05/05/2025, 10:58 | |
МОЙЫНДАҒЫ ТҰЗ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОЮ ӘДІСІ Мойын тұсындағы тұздың жиналуы – бұл мойын остеохондрозы. Ол бас ауруы, әлсіздік, қолдың жансыздануы, тез шаршау сияқты жағымсыз белгілерге әкелуі мүмкін. Осы мәселені шешу үшін қарапайым, бірақ тиімді компресс қолдануға болады. ✔️ Қажетті ингредиенттер: ✅ 1 дана шикі картоп ✅ Бал (табиғи) ✅ Пихта майы ✔️ Қалай жасау керек? Картопты үккіштен өткізіңіз. Оны балмен 1:1 қатынасында араластырыңыз. Дайын қоспаны мойын мен иыққа жағыңыз. Үстінен пергамент қағазын қойып, жылы орап, таңғышпен бекітіңіз. 2 сағат ұстаңыз. Компрессті алып тастаған соң, жылы дымқыл шүберекпен сүртіп, мойынды пихта майымен уқалаңыз. ✔️ Қолдану курсы: 7-10 күн бойы күнделікті жасау ұсынылады. Бұл әдіс мойындағы ауырсынуды азайтып, қан айналымын жақсартады.
ҚАН ҚЫСЫМЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚ РЕЦЕПТТЕРІ ✅ 1 Гвоздика тұнбасы 21 дана гвоздика дәнін 0,5 литр суда 5 минут қайнатыңыз. Тұндырып, сүзгіден өткізіңіз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Тұнба біткенше жалғастырыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз. ✅ 2 Күріш әдісі 2 ас қасық күрішті жақсылап жуып, 750 мл салқын суға бір түнге жібітіңіз. Таңертең 7 минут қайнатып, суды төгіп, ыстықтай жеңіз. 3 сағат бойы ішіп-жемеңіз. Курс: 21 күн. ✅ 3 Құрма мен жаңғақ қоспасы 1 стақан кептірілген өрік, 1 стақан жаңғақ, 1 стақан мейіз ұнтақтап, 2 стақан балмен араластырыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан жеңіз. Курс: 4-5 апта. ✅ 4 Сәбіз, желкек және лимон қоспасы 1 стақан сәбіз шырыны, 1 стақан желкек шырыны, 1 стақан бал және 1 лимон шырынын араластырыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан, тамақтан 30 минут бұрын ішіңіз. Шыны ыдыста, тоңазытқышта сақтаңыз. ✅ 5 Асқабақ шырыны Күнделікті асқабақ шырынын ішу қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі. Бұл табиғи әдістер қысымды қалыпқа келтіріп, денсаулықты нығайтады!
КҮЙІКТІ ЕМДЕУ – АЛҒАШҚЫ КӨМЕК! ✨ 7 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС ✨ 1️⃣ Картоп компресі Күйген жерге қабығымен үгітілген картопты қою керек. Әр 10-15 минут сайын жаңартып, 1-2 сағат бойы жалғастыру қажет. Бұл әдіс ауырсынуды басып, жараның пайда болуына жол бермейді. 2️⃣ Жұмыртқа ақуызы Күйік алған бойда жұмыртқаның ақуызын аздап шайқап, зақымдалған жерге жағыңыз. Алғашында аздап ашытуы мүмкін, бірақ 1-2 минуттан кейін ауырсыну басылады. Бұл әдіс волдырьлар мен тыртықтардың алдын алады. 3️⃣ Ұнмен емдеу Күйген жерді ас үйдегі кәдімгі ұнмен себіңіз. Бірден ауырсыну басылады! Егер тері қабынып, көпіршіктер шықпауы үшін, ұнды қалың қабатпен жағып, біраз уақыт ұстап тұру керек. 4️⃣ Хозяйственное сабын Сұр немесе қоңыр түсті сабынды сулап, күйген жерге жағыңыз. Бұл әдіс қызаруды азайтып, ауырсынуды жеңілдетеді. Бірақ ақ немесе химиялық қоспасы бар сабын жарамайды! 5️⃣ Қызылша компресі Жаңа үгітілген қызылшаны күйген жерге қойып, бірнеше минут ұстаңыз. Бұл әдіс теріде күйік іздерінің қалмауына көмектеседі. 6️⃣ Емен қабығының тұнбасы ✔️ 2 ас қасық ұнтақталған емен қабығын 1 стакан қайнаған суға салыңыз. ✔️ Су моншасында көлемі екі есе азайғанша қайнатыңыз. ✔️ Сүзгіден өткізіп, 50 г сары маймен араластырыңыз. ✔️ Осы маймен күйген жерді күніне бірнеше рет майлаңыз немесе компресс жасаңыз. 7️⃣ Бал мен балауыз мазі ✔️ 3 ас қасық өсімдік майын, балды және табиғи балауызды (мысалы, шамды) су моншасында ерітіңіз. ✔️ Жақсылап араластырып, суытыңыз. ✔️ Суыған соң 1 шикі жұмыртқа ақуызын қосып, тағы араластырыңыз. ✔️ Дайын майды күніне 7 реттен кем емес жағыңыз. ✨ Ауырсынудан тез арылып, теріңіздің саулығын сақтаңыз!
ҚАЛҚАНША БЕЗІН ЖАҢАРТАТЫН ЖӘНЕ КӨПТЕГЕН АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН СУСЫН Қалқанша безінің жұмысы нашарлағанда, адам өзін үнемі шаршаңқы сезінеді, шашы түсіп, салмақ тез жиналып, көңіл-күйі төмендейді. Мұндай белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз! Ал алдын алу үшін қалқанша безіне пайдалы өнімдерді жиі тұтыну қажет. Бұл табиғи сусын қалқанша безінің жұмысын жақсартып, рак пен басқа да аурулардың алдын алуға көмектеседі. Оны тұтынған адамдардың шаршауы басылып, терісі ылғалданып, артық салмақтан арылғаны байқалған! Құрамы: ✔️ 20 мл лимон шырыны ✔️ 100 г мүкжидек (клюква) ✔️ 400 мл су ✔️ 0,5 шай қасық үгітілген имбирь ✔️ 5 г даршын (корица) ✔️ 2 г мускат жаңғағы Дайындау: 1️⃣ Блендерге жуылған мүкжидек пен үгітілген имбирьді салыңыз. 2️⃣ Лимон шырыны мен 1 стақан су құйып, қоспаға дәмдеуіштерді қосыңыз. 3️⃣ Барлығын жақсылап ұнтақтап, қалған 1 стақан суды қосыңыз. Қолдану: ✅ 1 стақанды таңертең аш қарынға ішіңіз. ✅ 2-ші стақанды түскі астан 15 минут бұрын ішіңіз. ✅ Аптасына 2 рет тұтынсаңыз, қалқанша безіңіздің жағдайы айтарлықтай жақсарады! ✨ Денсаулығыңызды күтіңіз!
ЖҮРЕК ПЕН ЖҮЙКЕГЕ ПАЙДАЛЫ ПУСТЫРНИК Пустырник – бір өсімдіктің бойындағы сансыз шипа! ✔️ Жүрекке валерианмен бірге көмекші ✔️ Қан қысымын төмендетеді, жүрек соғысын бәсеңдетеді ✔️ Жүйке жүйесін тыныштандырады ✔️ Холестерин деңгейін төмендетеді ✔️ Асқазан-ішек ауруларына, метеоризмге көмектеседі ✔️ Климакс белгілерін жеңілдетеді ✔️ Құрысуға қарсы әсері бар Қолдану тәсілдері 1️⃣ Пустырник тұнбасы 2 ас қасық құрғақ ұнтақталған шөпті 100 мл 70% спиртке салып, 1-2 апта тұндырады. Жүрек аурулары, климакс, невроздар кезінде күніне 3 рет, 30 тамшыдан ішеді. 2️⃣ Пустырник қайнатпасы 1 ас қасық шөпті 200 мл қайнаған суға 15-20 минут тұндырады. Қан қысымы жоғарылаған кезде, жүйке қозуында, ұйқысыздықта күніне 3 рет, 2 ас қасықтан ішеді. 3️⃣ Цикорий қосылған отвар Пустырник пен цикорийді 1:1 араластырады. 1 шай қасық қоспаны 200 мл қайнаған суға салып, 2-3 минут баяу отта ұстайды. Жөтелге, суық тиюге, асқазан-ішек және бауыр ауруларына күніне 3 рет, 0,5 стақаннан ішеді.
ҚАНДАҒЫ ҚАНТ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТЕТІН ҚҰРАЛДАР ✅ Даршын (Корица) Даршында инсулин әсеріне ұқсас қасиетке ие полифенол бар. Тәулігіне 0,5 шай қасық тұтыну ұсынылады. Оны шайға қосу әрі пайдалы, әрі хош иісті етеді. ✅ Пияз қабығы Пияз қабығының қайнатпасы ұйқыбезіндегі эндокринді жасушалардың жұмысын ынталандырып, инсулин өндіруді жақсартады. Дайындау: 2 уыс пияз қабығын 1 литр қайнаған суға салып, 1 сағат баяу отта қайнатыңыз. Тамақтанар алдында 1/3 стақаннан ішіңіз. ✅ Бақбақ тамыры (Лопух) Бақбақ тамырында инулин бар, ол глюкозаны полимерлі қантқа айналдырады. Дайындау: 20 г құрғақ бақбақ тамырын 1 стақан қайнаған суға салып, су моншасында 15 минут ұстаңыз. Күніне 3 рет, 1 ас қасықтан ішіңіз. ✨ Денсаулығыңызды күтіңіз! Біздің топқа тіркелуді ұмытпаңыз! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |