17/02/2025, 23:05 | |
ЖЫНЫСТЫҚ ҚУАТТЫ АРТТЫРАТЫН ЖЕМІС Жеміс-жидектердің ішінде ағзаға өте пайдалыларының бірі – жаңғақ, оның түрлері. Бұлардың қай-қайсысы болса да витаминге, минералдарға бай. Тағы бір артықшылығы – оны ұзақ сақтауға болады, ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. ▪️ Халық емшілігінде жаңғақ түрлерін жиі қолданады. Одан түрлі тұнбалар жасайды, қабығын да, ішіндегі перделерін де, жапырағын да емге пайдаланады. Мысалы, піспеген кезіндегі сыртқы жас қабығын сыдырып, суға, спиртке тұндыру арқылы жасалған дәрмекті суықтағанда, зобқа, тері ауруларына, ішек дерттеріне қарсы пайдаланады. Әрине, әр дәрмектің өзіндік рецепттері бар. Кәдімгі грек жаңғағының бел қуатын арттыратынын жұрт ежелден біледі. Жаңғақты үнемі тұтынған адамда витамин, минерал жетіспеушілігі деген болмайды. Ол адамды стрестен де қорғайды. Жаңғақ құрамындағы цинк жыныс бездерінің жұмысын жақсартады, тестостерон түзілуін реттейді. Кальций мен магний тестостерон түзумен қатар ұрық түзілуін арттырады. Ол қуықасты безін аденомадан қорғайды. Жаңғаққа қатысты еркектерге керек рецепттердің бірі мынадай: 12 дана жаңғақты, 200 грамдай құрғақ інжірді, мейізді және қара өрікті уақтап, бір ыдысқа салады да, тоңазытқышта сақтайды. Оны күнде кешкісін екі ас қасықтан жеп тұру керек. Артынан кефир ішеді. ▪️ Сондай-ақ ұсақтап туралған жаңғақ, кептірілген өрік, мейіз, асқабақ дәнін, лимон қабығын, сұйық мөлдір балды араластырып жеп тұрса да болады. Жаңғақтың әйел ағзасындағы гормондық фонға да оңды әсері мол. Оны көп қан жоғалтқанда, босанғаннан, операциядан кейін, «айлық қонақ» қалыпсыздығына, бедеулікке қарсы қолдануға болады. Оның құрамындағы элементтер жыныс бездерінің белсенділігін арттырады, сүт безі обырының алдын алады, шаштың, тырнақ пен терінің ахуалын жақсартады. Оны аздап, күні бойы жеп жүрсе, тойындырады, тәбетті төмендету арқылы артық ішіп-жеп, семіруден сақтайды. Жүкті әйелдерге фолий қышқылы, темір жетіспейтін алғашқы кезеңдерде жаңғақ жеген жақсы. Ол әйелге ғана емес, құрсақтағы балаға да пайдалы. Баланың жүйке жүйесінде қалыпсыздық туындауының алдын алады. Сондай-ақ жүкті кезде шаранаға қаңқа сүйегін қалыптастыратын фосфор мен кальций де керек. Оны да жаңғақтан молынан алуға болады. Жаңғақ құрамындағы кальций мен магний айы-күні жақындаған жүкті әйел ағзасындағы артық сұйықты қуады. Сол сияқты, бала емізетін әйелге де жаңғақ пайдалы, ол оның сүтін көбейтеді, құнарлы етеді. Ең бастысы, жаңғақты тым көп жеп қоймау керек. Бір күнге әрі кетсе 7 жаңғақ жеткілікті. ▪️ Жаңғақты семіз адамдар, оған аллергиясы барлар, қанының ұйығыштығы жоғары жандар, ұйқы безі қабынғандар, ішек жұмысы бұзылғандар жемегені жөн. Бұл проблемалардан арылып барып қана қолданған дұрыс. Ескіріп қалған немесе тым көп желінген жаңғақ дені-басы сау адамды да әбіржітуі мүмкін. Грек жаңғағынан бактерицидтік, қуаттандыратын, ішек паразиттеріне қарсы препараттар жасайды. Іш қатқанда да грек жаңғағы жақсы жәрдемші. Ол қандағы холестеринді азайтады. Жүрекке, тамырларға, миға пайдалы «Омега – 3» қышқылы да жаңғақта мол. 30 граммдай жаңғақта бұл қышқылдың тәуліктік нормасы бар. ...Бүгінде әлемде жаңғақтың 300-ден аса түрі бар. Ол Қазақстанда Алматыда, Шымкентте, Каспий бойында өсіріледі. Бізде грек жаңғағын ғана емес, оның басқа түрлерін де өсіруге мүмкіндік бар. Ал халық арасында жаңғаққа деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Ағзаға пайдалы, бүлінбей ұзақ сақталатын бұл өнімді алыс жақтарға, дүниенің төрт бұрышына дейін экспорттауға болады. Ең бастысы, оның денсаулыққа шипасы орасан зор.
ҚАН ҚЫСЫМЫНА ҚАРСЫ ӨТЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ СЕНІМДІ РЕЦЕПТ Гипертониямен көп адам ауырады. Олар жылдар бойы дәрігерге қаралып, гипотензивті препараттар қабылдайды. Бірақ олардың көбісі қан қысымын қалыпқа келтіретін қарапайым әрі өте тиімді халық медицинасының рецепті бар екенін біле бермейді. Бұл әдіс қысымды бірнеше жылға тұрақтандыра алады. Дәрілік қайнатпаны дайындау әдісі: Кәстрөлге 5 ас қасық қарағай инесі, 2 ас қасық итмұрын жемісі және 2 ас қасық пияз қабығын салыңыз. Қоспаның үстіне 1 литр салқын су құйыңыз. Қайнатып, қақпағын жауып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Қайнатпаны аздап тұндырыңыз, содан кейін сүзіп, қажет болса, қайнаған су қосыңыз, осылайша қайнатпаның жалпы көлемі 1 литр болуы керек. Дайын болған қайнатпаны екі күн ішінде теңдей бөліп ішіңіз. Содан кейін жаңа қайнатпа әзірлеңіз. Емдеу курсы – 4 ай.
КАЛАНХОЭ – ТЕРЕЗЕҢІЗДЕГІ ДӘРІХАНА ▫️ Асқазан қыжылы: Каланхоэ жапырағынпн азырақ алып, жуып, жеу керек. 3-5 минут ішінде басылады. ▫️ Тіс ауырса, каланхоэ көмектеседі. Жапырақты шайнап, ауырған тістің жанында 15-20 минут ұстаңыз (егер дәрі болмаса). ▫️ Каланхоэ шырыны жараларды, экземаны және тері бөртпелерін емдеуге жақсы көмектеседі. Беттегі дақтар мен безеулерден арылу үшін оны халық медицинасында жиі қолданады. ✔️ Иммунитетіңіз әлсіресе, каланхоэ жапырағын жеу пайдалы. Ол зиянды заттарды бейтараптандырып, қанды тазартады және суық тиюден қорғайды. Жапырақтарды жақсылап жуып, ұсақтап турап, картоп салатына немесе винегретке қосуға болады.
БАНАН СУЫ – ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН және ҰЙЫҚТАТАТЫН ҚҰРАЛ Бананның құрамындағы калий мен магний бұлшықеттерді босаңсытып, тыныштандырады, кешкі уақытта тезірек және жайлы ұйықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, қабығымен дайындалған банан керемет дәмді болады. Құрамы: 1 банан 200 мл су Бір шымшым даршын Дайындалуы: Суды қайнатыңыз. Бананның екі шетінен кішкене бөлігін кесіп алып тастаңыз. Бананды қайнаған суда баяу отта 10 минут бойы қайнатыңыз. Сусын дайын! Хош иісті арттыру үшін банан шайына бір шымшым даршын қосыңыз. Қосымша бонус — қабығымен қайнатылған бананды аздап какао, даршын және қант қосуға болады. Мұндай бананды түнде жеу ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, терінің күйін жақсартуға көмектеседі.
ҚҰРҒАҚ ЖӨТЕЛДЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛДАРЫ Егер сізде құрғақ жөтел болса 1/4 стақан сары майды жұмыртқаның сарысымен және дәміне қарай қантпен араластырыңыз. Қоспаны күніне 2 рет 2 шай қасықтан ішіңіз. Егер дауысыңыз қарлыққан болса 1/2 стақан мейізді 1 стақан суда қайнатып, 1 ас қасық пияз шырынын қосыңыз. Бұл қайнатпаны түнде ішуге немесе тамақтан 20 минут бұрын күніне 3 рет 1/3 стақаннан қабылдауға болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |