп ұстай алмау мәселесі де шешіледі. Ол үшін шай қайнататын шәйнекке бір ас қасық (толтырып) аскөк тұқымын салып, үстінен жарты литр қайнаған су құйыңыз. Шәйнекті салфеткамен жауып не сүлгіге орап, 40 минут тұндырып қойыңыз – тұқымдар жақсылап демделіп, барлық пайдалы заттарын суға береді.

Дайын болған емдік тұнбаны шәйнектің мұрнынан бірден ішіңіз – күніне кемінде 7 рет, жақсысы 10 рет, әр жолы 3 жұтымнан.

⏳Ем курсы – 1 апта, содан соң ай сайын 2-3 күн ішіп тұруға болады, алдын алу мақсатында.

✔️Аскөк тұқымының бұл тұнбасы жоғарыда айтылған әсерінен бөлек, жөтелге, бронхитке, тамақ ауруларына қарсы көмектеседі, сондай-ақ ұйқысыздықтан құтқарады.

 

Бал мен зығыр тұқымы: иммунитет пен тамырларға арналған тиімді құрал

Қажетті ингредиенттер:

– 1 стақан су,

– 1 ас қасық табиғи бал,

– 1 ас қасық зығыр тұқымы,

– 1 жасыл алма.

Бар болғаны – алманы тазалап, қалған ингредиенттермен бірге блендерге салып араластырыңыз. Дайын болған қоймалжың қоспа тек тоқ ішекке ғана емес, бүкіл ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді. Бұл құралды аптасына екі рет қолдану ұсынылады.

 

Денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер

▫️Мускат жаңғағы – тағамға қосқанда ағзаны сергітеді, шаршауды басады.

▫️Гвоздика (қалампыр) – жасы үлкен адамдарға пайдалы, атеросклерозбен күресуге көмектеседі, есте сақтау қабілетін жақсартады.

▫️Шафран – аз мөлшерде ас қорытуды жақсартады, асқазанды бекітеді.

▫️Даршын (корица) – асқазанды нығайтады, склероз бен невроздың алдын алады.

▫️Кардамон – мидың жұмысын ынталандырады, шаршау мен күйзелістен арылтады, тіпті потенцияны күшейтеді.

 

Шығыс эликсирі

Егер бұл эликсирді күнделікті қабылдауды әдетке айналдырсаңыз – бір айдан кейін айналаңыздан таңдана қараған көзқарастарды байқайсыз!

Қажетті заттар:

100 мл жаңа сығылған лимон шырыны,

200 г бал,

50 мл сапалы зәйтүн майы.

Барлық ингредиенттерді мұқият араластырып, таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан ішіңіз.

Нәтижесі:

– Көзіңіз жарқырап, теріңіз тегістеліп, бетіңіз ажарланады;

– Асқазан-ішек жолының жұмысы қалпына келеді;

– Тамырлар мен бауыр зиянды қалдықтардан тазарады;

– Иммунитет күшейеді;

– Цистит пен пиелонефрит жайлы ұмытып кетесіз.

 

Паразиттерден тазару!

Паразиттерден және жалпы ағзаны тазартуға арналған қолжетімді әдіс — 21 күн бойы ащы жусан мен гүлшетенді (гвоздика) қабылдау.

Екі шөпті де кофе тартқышпен жеке-жеке ұнтақтау керек. Тартып болған соң, кофе тартқышты жақсылап жуу, әйтпесе иісі қатты сіңіп қалады.

Ұнтақталған шөптерді күніне бір шай қасықтан (ересектерге — қасықтың шөмішімен, балаларға — шөмішсіз) кешкі ас алдында қабылдайды. Алдымен жусан, содан кейін гүлшетен ішіледі. Кешке қабылдау ұсынылады, себебі паразиттер қараңғы уақытта белсенді болады. Жақсылап су ішіп жіберу керек (қалауыңызша балмен бірге), сонда жусанның ащысы мен гүлшетеннің күйдіргіш дәмі жеңілдейді.

Жусан – ересек паразиттерді жояды, гүлшетен – олардың жұмыртқалары мен дернәсілдерін.

21 күннен кейін әр үшінші күні профилактика ретінде қабылдауға болады.

Шөптерді қайнатуға болмайды, себебі термиялық өңдеу пайдалы заттарды жояды..

 

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН РЕЦЕПТТЕР

Грек жаңғағы, бал және лимон қоспасы

Бір стақан тазартылған грек жаңғағы, дәл сондай мөлшерде бал және бір лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды ұнтақтап, сұйық балмен араластырыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан 2 апта бойы қабылдаңыз.

Жаңа дайындалған жүзім шырыны

Ас алдында күніне 2 ас қасықтан ішіңіз. Өз-өзіңізді жақсы сезінгенше жалғастырыңыз.

Созылмалы шаршауды тез жоятын – қарағай инесі

Орманда жиналған инелерді жуыңыз, пеште 15 минут кептіріңіз. 2 ас қасық инені ұнтақтап, 200 мл суға салып, баяу отта 30 минут қайнатыңыз. Сосын 3 ас қасық бал қосып, үстін жауып 1 сағат тұндырыңыз. Ұйықтар алдында күніне 1 ас қасықтан 10 күн ішіңіз.

Ескі әрі тиімді рецепт

200 мл сүт, 1 ас қасық бал және 0,5 ас қасық түймедақ (ромашка) гүлшоғырын алыңыз. Түймедақты сүтке салып қайнатыңыз, содан кейін бал қосып ерітіңіз. Сүзіп, ұйықтар алдында ішіңіз.

Иммунитетті қолдауға, әсіресе ер адамдарға арналған рецепт

Асқабақ дәні, бал және коньяк қоспасы. 0,5 стақан тазартылған дәндерді сұйық балмен араластырып, 2 ас қасық коньяк қосыңыз. Күніне 1 ас қасықтан ашқарынға кемінде 3 апта ішіңіз.

 

Ми тамырларының тарылуына қарсы!

Ми қан айналымының нашарлауында және тамырлардың тарылуында бас ауруы жиі пайда болады. Бұл адамға үлкен қолайсыздық тудырып, өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді.

Сізге ми қан айналымын жақсартып, бас ауруын бірнеше минут ішінде жеңілдететін табиғи құрал ұсынамыз!

Құрамы:

▫️Валериан тұнбасы – 100 мл

▫️Эвкалипт тұнбасы – 100 мл

▫️Пион тұнбасы – 50 мл

▫️Жалбызшөп (пустырник) тұнбасы – 100 мл

▫️Жалбыз (пере́чная мята) тұнбасы – 50 мл

▫️Долана (боярышник) тұнбасы – 100 мл

▫️10 дана гүлшетен (гвоздика)

▫️1 ас қасық бал

▫️10 гр имбирь ұнтағы

Барлық ингредиенттерді қара түсті шыны ыдысқа салып, қараңғы жерде 25 күн тұндырады, кейде шайқап тұрады. Содан соң сүзіледі.

Қолдану тәсілі:

Күніне 2 рет, таңертең және кешке, тамақтан 30 минут бұрын 25 тамшыдан ішеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: