Халық емі
11/03/2025, 12:35

МИ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА КӨМЕК

Ми қан тамырларын тазарту мойын омыртқасының қан айналымының бұзылуында, остеохондрозда, жарақаттан кейін немесе мойын бөліміне әсер ететін басқа ауруларда өте пайдалы.

Бұл бұзылыстардан ми зардап шегеді, өйткені ол жеткілікті қоректік заттар алмайды. Уақыт өте келе ағза бейімделеді, бірақ оның жұмысын жақсарту үшін мойын аймағындағы қан тамырларын ретке келтіру артық болмайды.

Халық медицинасынан қарапайым бір рецепт бар:

✔️ Бір стақан пияз шырынын және балды алыңыз. Араластырыңыз. Бұл қоспаны күніне 3 рет тамақтанар алдында 2 шай қасықтан қабылдаңыз. Емдеу курсы – 3 ай.

Бұл қоспа мидың жұмысына көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ағзаны нығайтатын қосымша қасиеттерге ие.

 

АНАР ҚАБЫҒЫ:

біз білмеген пайдалы қасиеттері

✔️ Бүйректің қабыну аурулары

Анар қабығын ұнтақтау керек. 2 ас қасық ұнтақты 250 мл қайнаған суға салып, су моншасында 30 минут қайнату қажет. Сүзгеннен кейін бастапқы көлемге дейін су қосыңыз. Тамақтанар алдында 50 мл-ден ішіңіз. Күніне бір стақан тұнбаны ішу керек.

✔️ Созылмалы жөтел

Анар қабығын шай сияқты демдеп, су қызғылт түске енгенше күтіңіз. Оны жылы күйінде бал қосып, кішігірім жұтыммен ішіңіз. Күніне бір стақан ішу ұсынылады.

✔️ Тері аурулары

Безеу мен іріңді бөртпелер мазаласа, 5-6 минут қуырып, ұнтақталған анар қабығын кез келген маймен 1:1 мөлшерінде араластырып, маска жасаңыз. Дайын қоспаны тоңазытқышта сақтап, аптасына 2 реттен артық қолданбаңыз.

 

ҚАНДАҒЫ ҚАНТТЫ

 табиғи жолмен төмендету

ҚҰРАМЫ:

▫️ 150 г тазартылған асқабақ дәндері

▫️ Су

▫️ 1/2 шай қасық даршын (хош иіс үшін)

▫️ 4–5 құрма

ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ:

Асқабақ дәндерін 8 сағат суға жібітіңіз.

Суды төгіп, дәндерді блендерге салыңыз. 4 стақан су қосып, жақсылап араластырыңыз.

Қоспаны дәке арқылы сүзіңіз. Ұсақталған құрма мен даршын қосып, қайтадан блендерде араластырыңыз.

Дайын болған асқабақ сүтін шыны банкаға құйып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Қолдану тәртібі:

Күніне 100 г-нан ашқарынға, тамақтан жарты сағат бұрын ішіңіз. 4 күн бойы ішіп, кейін 4 күн үзіліс жасаңыз.

Асқабақ сүті қандағы қант деңгейін төмендетіп қана қоймай, паразиттерден қорғанудың тамаша құралы. Ол ересектерге де, балаларға да пайдалы.

 

КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІСТЕРДІҢ ПАЙДАСЫ

✔️ Өрік пен құрма – жүрек пен қан тамырларының дәрігері. Құрамында калий мен антиоксиданттар көп. Ағзадан зиянды холестеринді шығарады. Қалқанша безі аурулары мен қант диабеті бар адамдар үшін пайдалы.

✔️ Ананас. Кептірілген ананас – калий мен магний, темір мен мырыш, В тобының дәрумендері және ас қорытуға пайдалы талшық көзі. Ол ісінуден арылуға көмектеседі, күш-қуат береді және көңіл-күйді көтереді.

✔️ Жүзім (мейіз) – баршаға пайдалы, әсіресе ашық түсті мейіз, өйткені ол калий мен фосфорға бай. Бұл минералдар ақыл-ой еңбегімен айналысатындарға, емтихан кезінде өте қажет. Сондай-ақ, мейізді тұтыну – пародонтоздың алдын алудың жақсы тәсілі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: