Халық емі
08/09/2025, 18:06

КҮШТІ КОМБИНАЦИЯ!

Сарымсақ, бал және сірке суы – тіпті қатерлі ісікке қарсы тұра алатын күшті комбинация!

Астма, артрит, гипертония, бедеулік, белсіздік, тіпті рак – осы ауыр аурулардың бәрі бұл емдік эликсир алдында әлсіз. Бұл қоспа иммунитетті күрт күшейтіп, ағзадағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді.

Тұрақты қабылдағаннан кейін небәрі 2 апта ішінде ауыр дертке шалдыққандардың да жағдайы жақсара бастайды. Бұл эликсирдің ешқандай жанама әсері жоқ. Ал дені сау адамдар үшін – бұл нағыз табиғи байлық!

Құрамы: ▫️1 кесе алма сірке суы

▫️1 кесе табиғи бал

▫️10 түйір сарымсақ

Сарымсақты тазалап, барлық ингредиенттерді блендерге салып араластырыңыз. Қоспаны қақпағы тығыз жабылатын ыдысқа құйып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Қабылдау тәртібі:

Күнде таңертең ашқарынға 1 ас қасық ішіңіз. Артынша 15 минут бойы ештеңе жемеген жөн. Қалауыңызша, сумен немесе шаймен ішуге болады.

 

ЖҮЙКЕ КЕРНЕУІНЕ ҚАРСЫ ХАЛЫҚТЫҚ ЕМ

Сізге аскөк тұқымынан дайындалған тұнба көмектеседі. Аскөк тұнбасын үнемі ішетін адамдарда қан қысымы төмендейді, күйзеліс басылады, ұйқысыздық пен мигрень жойылады.

Тұнбаны дайындау үшін жарты шай қасық кептірілген аскөк тұқымын алып, бір стакан қайнаған су құйыңыз. 20 минут тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, қант не бал қосыңыз. Дайын тұнбаны үшке бөліп, күніне 3 рет ішіңіз.

 

БАУЫРДЫ, ӨТ ЖОЛДАРЫН, ҚАН ТАМЫРЛАРЫН ТАЗАРТАМЫЗ, ҰЙҚЫНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕМІЗ, ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАМЫЗ

Тазаланбаған сұлының 1 ас қасық мөлшерін 0,5 литр (мүмкіндігінше сүзілген) суға бір түнге жібітеміз. Егер сізде қан қысымы жоғарылауға бейімділік болса – 1 ас қасық арпа жармасын қосыңыз.

Таңертең сол суда қақпақсыз қатты жанған отта 2 минут қайнатамыз, кейін қақпағын жауып, баяу отта 5 минут жай қайнатамыз. Сосын сүлгімен орап,  10 минут тұндырамыз. Сүзіп алып, тамақ алдында және күн бойы ішеміз.

Немесе:

1 стакан сұлыны елеуіштен өткізіп, жуып, 1 литр қайнаған суға термоста бір түнге жібітеміз. Сүзіп алып, таңертең ашқарынға ішеміз. Бұл қайнатпаны күн бойына сақтауға болмайды – тез ашып кетеді.

♻️Емделу курсы – 10 күн.

Холестерин төмендейді, бет өңі жақсарады, тұздар, шлак пен құм шығады.

 

ІШЕКТІ ТАЗАРТАМЫЗ

Бұл рецепт ішекті өте жақсы тазартуға көмектеседі

Орташа көлемдегі қара редьканы алып, ұсақ үккіштен өткізіңіз (алдын ала жуып, қабығынан тазартыңыз).

Оған 2 ас қасық 6% алма немесе жүзім сірке суын, 4 ас қасық тазартылмаған күнбағыс майын, 1 ас қасық бал және 1 жұмыртқаның сарысын қосыңыз.

Барлық құрамды біркелкі масса шыққанша жақсылап араластырыңыз. Қоспаны 3 тең бөлікке бөліп, таңертең, түсте және кешке тамақтанар алдында ішіңіз.

⠀✅Ішекті мұндай тәсілмен аптасына бір рет тазалауға болады.

 

КАТАРАКТА МА?

Мына рецептті сақтап ашыңыз.

Көз саулығына арналған сәбіз, бал және лимон

Сәбіз – 2 үлкен дана

Лимон – 1 дана

Бал – 1 стакан

Сәбізді тазалап, ірі үккіштен өткізіңіз. Банкаға салыңыз. Лимонды қабығынан тазартып, дәндерін алып тастап, ұсақтап тураңыз.

Лимонның жақсы жуылған қабығын да қосуға болады.

Туралған лимонды сәбізге қосып, үстіне бал құйыңыз. Барлығын араластырып, қақпағын жауып, 10 күнге тоңазытқышқа қойыңыз.

Дайын қоспаны тамақтан жарты сағат бұрын күніне үш рет 1 шай қасықтан қабылдаңыз.

Бұл рецепт көздің саулығына пайдалы, бауырды токсиндерден тазартады. Катарактасы бар адамдарға да көмектеседі.

 

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖАҚСАРТАТЫН ҚЫЗЫЛША РЕПЕПТІ

1,5 кг тазартылған қызылшаны әрқайсын 4-5 бөлікке бөліп, үстіне 2 литр ыстық су құйыңыз. Орташа отта 1 сағат қайнатыңыз. Бір сағаттан кейін 1 ас қасық қант пен 1 ас қасық алма сірке суын қосыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз.

Тамақтанар алдында күніне 3-4 рет 30-40 мл қызылша тұнбасын ішіп, 1-2 тілім қызылша жеңіз. Бұл рецепт:

✔️қан құрамын жақсартады;

✔️ағзаны тазартады – іш босататын, зәр айдайтын әсері бар, бауырды тазартады;

✔️ісіктерге қарсы әсері бар – қатерлі ісік жасушаларының өсуін тежейді;

✔️жыныс бездерінің қызметін жақсартады, жыныстық әлсіздікті емдейді;

✔️ағзаның төзімділігін арттырады – тіндердің оттегіні жақсы сіңіруін қамтамасыз етеді;

✔️жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады;

✔️қан қысымын төмендетеді;

✔️атеросклероз, жүрек аурулары, 2-типтегі диабет, остеопороздың алдын алады;

✔️жасартатын әсері бар – жаңа жасушалардың түзілуіне ықпал ететін заттар бар;

✔️климакс белгілерін азайтады;

✔️қан тамырларын кеңейтетін әсері арқасында “салқын аяқ” синдромын жояды;

✔️артерияларды, капилляр қабырғаларын, сіңірлер мен сүйектерді нығайтады;

✔️ағзаның әлсіреуіне және күштің төмендеуіне пайдалы;

✔️семіруге, әсіресе бауырдың семіруіне қарсы әсер етеді.

 

ГРЫЖА.

көмектесетін ем түрі

Қабынуды басуға каланхоэ өсімдігі көмектеседі. Бұл – бөлме өсімдігі. Жапырағының үстіңгі жұқа қабатын алып тастап, ауырған жерге қойыңыз. Пластырьмен бекітіп, шарфпен орап, түні бойы қалдырыңыз.

Балды шырша майымен тең мөлшерде араластырыңыз. Қоспаны ауырған жерге жағып, түнге қалдырыңыз. Өте тиімді әдіс.

Қозғалыс-тірек жүйесі ауруларынан қиналмау үшін алдын алу шараларын ұмытпаңыз. Ол міндетті түрде арнайы жаттығулардан тұратын физикалық белсенділік болуы тиіс.

 

ТІЗЕ АУЫРСА ОСЫ ЕМДІ ЖАСАҢЫЗ

Ғажайып – желатин!

▶️Кешке қарапайым 1 шай қасық желатинді 1 стакан қайнаған (бөлме температурасындағы) сумен араластырып қойыңыз.

▶️Таңертең 2 апельсиннің шырынын сығып, оны желатинді сумен блендерде 1-2 секунд араластырыңыз.

▶️Қоспаны ашқарынға бірден ішіп алыңыз. Тамақты жарты сағаттан кейін ішесіз.

Курс – 10 күн, содан соң 10 күн үзіліс. Жалпы 3 курстан өткені дұрыс.

Апельсинсіз, тек сумен де ішуге болады.

Нәтижесінде тізе ауырмайды, тырнақтар қатаяды және сынғыштығы жоғалады.

 

АҒЗАНЫ ТАЗАРТУ

Қан тамырларын тазарту үшін таңертең ашқарынға әр қабылдауға 30 мл ыстық су ішу керек. Емдеу курсы – 1 ай.

Бүйректерді тазарту үшін шалфей, жүгері собығының жіпшелері және бір шымшым рута қосылған қайнатпаны ішіңіз. Құрамы: 3 бөлік шалфей, 2 бөлік жүгері жіпшелері, 1 бөлік рута. Шалфей мен жүгері бүйректі нығайтады, ал рута қанды тамырларда жақсы айналуға көмектеседі.

Қан құрамындағы холестериннен тазарту үшін әр тамақтан 30 минут бұрын 1 стакан қайың шырынын 4–6 апта бойы ішу керек. 2 апта үзілістен кейін емді қайта жалғастырыңыз.

Бұл ағзаны тазарту тәсілін сібірлік емшілер ұсынады. Бірнеше қайың отынын орыс пешінде жағып, шыққан күлін жинап алыңыз. 3 ас қасық күлді 1 литр суда қайнатып, тұндыруға қойыңыз. Содан соң сүзіп, ашқарынға және ұйықтар алдында жарты стакан ішіңіз.

Ішекті тазарту үшін 1 стакан сарысуға 2 шай қасық тұз қосып, араластырып, таңертең ашқарынға ішіңіз. Егер әсері байқалмаса, келесі күні тағы қайталауға болады.

Ағзаны тазарту үшін орыс емшілері дәріханада сатылатын дала қырықбуынын қолдануға кеңес береді. Кептірілген және ұсақталған қырықбуынды шай сияқты демдеп, жағдай жақсарғанға дейін ішіңіз.

Ішекті тазарту үшін 0,5 кг қызылша мен сәбізді турап, үстінен көкөністердің бетінен 2 саусақ жоғары етіп қайнаған су құйыңыз. Отқа қойып, қызылша жұмсарғанша қайнатыңыз, сосын бір уыс қараөрік пен мейіз қосып, қайта қайнатқаннан кейін оттан алыңыз. 1 ас қасық мамыр балын салып, салқын жерде 12 сағат тұндырыңыз. Кейін сүзіп, күніне 3 рет 0,5 стаканнан 1 ай бойы ішіңіз.

 

ҚУЫРЫЛҒАН САРЫМСАҚ

Не үшін 3 күнде бір рет қуырылған сарымсақтың 6 түйірін жеу керек?

Сарымсақ – өте күшті табиғи антибиотик. Тіпті сарымсақ жегеннен кейін 24 сағат өтсе де, ол ағзаға белсенді әсерін жалғастыра береді! Паразиттерді жойып, токсиндерден арылуға көмектесетін бұл ерекше өнім ішкі ағзалардың сауығуына ықпал етіп, тіпті созылмалы ауруларды емдеуге көмектеседі.

Сарымсақты табада қуырып немесе пеште пісіріп жеген пайдалы.

Егер осындай сарымсақты әр 2–3 күнде бір жеп тұрсаң, денсаулығыңдағы жағымды өзгерістерге таңғаласың! Ол қандағы холестерин деңгейін айтарлықтай төмендетіп, артерияларды тазартады және қан қысымымен байланысты мәселелерден арылуға көмектеседі. Қант диабеті кезінде де өте пайдалы. Бұл әдісті қолданғанда көп мөлшерде су ішуді ұмытпа! Екі аптадан кейін ағзаңдағы әрбір жасуша тазарады әрі жасарады.

Сарымсақ көптеген дәріханалық препараттарды алмастырып, денсаулығыңызды нығайта алады!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: