11/02/2025, 14:48 | |
ІШ АУЫРСА, ТІС АУЫРСА ТҰЗ КӨМЕКТЕСЕДІ Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стакан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек. Баспаны (ангина) жазу үшін 1 стакан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, тамақты шаясыз. Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады. Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап жуып алу керек. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы сумен шайып тұрса жеткілікті. Тіс ауырған кезде пияз бен сарымсақты үккіштен өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады. Мұрын қабынуға және #гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.
ТІЗЕҢІЗ ҚАҚСАП ЖҮР МЕ? Тізенің қақсап, ауырып жүрсе, ақжелек (хрен) жапырағының 3-4 данасын қайнап тұрған суға салып алыңыз да, тізеге жапсырыңыз. Дереу аяғыңызды жылы одеялмен орап алыңыз. Жапырақты суығанда алып тастап, табаннан бастап белге дейін салқын тимейтіндей жылы киіну керек. Бір апта осылай етсеңіз, ақжелек тізедегі суықты да, тұзды да «сорып» алады. ☘️Егер аяқ буындарын жарақаттап алсаңыз, сіңірі созылса, ісіп тұрса, ол жерге жылы суға езілген қара (кір) сабын жағыңыз. ☘️Көктемнің сары гүлі - бақбақтан 130 дана жинаңыз. Бір шайып алып, шыны ыдысқа салыңыз да, үстіне «тройной» одеколон құйыңыз. Бетін мықтап жауып, 40 күнге қараңғы жерге қояды. Тізе ауырған, қақсаған кезде жұқалап жағып жүрсеңіз, көмегі күшті дәрі осы. ☘️50 грамм камфора мен осынша қыша (горчица), 100 грамм спирт, 100 грамм жұмыртқаның сары уызынан дәрмек жасауға болады. Алдымен спирт пен камфораны араластырасыз. Оған қышаны қосады. Жұмыртқа уызын жақсылап араластырып, осы қоспаның үстіне салу керек. Күнделікті кешкісін онымен буынды, сүйектің қақсаған жерді сылайды. ☘️Шошқа майы сүйектегі суықты тартып алады, буындардағы тұзды өз бойына сіңіреді. Емдік мақсатта тұздалмаған, қақталмаған майы керек. Оны жұқалап кесіп, кешкісін тізеге таңып қояды. Таңертең алып тастайсыз. Бес күнде тізе, буындағы суық пен тұздан арылып, жүріп тұру, қозғалу жеңілдейді, қақсауды да ұмытасыз. ☘️Картоп гүлдейтін кезеңді қалт жібермеңіз, ол тізе қақсауын қойдыратын керекті шикізат көзі. Ауа райы ашық, құрғақ кезде картоп гүлін жинап, оны көлеңкелі жеде кептіріп алыңыз. Шыны ыдыста сақтасаңыз, керек кезде емге қолдануға қолайлы. Картоптың 1 ас қасық кептірілген гүлін 2 стакан суға салып, термоста 3 сағат тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын жарты стаканнан ішеді. Ем курсы – 21 күн. ☘️Осы картоп гүлінен остеохондроз, радикулит, артрит сынды кеселдер кезінде қолданатын тұнба әзірлеуге болады. Ол үшін шыны бөтелкеге картоптың кептірілген гүлін (жартысынан көптеу болсын) салып, үстіне «тройной» одеколонын құяды. Қараңғы жерде әр кез шайқай отырып, 2-3 апта қояды. Бұл тұнбаны желке, бел тұсы, тізе, тобыққа жұқалап жағып, сіңгенше жеңіл массаж жасайды. ☘️Мынадай да ем бар: тізе қақсап ауырса мейлінше жаңа үй жұмыртқасының 2 данасына 2 ас қасық 9 пайыздық сірке суын араластырыңыз. Оны дәкеге жағып, тізеге таңып қою керек. Сыртынан жылы орап қойыңыз. 10-12 күнде тізе ауруын ұмытасыз.
ДӘРІСІЗ ЕМНІҢ БІР ТҮРІ Итмұрын тұнбасы бойға қуат беріп, әлсіздікті жеңетін қасиетке ие. Сонымен қатар ол тұмаурату мен суықтаудың алдын алудағы нағыз антибиотик саналады. Олай болса 1 стакан итмұрын жемісі мен осынша шекер алып, оларды 3 стакан араққа тұндырып қойыңыз. 5 күннен кейін үстіне тағы 3 стакан арақ қосып, жақсылап араластырыңыз да, таусылғанша таңертең және кешке 20 миллиграмнан ішіп тұрыңыз. Өгейшөп жапырағын 1 стакан суға қайнатып, үстіне 1 ас қасық коньяк пен жарты стакан пияз сөлін қосыңыз. 1 шай қасықтан күніне 4 рет ішіп тұрсаңыз тамақтың қабынуынан аулақ боласыз. Жас балаларға беру үшін қоспаға қайнаған су араластыру керек болады. Күміс, темір, цинк, марганец секілді ағзаға аса қажетті элементтерге бай эхинацея иммунитетті көтеріп, вирустың өршуін тежейді. Ол үшін эхинацея шөбінің 2 ас қасығын жарты стакан суда қайнатып, суытып қоясыз. Соңыра тұндырып алып, үстіне салқындатылған қайнаған су құйып, бастапқы көлеміне жеткізу керек. Осыны таусылғанда 1 ас қасықтан күніне үш рет ішкен жөн. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |