Халық емі
08/04/2025, 11:43

ҚАНДАҒЫ ҚАНТТЫ ТӨМЕНДЕТУ

Халықтық әдіс

Қажетті ингредиенттер:

▫️ 20 см-дей ұзын, диаметрі 1,5–2 см болатын  желкек тамыры

▫️ 9 түйір сарымсақ

▫️ Сапалы жаңа сыра

▫️ 1 литрлік шыны бөтелке (немесе банка)

Дайындау әдісі:

✔️ Желкек тамырын жақсылап жуыңыз, бірақ тазартпаңыз.

✔️ Ұсақтап турап, бөтелкеге салыңыз.

✔️ Сарымсақты аршып, жуыңыз және ұсақтап бөтелкеге қосыңыз.

✔️ Қоспаның үстіне бөтелкенің иық деңгейіне дейін сыра құйып, қараңғы жерде 10 күн ұстаңыз.

✔️ Дайын болған соң, сүзгіден өткізіңіз.

Қолдану тәртібі:

▫️ Алғашқы 2 күн – күніне 2–3 рет 1 шай қасықтан.

▫️ Кейін – күніне 3 рет 1 ас қасықтан, тамақтанар алдында.

Бұл қоспа қандағы жоғары қантты бір ай ішінде төмендетуге көмектеседі.

 

АНГИНА ЖИІ МАЗАЛАСА...

Тамақты мына әдістермен шаю – ангинадан жылдам айығудың тиімді жолы:

✔️ Алма сірке суымен шаю

Күніне бірнеше рет 3-5 минут бойы тамақты 6% алма сірке суымен шайыңыз (1 ас қасық сірке суын жарты стакан жылы суға араластырыңыз). Соңғы рет ұйықтар алдында шаю ұсынылады.

✔️ Шүйгіншөп пен түймедақ қайнатпасы

Ангинаны тез емдеуге шүйгіншөп пен түймедақтан жасалған қайнатпа көмектеседі. 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасықтан осы шөптерді салып, тұндырып, тамақты шайыңыз.

✔️ Прополис тұнбасымен шаю

Спиртті прополис тұнбасымен шайғаннан кейін сауығу дерлік бірден байқалады.

✔️ Лимон шырыны мен бал қоспасы

Лимон шырыны мен балды тең мөлшерде араластырыңыз. Осы қоспамен тамақты бірнеше минут шайып, содан кейін жұтыңыз.

Бұл әдістер ангинадан тез айығуға көмектеседі!

 

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ПАЙДАЛЫ ЖАРМАЛАРДЫҢ БІРІ!

85% адам оны негізсіз назардан тыс қалдырады...

Стенокардияны емдейді:

Ол үшін 3 ас қасық тарыны ыстық табада қуырыңыз, бірақ сарғыш түсін жоғалтпайтындай етіп. Содан кейін 130 мл су құйып, су толық буланғанша араластырыңыз.

Гипертония мен геморройға қарсы көмектеседі:

Бұл аурулардың жағымсыз белгілерін ұмыту үшін аптасына 3 рет тарыдан жасалған тағамдарды жеу керек. Сонымен қатар, таңертең және кешке 1 ас қасық тарыны қабылдау ұсынылады.

Бүйректі емдейді:

Бүйрекке пайдалы сусынды дайындау үшін үш литрлік банканы жартылай тарыға толтырып, үстіне қайнаған су құйыңыз. Бір күнге қалдырыңыз. Ертеңгі күн бойы осы тары тұнбасын аздап ішіп отырыңыз.

 

ДӘРІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ АРАСЫНДАҒЫ УАҚЫТ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Көптеген адамдар «күніне 2 рет» дегенді тек ояу жүрген уақытпен байланыстырады. Бірақ дәрігер мұны барлық 24 сағаттық тәулікке қатысты айтады.

Дәрігерден нақты уақытты анықтап алыңыз.

Мысалы, «күніне 2 рет» деген нені білдіреді? Егер рецептте 8:00 және 20:00 деп жазылса, ешқандай түсінбеушілік болмайды.

Бұл сізге қолайсыздық жасау үшін емес.

Адам ағзасы тек ояу кезде ғана емес, ұйқы кезінде де жұмыс істейді. Дәрі уақытылы қабылданғанда ғана тиімді болады.

Сондықтан дәрігердің нұсқауларын қатаң сақтаңыз және сұрақтарыңыз болса, маманнан нақтылап сұраңыз.

Денсаулығыңыз мықты болсын!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: