17/03/2025, 23:47 | |
ІШ АУРУЫНЫҢ ТҮРІ мен СЕБЕБІ 1️⃣ Іштің жоғарғы жағы – асқазанға жақын тұсы ауырса – гастриттің белгісі. Бірақ егер ауырсыну оң қолға берілсе, бұл инфаркттың немесе соқырішек қабынуының (аппендицит) симптомы болуы мүмкін. 2️⃣ Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну ▫️ Өткір ауырсыну, ауырлық, жүрек айну, ауырсыну оң иыққа берілуі – өт немесе бауыр түйілуі болуы мүмкін. Бұл өт қалтасындағы тастардың белгісі. ▫️ Тұйық ауырсыну, тәбеттің жоғалуы – өт шығару жолдарының дискинезиясын көрсетуі мүмкін. 3️⃣ Оң жақ бүйірдегі ауырсыну (бел деңгейінде) – бүйрек түйілуі болуы мүмкін. Бұл бүйрек тастары, несепағардың бітелуі немесе қабыну себебінен болады. 4️⃣ Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну ▫️ Көбінесе ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) байланысты. ▫️ Асқазан немесе он екі елі ішектің жарасынан қан кету себебінен де пайда болуы мүмкін. 5️⃣ Іштің ортаңғы бөлігіндегі ауырсыну ▫️ Көбінесе артық тамақтанудан болады. ▫️ Дисбактериоздың белгісі болуы мүмкін.
ЗІМБІР ШАЙЫ: БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ЕРІТІП, БАУЫР АЙНАЛАСЫНДАҒЫ МАЙДЫ ЖОЯДЫ Зімбір шайын дайындау үшін сізге қажет: ▫️ табиғи бал; ▫️ ¼ шай қасық ұнтақ куркума; ▫️ ¼ шай қасық ұнтақ зімбір; ▫️ 1 стақан су. Зімбір шайын дайындаудың қарапайым әдісі: Куркума мен зімбір ұнтағын қайнаған суға қосып, қақпағын жауып, 15-20 минут тұндырыңыз. Кейін бал қосып, шайды сүзіп алыңыз. Зімбір шайына түрлі дәмдеуіштер – даршын, кардамон, қалампыр қосуға болады. Бұл шай денені жақсы жылытып, жылуды сақтайды, қуат беріп, сергітеді. Мұндай шайды күнделікті ас мәзіріңізге қосуды ұмытпаңыз!
ЖҮРЕКТІ НЫҒАЙТАМЫЗ – ТИІМДІ РЕЦЕПТ! Жүректі нығайтатын, нәтижесі керемет қарапайым және тиімді рецепт. 1 стақан бал алыңыз. 4 лимонды, 16 ұнтақталған бадам жаңғағын (грек жаңғағымен алмастыруға болады), 16 герань жапырағын, 10 г валериана тамырын және 10 г долана жемісін еттартқыштан өткізіңіз. Бал қосып, 1-2 күн тұндырыңыз. Дайын болған тәтті қоспаны тамақтан 15 минут бұрын күніне 1-2 шай қасықтан қабылдаңыз. Бұл қоспа жүрек бұлшықетін керемет нәрлендіреді.
ҚҰРМА – ДЕРТКЕ ДАУА Құрманың денсаулыққа 20 пайдасы : Жүрек, бауыр және бүйректі нығайтады. Ағзаның қышқылдық балансын сақтайды. Қанды нәрлендіріп, анемия мен гипертонияға пайдалы. Иммунитетті көтереді. Ішектегі пайдалы микрофлораны сақтауға көмектеседі. Өкпенің жұмысын жақсартады. Жөтелді басып, қақырықты шығарады. Жүрек қызметін ынталандырады. Дене қуатын арттырып, сергітетін тағам. Ұзақ ауырғаннан кейін күшті қалпына келтіреді. Шаршаған кезде қуат береді. Қант диабетімен ауыратын адамдарға жеуге болады. Қатерлі ісік ауруларының қаупін азайтады. Бет жүйкесінің салдануына көмектеседі. Жүкті әйелдерге пайдалы, босануды жеңілдетеді және сүт бөлінуін ынталандырады. Бір финик шамамен 23 калория береді. Тәттіге құмар адамдарға финик артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ми жасушаларының жүйке ұштарының дамуына ықпал етеді. Ақыл-ой белсенділігін арттырады. Адам ұзақ уақыт тек финикпен қоректеніп, барлық қажетті қоректік заттарды ала алады!. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |