Халық емі
12/05/2025, 23:32

БУЫНҒА ЕМ БОЛАТЫН РЕЦЕПТ

Бұл қоспа буындар үшін пайдалы болуы мүмкін, себебі оның құрамында табиғи антиоксиданттар, коллаген түзілуіне қажетті заттар және қабынуға қарсы компоненттер бар.

Ингредиенттердің пайдасы:

Желатин – буын шеміршегінің қалпына келуіне көмектесетін коллаген көзі.

Зығыр майы (льняное масло) – қабынуға қарсы әсері бар, буындар мен сіңірлерге пайдалы омега-3 май қышқылдарына бай.

Күнжіт – кальцийдің көзі, сүйектер мен буындарға пайдалы.

Асқабақ дәні (тыквенные семечки) – магний мен мырышқа бай, қабынуды азайтуға көмектеседі.

Мейіз (изюм) – антиоксиданттарға бай, қан айналымын жақсартады.

Бал – иммунитетті көтереді және жалпы ағзаны қуаттандырады.

Маңызды:

Егер қант диабеті немесе аллергия болса, бал мен мейіз мөлшеріне назар аудару қажет.

Қан қысымы жоғары адамдарға күнжіт пен зығыр майын көп мөлшерде тұтыну ұсынылмайды, өйткені олар қысымды төмендетуі мүмкін.

Бұл бальзамды қолданар алдында дәрігермен кеңескен дұрыс.

 

ІШ ҚАТУДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ӘДІСТЕРІ:

1. Күнжіт майын (сезам майы) 1 шай қасықтан күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын ішу.

2. Созылмалы іш қатуда 50 г зығыр тұқымының ұнтағын күніне 2 рет, тамақтан бұрын суық сумен ішу.

3. 50 г құрғақ, ұсақталған бақбақ (одуванчик) тамырын 0,5 литр араққа салып, қараңғы, жылы жерде 2 апта тұндыру. Кейде араластырып тұру қажет. Дайын тұнбаны сүзіп, күніне 3 рет 30 тамшыдан ішу.

4. Егер қатқақ қатты мазаласа, күніне 2-3 рет екіүйлі қалақай (крапива двудомная) тұқымының ұнтағынан 5 г жеп, 1 ас қасық өсімдік майымен ішу.

 

ҚОЛДАҒЫ НҮКТЕЛЕРДІҢ АҒЗАМЕН БАЙЛАНЫСЫ:

Бас бармақ

Осы нүктені басу жөтелді, тыныс алудың қиындауын жеңілдетуге, сондай-ақ қалқанша безінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Сұқ саусақ

Бұл нүктеге басу бүйрек пен қуық ауруларына көмектеседі. Сонымен қатар бұлшықет және бел ауруын, қышқылды қайта ағуды (изжога), тіс ауруын жеңілдетуге әсер етеді. Сондай-ақ мазасыздық пен жүйке кернеуін азайтуға көмектеседі.

Ортаңғы саусақ

Бұл нүкте бауыр мен өт қабының жұмысын реттеуге ықпал етеді.

Егер өзіңізді сенімсіз немесе ашуланшақ сезінсеңіз, осы нүктені басу көңіл-күйіңізді жақсартуы мүмкін.

Аты жоқ саусақ

Осы нүктені уқалау өкпе мен тоқ ішектің жұмысын ынталандырады, сондай-ақ тері ауруларының жағдайын жақсартады.

 

КӨЗ САУЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН СӘБІЗ, БАЛ және ЛИМОН

Құрамы:

— 2 ірі сәбіз

— 1 лимон

— 1 стақан бал

Сәбізді тазалап, ірі үккіштен өткізіңіз. Дайын массаны шыны банкаға салыңыз.

Лимонды қабығынан аршып, ұсақтап тураңыз, дәндерінен тазартыңыз.

Егер лимон биоөнім болса, оның қабығын да пайдалануға болады, себебі қарапайым лимондар химиялық заттармен өңделеді.

Туралған лимонды сәбізге қосып, үстіне бал құйыңыз. Барлығын шанышқымен араластырыңыз.

Қоспаны қақпағы жабық банкаға салып, тоңазытқышта 10 күн сақтаңыз.

Дайын болған соң, күніне 3 рет 1 шай қасықтан, тамақтан жарты сағат бұрын қабылдаңыз.

Бұл қарапайым рецепт көздің саулығына өте пайдалы, бауырды токсиндерден тазартады және катарактаға шалдыққан адамдарға көмектеседі.

 

ЕГЕР БАУЫРЫҢЫЗ ЖИІ МАЗАЛАСА

Бауыр мәселесі кез келген адамда пайда болуы мүмкін! Оны қалпына келтірудің өте қарапайым және арзан тәсілі бар.

Ол үшін 1 кг көк (!) пиязды еттартқыштан өткізіп, 850-900 г қантпен араластырады. Қоспаны салқын әрі қараңғы жерде 1,5 апта бойы тұндырып, кейін сүзіп алады.

Аурудың ауырлығына байланысты күніне 3-тен 8 ас қасыққа дейін ішу қажет.

⠀✅ Егер жағдай өте ауыр болса, бұл қоспаны дайындағаннан кейін 3 күннен соң-ақ ішуге болады. Бұл әдіс су жиналумен асқынған бауыр циррозы бар науқастарда тексерілген.

 

МАНДАРИН ҚАБЫҒЫНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

Мандарин қабығында эфир майы, фитонцидтер, каротиноидтар, витаминдер, антиоксиданттар және басқа да пайдалы заттар бар.

Сондықтан мұндай құнды шикізатты қоқысқа тастау – ақылға қонымсыз!

Іш кебу мен дисбактериозға қарсы

Кептірілген мандарин қабығын кофе тартқыштан өткізіп, сүзбе, ботқа және басқа тағамдарға 1 шай қасықтан қосып жеңіз.

Бронхитке қарсы

2 ас қасық ұнтақталған құрғақ қабықты 1,5 стақан қайнаған суға қосып, баяу отта 5 минут қайнатыңыз. Үстін жауып, 1 сағат тұндырыңыз, содан кейін сүзіңіз. Тамақтан жарты сағат бұрын күніне 2-3 рет 0,5 стақан жылы тұнбаны ішіңіз.

Құрғақ жөтел кезінде қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін

2 ас қасық ұнтақталған мандарин қабығын 1 стақан араққа салып, қараңғы жерде бір апта тұндырыңыз. Дайын болған соң сүзіп, күніне 3 рет, тамақтанар алдында, 20 тамшы тұнбаны аз мөлшердегі сумен ішіңіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: