27/01/2025, 21:49 | |
ВИТАМИН ЖЕТІСПЕУІНІҢ ТӨРТ БЕЛГІСІ Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты витамин тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей қалуы жиі кездесетін жағдай. Ал витамин тапшылығын қалай анықтауға болады? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз. ➡️ 1. Аяқ-қолыңыз жиі ұйып қала ма? Әлде аяғыңыз тез талып, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде балтыр тұсында шаршау, әлсіздік сезіле ме? Жүрек қағысының жиілеуі, есте сақтау қабілеті бұзылып, адамдардың түрін танып тұрғанмен атын еске түсіре алмау, қолдағы затыңызды қайда қойғаныңызды ұмыту жиіледі ме? Бұл тиамин мен В1 витамині жетіспегенде болатын белгілер. Әйткенмен «жарасы жеңіл»: жүгері, қара нан, фасоль, шпинат, сыра ашытқысы мен сәбізді жиі тұтыну, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы жағдайды қалыпқа келтіре аласыз. ➡️ 2. Соңғы кездері жиі суықтап қала бересіз бе? Аз қозғалыстың өзіне бойды әлсіздік билеп, бас себепсіз ауыра ма? Бұл сізде пантотен қышқылы мен В3 витамині тапшы екенін білдіретін белгі. Жасыл бұршақ, сиыр (әсіресе бұзау) бауыры, қызыл фасольды жиі тұтыну арқылы аздың орнын толтырып, жоғарыдағы жайсыздықтан құтылуға болады. ➡️ 3. Қанша күтім жасасаңыз да қол мен бет терісі құрғап, жарылып кете бере ме? Шашыңыз көп түсіп жүр ме? Күтпеген жерден басыңыз айналып, тез қойып қала ма? Бұл ағзаға пиридоксин мен В6 витамині қажет деген сөз. Оның орнын бұршақ (горох), өңделмеген күріш толтырады, жиі тұтынуға тырысыңыз. ➡️ 4. Түнде дұрыс тынығып, жайлы ұйықтасаңыз да таңертең аяқтарыңыз, әсіресе балтыр қатты талып, шаршап тұра ма? Бет пен қол терісі қабыршақтанып, қайызғақтанып кете ме? Бұл рибофлавоноид пен рутин жетіспейтінін білдіреді. Керегіңізді қызылша, брусника, анар, қара өрік, итмұрын жемісі мен сәбізден табасыз.
АС СОДАСЫМЕН ДЕ ЕМДЕЛУГЕ БОЛАДЫ Күнделікті өмірде жиі қолданылатын ас содасының тап қазір, яғни қыс мезгілінде бас көтеретін суықтау мен тұмауратуға қарсы керемет емдік қасиеті бар екенін білесіз бе? Қатты жаурағанда мұрын бітеліп қалса да дәріханаға жүгірмей, ас содасының көмегіне жүгінсеңіз болады. Тұмаудың белгісі білінсе, тыныс алу қиындап, тамағыңыз жыбырлай бастаса орта көлемдегі ыдыстағы қайнаған ыстық суға 1 шай қасық ас содасын салып, тыныс жолдарын 80 градус шамасындағы буға бұлау қажет. Бұлауды су суығанша жалғастырған жақсы. Бұлау кезінде көзді жұмып, басқа сүлгі не орамал жауып алған жақсы. Сонда сода аралас ыстық бу тура тыныс жоладыран әсер етеді. Ол еркін демалуға көсектеседі, мұрынның бітелгенін ашып, тамақтың жыбырлауын тоқтатады. Ас содасы қосыған суға тамақты шаю баспа (ангина) көтерілуден сақтайды. Бала кезімізде мұздай су ішіп немесе қар мен мұз жеп көреміз деп тамағымызды жиі ауыртып алатынбыз. Сонда әжелеріміз аузымызға дәрі тықпаламай, содамен-ақ сауықтырып шығатыны әлі есімде. Қыстыгүні аяқтан қолаңса иіс шығып тұрады. Ас содасының көмегімен одан да құтылудың жолы бар. Ол үшін қайнаған жылы суға керегінше ас содасын салып, араластырасыз. Бұл қоспаға мақтаны малып алып, сүртіну керек. Аптасына екі-үш рет осылай етіп тұрсаңыз көп ұзамай жағымсыз иістен құтыласыз. Міне, әрбір үйде кездесетін кәдімгі ас содасының осындайда пайдалы, емдік қасиеттері бар.
ӨТТІ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ Бір стаrан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны ашқарынға ішеді. Сосын 1,5–2 сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, шыны ыдысқа салып, біраз уақыт қойса, әбден еріп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауыратын адамдар оны ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол.
АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ЖИІ ҰЮЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ? Аяқ-қолдың ұйып қалуы – адамда жиі кездесетін құбылыс. Негізінен ол табиғи жағдайда, адам қолайсыз отырып қалғанда, киім, аяқ киім қысқанда, тағы басқа жағдайларда орын алады. Бұл – қалыпты жағдай. Яғни себебін білсеңіз, одан қорқыныш жоқ. Ал аяқ-қол ешқандай себепсіз ұйи берсе, онда дәрігерге көрінген абзал. Оның мынадай себептері болуы мүмкін: ▶️ Жас ұлғаюына байланысты шеткі жүйке жүйелерінің невропатиясы. Яғни ми мен жұлыннан алшақ жатқан жүйке талшықтары бүлінген. ▶️ Диабеттік невропатия, 2-ші типті диабеттің басталуы. Көбіне аяқ ұйиды. ▶️ Витамин, минерал (В тобы, Е, Р витаминдері, магний, калий, кальций) жетіспеуі немесе оның артықтығы да бұған себеп бола алады. ▶️ Қаназдық. Бұл кезде қанға оттегі жетіпсейді, бұлшық етте сүт қышқылы көп. ▶️ Алкогольдік невропатия. Бұл да шетк жүйке талшықтарының бүлінуінен болады. ▶️ Кейбір жұқпалы инфекциялар да (жұқпалы герпес, қызыл жегі, қызамық, ЖИТС/СПИД, т.б.) бұған себеп. ▶️ Ауыр металдардан (қорғасын, мышьяк, сынап, таллий, кейбір өнеркәсіп қалдықтарда) улану да аяқ-қолдың ұюы арқылы белгі береді. ▶️ Өкпе обырына қарсы, вирусқа қарсы кейбір дәрілер, жалған дәрілер де аяқ-қол ұюын туындатады. ▶️ Ревматоидтік артрит, қызыл жегі (волчанка) да осындай құбылыс тудыра алады. ▶️ Гипертония, цирроз, атеросклероз, артрит, тағы басқа созылмалы дерттер де оған себеп. ▶️ Қан айналымы бұзылғанда (қан қоюланғанда, тамыр атеросклерозында, жүрек ишемиясында, стенокардияда, тромбоз, инсульт, инфаркт кезінде) аяқ-қол жиі ұйиды. ▶️ Жүйке қысылып, басылып қалғанда (бұған омыртқа жарығы, оның қысылуы жатады), жарақат алғанда, ауыр салмақ түскнеде, орта жүйке, білек өзегі үнемі бірқалыпты ұзақ қозғалғанда да аяқ-қол жиі ұйиды. ▶️ Бұл тұқым қуалау жолымен де келеді. ▶️ Темекі шегушілерде де бұл жиі кездеседі. Өйткені бұл кезде тамыр тарылып, шеткі жүйкелерге оттегі баруы нашарлайды. ▶️ Ұйқыға жатарда тамыр тарылтатын сусын (алкоголь, кофе алғашында тамырды кеңейтсе, кейін керісінше әсер береді), тамақ (ащы дәмді) та аяқ-қолды ұйыта алады. ▶️ Ағзаға жақпайтын диета кезінде де осындай құбылыс байқалады. ▶️ Орталық жүйке жүйесіндегі қалыпсыздықтар кезінде де ұсақ тамырлар құрысып, тері қуарады, аяқ-қол ұйып, суынады. ▶️ Жаңғалақтық склероз, қатерлі ісік кезінде де осындай құбылыс жиілейді. ▶️ Стрестік жағдайлар, қорқыныш және тағы басқа психосоматикалық кездерде де осындай жағдай байқалады. ...Қысқасы, аяқ-қолдың қандай да бір себепсіз жиі, ұзақ уақыт қайталап ұюы байқалса, уақыт өткізбей дәрігерге көрінген жөн.
ҚАНДЫ ҚОЮЛАНУДАН САҚТАЙДЫ Бүгінгі күні адамдардың бәрі «нервный». Тіпті қазіргі жас балалар да бұрынғыдай емес, қит еткенге шеке-басы тырысып, ашу шақырып шыға келеді. Оны оның нағашы атасы «жүйкелеу» деп атайды. Нағашысы үйінде шайына үнемі әлдебір шөптерді қосып ішіп жүреді. Кейде ауыл шетіне, қыр басына шыға қалсақ әр шөпті алақанымен аялай ұстап, аттарын айтып, олардың қасиетіне жете тоқталып жатқаны. Шаршауды және ашу шақыруды білмейтін ол кісі бірде құпиясымен бөлісті. «Адамды ауру ететін де, жасына жетпей қартайтатын да – жүйке. Сондықтан әрдайым сабырлы болудың жөні бөлек. Ол үшін аптасына бүтін лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіп, оған дәл сол мөлшердегі бал араластырып, шайға қосып ішіп жүрсе, адамның қаны қоюланбайды. Қан таза болған соң жүрек қыспайды, «давление» көтерілмейді. Ашудың да алдын алатын – сол. Күн ыстықта су орнына өрікті қайнатып, азырақ қана шекер қосып ішіп жүрудің де көмегі жақсы. Ол басты ауыртпайды. Шаршатпайды», – дейді ол кісі. Ширақ та сергек, сабырлы да жас көрінудің сыры осы екен.
АЯҚТЫҢ ІСІНУІН ҚАЙТАРАДЫ Орыстарда «Кәрілік аяқтан басталады» деген сөз бар. Өте дұрыс айтылған. Жас қырықтан асқан соң адамның жүріп-тұруы, қимыл-қозғалысы ауырлай бастайды. Бір рецепт ұсынайын. Дәріханалық 300 грамм спирт, 1 құты (10 мл) камфорлы спирт, 1 құты йод, 10 түйір анальгин керек. Бұрандалы қақпақпен жабылатын ыдысқа бәрін құйып, анальгинді ұнтақтап араластырады. Мықтап жауып, қараңғы да салқын жерде 21 күнге қою керек. Дәрі дайын. Мұны остеохондроз, радикулит, артрит, артроз белгісі болса, жалпы бел, буын, омыртқа, аяқ, арқа ауруларында қолдануға болады. Сіңдіре жағып, аздап уқалап, сыртынан жылы орап қою керек. Ем нәтижелі болу үшін 10-15 күн жалғастыру маңызды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 19 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |