21/04/2025, 22:35 | |
БАЗИЛИКТІҢ 7 КЕРЕМЕТ ҚАСИЕТІ Жалпы ағзаның тонусын көтереді. Бұл әсіресе күз бен қыс мезгілінде маңызды, өйткені дәл осы уақытта біз шаршап, көңіл-күйіміз түсіп, ұйқышылдыққа бейім боламыз. Асқорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Базилик тағамның асқазанда тұрып қалуына жол бермей, оны жеңіл қорытуға көмектеседі. Халықтық медицинада базилик тыныштандырғыш ретінде қолданылады. Онымен жасалған ванналар жүйкені тыныштандырады. Базилик тұнбалары ұзаққа созылған жөтелге, бас ауруына, несеп-жыныс жүйесінің қабынуына пайдалы. Базилик эфир майы бактерияларды жояды. Стресс кезінде аромалампаға бірнеше тамшы базилик майын тамызу жеткілікті – бұл көңіл-күйді бірден жақсартады. Ұйқысыздық, мигрень, иіс сезудің жоғалуына қарсы да базилик майы керемет әсер етеді.
БИДАЙҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ХАЛЫҚТЫҚ ЕМДЕУ РЕЦЕПТЕРІ 1️⃣ Иммунитет төмендегенде ұнтақталған дәндер 100 г бидай дәндерін жуып, аз мөлшерде суға 2-3 сағат жібітіңіз. Салфеткамен кептіріп, еттартқыштан өткізіңіз. Дайын қоспаға 1 ас қасық бал және қаймақ (немесе кілегей, сүт) қосыңыз. Қоспаны таңертең ашқарынға қабылдау қажет. Емдеу курсы – 1 ай. Бидай дәндерінің пайдасы – ішектің жұмысын қалыпқа келтіреді. 2️⃣ Псориаз, бөртпе, экземаға арналған ванна тұнбасы 1,5 кг кебекті ыстық сумен бұқтырып, 4 сағатқа қалдырыңыз, содан кейін сүзгіден өткізіңіз. Ванна қабылдау ұзақтығы – 15 минуттан аспауы тиіс. Дене өздігінен кебуі керек, жұмсақ үй киімін киіңіз. Емдеу курсы – 10 күн қатарынан. Аяққа арналған ваннаға 250 г кебек жеткілікті.
СӘБІЗДІҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ 1️⃣ Шаштың өсуін ынталандырады Күніне 100 мл сәбіз шырынын ішу шаштың қалыңдауына және тез өсуіне ықпал етеді. Оның құрамындағы С және Е дәрумендері бас терісінің қан айналымын жақсартып, шаштың уақытынан бұрын ағаруын болдырмайды. 2️⃣ Тіс пен ауыз қуысына пайдалы Сәбіз табиғи «тіс щеткасы» іспетті – ол тіс бетіне жабысқан қалдықтарды тазартады. Оның құрамындағы минералдар зиянды бактерияларды жойып, тісжегінің алдын алады. 3️⃣ Қартаю процесін баяулатады Сәбіздегі бета-каротин – күшті антиоксидант, ол жасушалардың қартаюын тежеп, олардың жаңаруына көмектеседі. 4️⃣ Сүйектерді нығайтады Көпшілік білмейтін тағы бір пайдасы – сәбіз құрамында сүйек өсуі мен дамуы үшін маңызды кальций бар. Бұл әсіресе балалар мен әйелдерге қажет. 5️⃣ Жараларды тез жазады Шикі немесе үгілген сәбізді жараға, кесілген жерге, қабынған теріге жағуға болады. Оның қабынуға қарсы қасиеттері теріні нәрлендіріп, сауықтырады.
ПСОРИАЗҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ РЕЦЕПТТЕР ✔️ Кәдімгі репешок Бұл шөп бауырдың жұмысын реттеп, зат алмасуды қалыпқа келтіреді және терінің қайта қалпына келуіне көмектеседі. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стақан қайнаған суға салып, термоста 3 сағат тұндырады, содан кейін сүзеді. Күніне 4 рет, тамақтан жарты сағат бұрын, 1/4 стақаннан ішеді. ✔️ Чага саңырауқұлағы Құрғақ чаганы 4 сағат бойы қайнатылған салқын суға жібітеді. Содан кейін ұсақтап, сол суға қайта салып, 1:5 пропорциясын сақтай отырып, 2 тәулік тұндырады. Дайын тұнбаны сүзіп, күніне 3 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 1 стақаннан ішеді. ✔️ Үшбұрышты кезекшөп (череда) 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стақан қайнаған суға салып, су моншасында 15 минут ұстайды, содан кейін сүзеді. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішеді.
АҒЗАНЫ КЕРЕМЕТ ТАЗАРТАТЫН ЕКІ РЕЦЕПТ 1️⃣ Жүгері шашағынан тазартқыш тұнба 4,6 ас қасық жүгері шашағын 2 стақан қайнаған суға салып, баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Содан кейін суытып, күніне 4 рет 40 мл-ден ішіңіз. 2️⃣ Ағзаны тазартуға арналған сұлы қайнатпасы Сұлы – ағзаны тазартуда өте тиімді құрал. 2 стақан сұлыны 1 литр қайнаған суға салып, 20 минут тұндырыңыз, содан кейін сүзіңіз. Дайын тұнбаны күніне бірнеше рет 10 мл-ден жылытып ішіңіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |