31/03/2025, 17:05 | |
ШАШ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ ТИІМДІ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДІС Сізге қажет болады: 1 ампула В6 дәрумені; 1 ампула В12 дәрумені; 1 гр С дәрумені (пакеттерде сатылады); 2 ас қасық кастор немесе қалақай майы; 2 ас қасық бал (су моншасында жылытыңыз); 2 ас қасық кез келген шашқа арналған бальзам. Барлығын жақсылап араластырамыз. Шашты жуардан 1 сағат бұрын алдымен тамырына, содан кейін бүкіл ұзындығына жағып шығамыз. Басына қалпақ киіп, сүлгімен орап, "сауна" әсерін жасаймыз. Бұл маска оңай жуылады, өйткені құрамында бальзам бар.
БУЫН ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН РЕЦЕПТ 300-400 грамм сарымсақты тазалап, еттартқыштан өткізіңіз. Оны бір литрлік банкаға салыңыз да, үстіне сапалы, тазартылмаған өсімдік майын құйыңыз. Қоспаны қараңғы жерде 2 апта бойы күнделікті араластырып тұрып тұндырыңыз. Дайын болған сарымсақ майын 3-4 қабат дәке арқылы сүзіңіз. Қолдану тәсілі: ауырсынған жерге жағыңыз (мысалы, остеохондроз кезінде белге немесе артроз кезінде буындарға). Үстінен полиэтиленмен жауып, жылы шарфпен ораңыз және түні бойы ұстаңыз. Алғашқы күндерден-ақ жеңілдік сезініп, қозғалыс жақсарып, ауырсыну азаяды. Емдеу курсы – 2 ай. Сарымсақ ауырған буын маңындағы қан айналымын жақсартып, оның қалпына келуіне ықпал етеді.
ЖОЛЖЕЛКЕН ТҰНБАСЫ Жолжелкен шайы асқазан-ішек жолдарының кез келген ауруында пайдалы. Ол жараларды жазып, ауырсынуды басып, қыжылды жояды. Оны жылы күйінде, тамақтан 30–40 минут бұрын ішу ұсынылады. Жолжелкен тұнбасын дайындаудың екі әдісі: ▫️ Бірінші әдіс: 1 ас қасық құрғақ жолжелкен жапырағын бір стақан ыстық (бірақ қайнаған емес) суға салып, қақпағын жауып 12–15 минут тұндырыңыз. Бұл шайды әр тамақтану алдында күніне 3–4 рет ішу керек. Әр қабылдаған сайын жаңадан демдеу қажет. ▫️ Екінші әдіс: 4 ас қасық құрғақ жолжелкен жапырағын ½ литр ыстық суға салып, термоста кемінде 2,5–3 сағат тұндырыңыз. Дайын тұнбаны күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. ✔️ Екі әдісте де емдеу курсы – 7 күн. Үзіліс жасағаннан кейін қайталау ұсынылады.
САРЫМСАҚ ҚОСЫЛҒАН СҮТ – КӨПТЕГЕН МӘСЕЛЕГЕ ҚАРСЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЕМ! 750 мл сүтті кастрюльге құйып, оған 8–9 түйір туралған сарымсақ қосыңыз. Қоспаны отқа қойып, араластырып отырып, қайнауға жеткізіңіз. Қайнағаннан кейін, көлемі шамамен екі есе азайғанша қайнатыңыз. Дайын! ✔️ Жаман холестеринді төмендетеді Бұл рецепт ағзадағы жаман холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі және жақсы холестеринді арттырады. Оны 7 күн бойы үзбей ішу ұсынылады. ✔️ Ишиас ауруының ауырсынуын жеңілдетеді Егер сіз ишиас ауруынан зардап шегіп жүрсеңіз, бұл құрал ауырсынуды басуға көмектеседі. Оны күнделікті қабылдасаңыз, нәтижесі сізді таңғалдырады. ✔️ Асқорыту жүйесіне пайдалы Егер сізде тітіркенген ішек синдромы, асқазанның бұзылуы, іштің кебуі немесе іш қату болса, бұл рецепт асқорыту жүйеңізді қалыпқа келтіруге көмектеседі және ішектегі табиғи микрофлораны қалпына келтіреді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |