Халық емі
01/09/2025, 15:46

ЖАПОНДЫҚ АҒЗАНЫ ШЛАКТАРДАН ТАЗАРТУ ӘДІСІ

Даналығымен танылған жапондар ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартудың қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерімен бұрыннан бөлісіп келеді. Бүгін біз сізге әрбір үйде бар заттармен жасалатын ең әсерлі әдістердің бірін ұсынамыз.

Сізге қажет:

▪️1 стакан сутегі асқын тотығы (перекись водорода)

▪️1 ас қасық зімбір ұнтағы

✔️Тазды ыстық сумен толтырыңыз, сутегі тотығын құйып, зімбір ұнтағын қосыңыз. Аяқтарыңызды осы ваннада 30 минут ұстаңыз.

♻️Бұл процедура жасушаларды қалпына келтіруге, зақымданған тіндерді сауықтыруға және ағзаны зиянды бактериялар мен токсиндерден тазартуға көмектеседі.

 

ҚЫШАНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

Аяқтың шаршауы

2 ас қасық қышаны 2 литр ыстық сумен араластырып, аяқтарыңызды 30 минутқа салып қойыңыз.

Тамақтың ауыруы

Бірнеше тамшы лимон шырынын, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық бал, 1/2 шай қасық қыша және 100 мл жылы суды араластырып, тамақты күніне 4-6 рет шайыңыз.

Гайморит, мұрын бітелуі

Матаға ыстық су сеуіп, ішіне құрғақ қыша салып ораңыз да, мұрынға немесе қастың арасына қойыңыз.

Арқа ауруы, артрит, сіңірдің созылуы

220 г құрғақ қыша ұнтағын ыстық суға біртіндеп салып, жақсылап араластырыңыз (түйіршік болмауы керек). Мұндай қышалы ваннаны 20 минут қабылдау керек.

 

ИММУНИТЕТТІКҮШЕЙТІП, АРЫҚТАТЫН ЗІМБІРЛІ ЛИМОНАД

Қажет болады:

✔️ екі ірі лимон

✔️ 10-15 см шамасында зімбір тамыры

✔️ екі литр салқын ауызсу

Лимонды жақсылап жуып, зімбірді тазалаймыз. Лимон мен зімбірді ірі етіп турап, блендерде ұсақтаймыз. Барлығын кувшинге салып, үстіне су құямыз да, түнге тоңазытқышқа қоямыз. Кейін сүзіп аламыз.

Зімбірлі лимонад — нағыз дәруменге толы, иммунитетті көтеретін тамаша құрал!

 

ТАМАҚТАҒЫ ШЫРЫШ пен ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖОЯМЫЗ

Тамақтағы қақырық пен мұрын бітелуі — жөтел мен тыныс алудың қиындауының ең кең тараған себептері. Өкпеде жиналған қақырық осындай денсаулық мәселелерін туындатады. Бұл мәселе өмірге қауіп төндірмесе де, өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді.

Құрамы:

▫️2 стакан су

▫️1 шай қасық бұрыш

▫️6-7 тілім зімбір

▫️1 шай қасық бал

Дайындалуы:

Суды қыздырып, қайнаған соң ішіне бұрыш пен зімбірді салыңыз. Қақпақпен жауып, бірнеше минут бұқтырып қойыңыз. Содан кейін оттан алып, суытыңыз. Соңынан бал қосыңыз. Бұл шайдан күніне 2-3 кеседен ішіңіз.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫН ТҮСІРЕТІН КЕРЕМЕТ РЕЦЕПТ

✔️ 5 ас қасық тау тарысы (горец птичий) мен 5 ас қасық долана жемісін эмальданған кастрюльге салыңыз;

✔️ Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, әлсіз отқа 10 минут қойыңыз;

✔️ Дайын тұнбаны шөптерімен және жемістерімен бірге шыны банкеге құйып, үстіне 1,5 стакан арақ қосыңыз;

✔️ Қақпағын мықтап жауып, жақсылап шайқап, 3 күнге қараңғы жерге қойыңыз;

✔️ 3 күннен кейін тұнбаны сүзіп, бөтелкелерге құйып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Дәріні тамақпен бірге күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Курсы — 5 апта. Қажет болған жағдайда әр 3 ай сайын қайталауға болады.

 

БАЛ мен ЗЫҒЫР ДӘНІ: ИММУНИТЕТ пен ТАМЫРЛАРҒА ПАЙДАЛЫ ҚҰРАЛ

Қажетті ингредиенттер: 1 стакан су, 1 ас қасық табиғи бал, 1 ас қасық зығыр дәні, 1 жасыл алма.

Жасалуы өте оңай: алманы тазалап, барлық ингредиенттермен бірге блендерге салыңыз. Алынған ботқа тек тоқ ішекке ғана емес, бүкіл асқазан-ішек жолына оң әсер етеді. Бұл қоспаны аптасына екі рет қолдану ұсынылады.

Көптеген ауруларға қарсы сарымсақ ликері

Мөлдір бөтелкеге 12 түйір сарымсақты төртке бөліп салып, үстіне 3 стакан қызыл шарап құйыңыз. Бөтелкені жауып, 2 апта бойы күн түсетін терезе алдына қойыңыз.

Күн сайын 2-3 рет шайқап тұрыңыз. 14 күннен кейін сүзгіден өткізіп, қараңғы шыны бөтелкеге құйып қойыңыз.

Бұл ликерді күніне 3 рет, 1 шай қасықтан, 1 ай бойы қабылдау керек.

Бұл — ағзадан тұздарды шығаратын, жұмыс қабілетін арттыратын, қанды тазартатын, иммунитетті көтеретін, тамырларды нығайтатын керемет құрал. Жүрекке өте пайдалы, қанды тазалап, ағзаны сергітеді. Артық майды кетіріп, зат алмасуды жақсартады. Әйелдер ауруларына және қабынуға қарсы таптырмас ем. Ағзаны зиянды қалдықтардан жұмсақ тазалайды.

 

ҰЙҚЫ БЕЗІН – ПАНКРЕАТИТТІ КАРТОП ШЫРЫНЫМЕН ЕМДЕУ

Картоп панкреатитті емдеуде жиі қолданылады. Бұл көкөніс диеталық қасиетке ие, әрі жараларды жазатын, қабынуға қарсы әсері бар. Сонымен қатар, картоп спазмды жақсы басады. Оны қайнатып немесе пісіріп жеуге болады, бірақ дәмдеуіштер қоспау керек!

Алайда, картоптың шырыны әлдеқайда пайдалы. Ол асқазанның шырышты қабатын қаптап, ас қорыту ферменттерінің шамадан тыс бөлінуіне жол бермейді. Өйткені бұл ферменттер қабынған ұлпаға кері әсер етеді.

Көбіне картоп шырынын сәбіз шырынымен араластырып қолданады, өйткені сәбіз ішек ауруларын емдеуге өте жақсы көмектеседі.

Дайындау рецепті:

Үш үлкен картоптың «көздерін» алып тастап, тазалаңыз.

1-2 сәбізді аршып, көкөністерді шырын сыққыштан өткізіңіз.

Шырынды ашқарынға ішіңіз, содан кейін 30 минут жатыңыз.

1 сағаттан кейін таңғы ас ішуге болады.

Курс: 7 күн ішіп, 7 күн үзіліс. Жалпы 3 курс жасау керек.

Өте тиімді әдіс!

ГЕМОГЛОБИНДІ ҚАЛАЙ КӨТЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Гемоглобин деңгейін көтеруге арналған арнайы рецептер. Төмендегі әдістердің ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз және оны үнемі қолданып жүріңіз — бұл ағзаға арналған табиғи «дәруменді қорек».

1 стақан грек жаңғағы мен 1 стақан шикі қарақұмықты ұнтақтап, 1 стақан балмен араластырыңыз. Күніне 1 ас қасықтан жеңіз.

Қараөрік, құрма, грек жаңғағы, мейізден әрқайсысынан 1 стақаннан алыңыз, еттартқыштан өткізіңіз. Үстіне бал қосып, 1–2 қабығымен бірге лимон салыңыз (лимонның орнына алоэ шырынын қосуға болады). Күніне 1–3 ас қасықтан жеңіз.

100 мл қызылша шырыны мен 100 мл сәбіз шырынын араластырып ішіңіз — гемоглобинді небәрі 2 күнде көтереді.

1/2 стақан алма шырыны, 1/4 стақан қызылша шырыны, 1/4 стақан сәбіз шырынын араластырып, күніне 1–2 рет ішіңіз.

 

АС ҚОРЫТУ МЕН БАУЫРҒА АРНАЛҒАН ҒАЖАЙЫП ҚҰРАЛ

0,5 кг бал, 0,5 литр зәйтүн майы және екі лимонның шырынын (немесе 50–100 мл алма сірке суын) араластырыңыз. Қоспаны тығыз жабылатын ыдысқа құйып, тоңазытқышта сақтаңыз. Қабылдамас бұрын ағаш қасықпен араластырыңыз. Бұл құрал асқазан мен ұлтабар жарасына, бауыр ауруларына пайдалы. Қоспаны күніне 3 рет, тамақтан 30–40 минут бұрын 1 ас қасықтан ішіңіз.

Асқазандағы ауырсыну әдетте 4–5 күн ішінде басылады.

♻️Емдеу курсын 3–4 аптадан кейін қайталауға болады. Сонымен қатар күніне 5–6 дана грек жаңғағының дәнін жеу ұсынылады. Бұл қоспа өте жоғары емдік әсерге ие.

 

ПАНКРЕАТИТ, ГАСТРИТ

Прополис – көптеген ауруларға қарсы тамаша құрал

Прополис пен сүттің үйлесімі ерекше әсер береді: ол суық тию мен өкпе ауруларын емдеумен қатар, жалпы жағдайды жақсартады, ұйқыны реттейді, ашушаңдық пен шаршауды басады.

▫️10%-дық прополис тұнбасын дәріханадан алған дұрыс. 25 мл көлемдегі флакон ұзақ уақытқа жетеді, ал бағасы да өте қолжетімді.

▫️Құралды кешке, ұйықтар алдында, 100 мл ыстық сүтке 20 тамшы прополис тұнбасын тамызып ішеді. Бұл курсты 10 күн бойы айына бір рет қайталап отыру керек. Жалпы емдеу ұзақтығы – 4–6 ай.

▫️Балаларда суық тию кезінде тұнбаның алғашқы тамшыларынан-ақ оң нәтиже байқалады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйықтар алдында 1/3 стакан ыстық сүтке 1–2 тамшы прополис тұнбасын тамызып беру жеткілікті.

▫️Панкреатит, гастрит, асқазан жарасы, бауыр аурулары кезінде де осы схема бойынша 6 ай бойы қабылдауға болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 16 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: