21/05/2025, 01:10 | |
ОМЫРТҚА мен БУЫНДАРДАҒЫ ТҰЗДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ 5 грамм лавр жапырағын 300 мл суға салып, 5 минут қайнатыңыз. Содан кейін тұнбаны термосқа құйып, 3-4 сағат бойы демдеңіз. Дайын болған соң сүзіп алыңыз. Бұл тұнбаны кішкентай жұтымдармен ішіп, 12 сағатқа созып ішу қажет. ✔️ Процедураны 3 күн қатарынан жасаңыз. Бір аптадан кейін осы үш күндік курсты қайталауға болады. Алғашқы жылы буындарды тазарту курсын әр тоқсанда бір рет өткізіңіз. Кейін, алдын алу үшін, жылына бір рет қайталауға болады.
ТҮЙМЕДАҚ МАЙЫ – ТАМЫРЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫ ҮШІН Бұл жағымды, күннің қуатына толы хош иісті құрал аяқтарыңызға ғана емес, бүкіл денеңізге пайдалы. Түймедақ майы тамырларды нығайтып, теріні жұмсартады, ісінуді басады, тітіркенуді және шаршауды жеңілдетеді. Көктемгі майды қалай дайындауға болады? ✔️ Дәріханалық түймедақ гүлдерін (жаңасы жақсырақ, бірақ кептірілгені де жарайды) жуып, сулығын сілкіп тастаңыз және аздап кептіріңіз, бірақ толық кептірмеңіз. ✔️ Бөтелкені түймедақ гүлдерімен толтырып, үстіне өсімдік майын (зәйтүн майы жақсырақ) мойнына дейін құйыңыз. ✔️ Бөтелкені қараңғы жерге қойып, 40 күн тұндырыңыз. ✔️ Уақыт өткен сайын бөтелкені шайқап тұрыңыз. ✔️ 40 күннен кейін майды дәке арқылы сүзіп, қалғанын жақсылап сығыңыз. Қалай қолдану керек? Күн сайын майды денеде кеңейген және ісінген тамырларға сіңіре отырып жағу қажет. Егер тамырлар қатты кеңейсе, түймедақ майымен компресс жасап, оны түні бойы ұстауға болады.
ҚАЛҚАНША БЕЗІНДЕГІ ТҮЙІНДЕРДЕН ҚҰТЫЛУ Қажетті ингредиенттер: ▫️ қарақұмық жармасы ▫️ жаңғақ ▫️ бал Алдымен жаңғақты (грек жаңғағы) еттартқыштан өткізіп, ұнтақталған қарақұмық (гречка) жармасымен және балмен араластырамыз. Қоспаны эмальды ыдысқа салып, кейін шыны банкаға құйып қоямыз. Қолдану тәсілі: Аптасына бір рет осы қоспаны күні бойы жейміз. Сол күні судан басқа ештеңе ішпейміз және тамақ ішпейміз. ✅ Бұл әдісті 6 рет қайталау қажет, яғни 6 апта бойы. Бір ай үзіліс жасап, емді қайта жүргізуге болады. Бірінші курстан кейін зоб кішірейеді, ал екінші курстан кейін ауру мүлдем жоғалады.
КӨКТЕМГІ СУЫҚТАУ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСЕТІН ТАБИҒИ ДӘРІЛЕР ✔️ Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда, үлкен пиязды екіге бөліп, оның ащы иісін күніне 3-4 рет терең тыныс алып иіскеу қажет. ✔️ 100 г сарымсақты ұсақтап, 1 стақан араққа салып, жақсылап шайқаңыз. 1 тамшысын тілге тамызып, біраз ұстап тұрып, жұтыңыз. Осы әдісті күніне бірнеше рет 3-4 күн бойы қайталаңыз. ✔️ Бір лимонды қабығымен бірге ұсақтап, өсімдік майына араластырыңыз. Бұл қоспаны күніне бірнеше рет мұрынға жағу қажет. Сондай-ақ, оны тіс еттерін тамақтанар алдында және кейін сүрту үшін, табанға және құлақ қалқанына түнде жағу үшін қолдануға болады. ✔️ 1,5 литр қайнатылған суға 1 ас қасық ірі тұз, 1 лимонның шырыны және 1 г аскорбин қышқылын қосыңыз. Барлығын араластырып, 1,5 сағат ішінде ішіп тауысу керек. ✔️ 1 лимонды 1 минут ыстық суға салып, қабығымен бірге еттартқыштан өткізіңіз. 100 г сары май мен 1-2 ас қасық балмен араластырыңыз. Күніне әр 2-3 сағат сайын 1 ас қасықтан қабылдаңыз.
ҰЙҚЫ БЕЗІН – ПАНКРЕАТИТТІ КАРТОП ШЫРЫНЫМЕН ЕМДЕУ Картоп панкреатитті емдеуде жиі қолданылады. Бұл көкөніс диеталық қасиетке ие, әрі жараларды жазатын, қабынуға қарсы әсері бар. Сонымен қатар, картоп спазмды жақсы басады. Оны қайнатып немесе пісіріп жеуге болады, бірақ дәмдеуіштер қоспау керек! Алайда, картоптың шырыны әлдеқайда пайдалы. Ол асқазанның шырышты қабатын қаптап, ас қорыту ферменттерінің шамадан тыс бөлінуіне жол бермейді. Өйткені бұл ферменттер қабынған ұлпаға кері әсер етеді. ✅ Көбіне картоп шырынын сәбіз шырынымен араластырып қолданады, өйткені сәбіз ішек ауруларын емдеуге өте жақсы көмектеседі. Дайындау рецепті: Үш үлкен картоптың «көздерін» алып тастап, тазалаңыз. 1-2 сәбізді аршып, көкөністерді шырын сыққыштан өткізіңіз. Шырынды ашқарынға ішіңіз, содан кейін 30 минут жатыңыз. 1 сағаттан кейін таңғы ас ішуге болады. Курс: 7 күн ішіп, 7 күн үзіліс. Жалпы 3 курс жасау керек. Өте тиімді әдіс!
СҮТ ПЕН ДӘМДЕУІШТЕРДІҢ ПАЙДАСЫ ✔️ Кардамон қосылған сүт – мидың жұмысын белсендіреді, депрессия мен шаршауды басады. ✔️ Шафранмен дайындалған сүт – жүйке жүйесін, тыныс жолдарын және қан тамырларын тұрақтандырады. Бұл сусынды үнемі ішіп тұрсаңыз, көздің астындағы ісікті кетіріп, жастықты ұзартады. ✔️ Даршын (корица) қосылған сүт – ағзаға жеңіл қоздырғыш әсер етіп, ерлердің күшін арттырады. ✔️ Куркума араласқан сүт – бауырға пайдалы, сонымен қатар әжімдермен күреседі. ✔️ Зімбір (имбирь) қосылған сүт – ағзаны тазалап, иммунитетті күшейтеді. ✔️ Бұршақ жаңғағы (мускатный орех) бар сүт – бас ауруын басады, сергітеді және есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондай-ақ, оның аз мөлшері ұйқысыздық пен шаршауды жояды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |