Халық емі
03/06/2025, 23:58

БУЫНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕТІН БАЛЬЗАМ

Құрамы: ▪️ 3 ас қасық мейіз

▪️ 40 г асқабақ дәні

▪️ 2 ас қасық желатин

▪️ 4 ас қасық күнжіт

▪️ 200 г бал

▪️ 8 ас қасық зығыр дәні

Дайындау тәсілі:

Барлық ингредиенттерді блендерге салып, біркелкі масса болғанша жақсылап араластырамыз. Қоспаны контейнерге құйып, тоңазытқышқа саламыз.

✔️ Күніне 2 рет: таңғы астың алдында 1 ас қасық, түскі астың алдында тағы 1 ас қасық қабылдау керек.

 

СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАУҒА ҚАРСЫ ҚҰРАЛДАР

✔️ Бір стакан тазартылған жаңғақ, сондай мөлшерде бал және бір лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды ұсақтап, сұйық балмен араластырыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан 2 апта бойы қабылдаңыз.

✔️ Ескі, бірақ тиімді рецепт: 200 мл сүтке 1 ас қасық бал мен 0,5 ас қасық түймедақ гүлінің құрғақ қоспасын қосыңыз. Түймедақты сүтпен бірге қайнау дәрежесіне дейін жеткізіп, балды ерітіңіз, сүзгіден өткізіп, ұйықтар алдында ішіңіз.

 

КӨЗ КӨРУІН ЖАҚСАРТАТЫН ХАЛЫҚТЫҚ РЕЦЕПТ

Алоэ – көру қабілеті нашар адамдар үшін нағыз құтқарушы. Біз сіздермен алоэ шырынынан дайындалатын ғажайып емдік рецептпен бөлісеміз.

Бұл құрал – көзге арналған нағыз дәрумендік бомба! Катаракта, көз ауырсынуы және қабақ қабынуын емдеуде сәтті қолдануға болады.

Керек заттар:

▫️100 г алоэ шырыны

▫️500 г ұнтақталған жаңғақ

▫️300 г бал

▫️3–4 лимон

Дайындалуы:

✔️Лимондардың шырынын сығып алыңыз.

✔️Сосын барлық ингредиенттерді блендерде біркелкі ботқа болғанша араластырыңыз.

✔️Қоспаны ішке 1 ас қасықтан күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын қабылдау керек.

Қоспаны 3 ай бойы үзбей қабылдаған дұрыс. Алғашқы 30 күн ішінде көруіңіз жақсарғанын байқайсыз!

Қоспаны тоңазытқышта 10 күнге дейін сақтау керек.

 

НЕЛІКТЕН БАНАНДЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ РАЦИОНЫҢЫЗҒА ҚОСУ КЕРЕК

✔️ Депрессиямен күресуге көмектеседі. Бананда триптофан көп – ол серотонин (бақыт гормоны) өндірілуіне әсер етеді. Сол себепті банан жегеннен кейін көңіл-күй жақсарады.

✔️ Сүйектерді нығайтады. Банан ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі – ол несеп арқылы шайылып кетпей, сүйекке сіңіп, оларды қатайтады. Бұл әсіресе кальцийді шайып жіберетін кофені жиі ішетін адамдар үшін маңызды.

 

✔️ Ішек микрофлорасын жақсартады. Банан құрамындағы ферменттер негізгі тағаммен бірге түскен пайдалы заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.

✔️ Іш қатуға қарсы. Банан іш қатудан зардап шегетіндер үшін өте пайдалы. Оны тұрақты тұтыну бұл мәселені жояды.

✔️ Асқазан жарасына пайдалы. Банан асқазанның қабырғасын қаптап, оны тамақ құрамындағы қышқылдар мен зиянды заттардан қорғайды. Бұл жаралардың жазылуына және тыртықтануына ықпал етеді.

 

ЖҮРЕК РИТМІ БҰЗЫЛҒАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰНБАЛАР ҚОСПАСЫ

Дәріханадан спиртпен дайындалған долана, валериана, жалбызтікен (пустырник) және сұлы тұнбаларын тең мөлшерде алыңыз. Барлығын шыны ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жабыңыз.

Аритмия ұстамасын басу үшін қоспаны жақсылап шайқап, 1 шай қасық мөлшерін бір стақан суға араластырып, кішкене жұтымдап ішіңіз.

 

БАУЫР мен ӨТ ҚАБЫНА КӨМЕК

Бауыр ауырғанда және ұлғайғанда

Грейпфрут шырыны мен зәйтүн майын 1/4 стаканнан алып, жылы күйінде түнде ішіңіз. Содан кейін оң жақ бүйіріңізбен жатыңыз. Курсы — әр екі күн сайын 5 рет.

Бауыр жасушаларын қалпына келтіреміз

Дәріханадан алынған шырғанақ (расторопша) ұнтағынан 1 шай қасықты суға араластырып, тамақтан 30 минут бұрын күніне 3 рет ішіңіз. Курсы — 1 ай. 10 күн үзілістен кейін қайталаңыз.

Сұлы қайнатпасы

1 стакан сұлыны 2 литр суға салып, 30 минут қайнатыңыз. 1 сағат тұндырып қойыңыз. Күніне 2-3 рет 1 стаканнан ішіңіз. Курсы — 2-3 ай.

Өттегі тас ауруына

Бағбандық аскөк (укроп) тұқымының қайнатпасы — 2 ас қасық тұқымды 2 стакан қайнаған суға салып, баяу отта 15 минут қайнатыңыз. Салқындатып, сүзіп алыңыз да, жылы күйінде күніне 4 рет жарты стаканнан ішіңіз. Курсы — 2-3 апта.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: