Халық емі
04/03/2025, 00:28

ҚАН ҚОЮ БОЛСА

мынадай табиғи жолмен сұйылтуға болады

Жатаған бидайық (пырей ползучий) – өте пайдалы өсімдік. Ол қанды тазалап, жоғары протромбин мен холестерин деңгейін төмендетеді, қандағы артық азотты жояды, яғни тромб түзілуінің алдын алады, зат алмасуды реттейді және ағзадан зиянды заттарды шығарады.

Жатаған бидайықтың қайнатпасын дайындау үшін 60 г тамырын термосқа салып, 1 литр қайнаған су құйып, бірнеше сағат тұндырыңыз. Дайын болғаннан кейін сүзгіден өткізіп, күніне 2-3 стакан ішіңіз.

Емдеу курсы – 3 апта. Жаңа ұсақталған тамырларын салаттарға қосуға болады, одан сорпа қайнатып, гарнирге де пайдалануға болады.

 

БУЫН АУРУЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕРЕМЕТ РЕЦЕПТЕР

▫️ Жақпа май

0,5 л ерітілген жылы балға 1 ас қасық құрғақ қыша мен 3 ас қасық ерітілген (қойдың құйрық майы дұрыс) май қосыңыз. Ауырған жерлерге жағып, орап қойыңыз, таңға дейін қалдырыңыз. Бұл процедураны 2 апта бойы үзбей қайталаңыз.

▫️ Шай

Күнделікті шайға арналған қоспа дайындаңыз: сәлбен (сабельник), қырықбуын (хвощ), түйежапырақ (спорыш), жөке гүлі, сирень гүлі, долана жемістері, ана мен өгей шөп (мать-и-мачеха), жалбыз, тимьян, қара қарақат жапырағы, орман құлпынай гүлдері, таңқурай жапырағы – бәрін бір уыстан алыңыз. Шайды әдеттегідей демдеп, 1-2 ас қасық қоспаны шайникке салып, балмен ішіңіз.

▫️ Ванна

Жазда папоротник жапырағы мен таңқурай жапырағын кептіріп алыңыз. Ваннаға арналған қайнатпа дайындау үшін 2 стакан құрғақ қоспаны 5 литр суға қайнатыңыз. Дайын тұнбаны сүзгіден өткізіп, ваннаға құйып, қажетті мөлшерде су қосыңыз. Ваннаны 15-20 минут қабылдаңыз. Содан кейін денені құрғатып сүртіп, жылы төсекке жатыңыз. Емдеу курсы – 3 апта.

 

ҚАН ТАМЫРЛАРЫН ХОЛЕСТЕРИННЕН ТАЗАРТУ

1️ Дәріханадан жөке гүлін сатып алыңыз. Оны кофе ұнтақтағышта ұнтақтаңыз. Күн сайын 3 рет 1 шай қасық ұнтақты жылы сумен ішіп отырыңыз. Емделу курсы – 1 ай. Бұл әдіс қандағы холестерин деңгейін төмендетіп қана қоймай, ағзаны токсиндерден тазартады және артық салмақтан арылуға көмектеседі.

2️ Кәдімгі бұршақ та керемет әсер етеді. Кешке жарты стақан бұршақты немесе ноқатты суға салып, түнге қалдырыңыз. Таңертең суды төгіп, орнына жаңасын құйыңыз. Газ түзілуін болдырмау үшін  аздап қана ас содасын қосыңыз. Бұршақты толық пісіріп, екі бөлікке бөліп жеп қойыңыз. Бұл емдеу курсы 3 аптаға созылады. Егер күніне кемінде 100 г бұршақ жесеңіз, холестерин деңгейі шамамен 10%-ға төмендейді.

 

ҰЙҚЫ  БЕЗІНЕ ПАЙДАЛЫ РЕЦЕПТ

Ұйқы безін сұлымен емдеу өте тиімді, себебі бұл дәндер оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті көптеген пайдалы заттарды қамтиды.

Дайындау тәсілі:

250 г сұлыға, 0,5 л су құйыңыз.

10 сағат бойы тұндырыңыз.

Осы суымен бірге 30 минут қайнатыңыз.

Дайын болғаннан кейін жылы әрі қараңғы жерде 6 сағатқа қойып қойыңыз.

Содан кейін сүзгіден өткізіп, жалпы көлемі 1 литр болатындай су қосыңыз.

Қолдану тәсілі:

7 ас қасықтан күніне бірнеше рет тамақтан 30 минут бұрын ішіңіз.

Емделу курсы – 2 апта.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: