Халық емі
05/01/2025, 22:08

ЗІМБІР ШАЙЫ

бүйректегі құмды және бауыр айналасындағы майды ерітеді

Зімбір шайын дайындау үшін сізге қажет:

- табиғи бал

- ¼Шай қасық ұнтақталған куркума

- ¼Шай қасық ұнтақталған зімбір

- 1 кесе су

Зімбір шайын дайындаудың қарапайым әдісі: куркума мен зімбір ұнтағын қайнаған суға салыңыз, содан кейін қақпақты жауып, 15-20 минут қайнатыңыз, бал қосыңыз. Содан кейін шайды сүзіп, шыныаяққа құйыңыз.

Шайға әр түрлі дәмдеуіштерді қосуға болады - даршын, кардамон, қалампыр.

 Зімбір шайы денеде жылуды жақсы сақтайды, қуат береді. Мұндай шайды күнделікті рационға қосуды ұмытпаңыз!      

 

ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ҮЗДІК РЕЦЕПТТЕРІ

Бүгінде халық медицинасына жүгінетіндердің қатары көбейді. Шынында, ағзаны түрлі химиялық препараттмен улағанша, таза табиғи өнім қолданған дұрыс. Бірақ, халық медицинасы дәстүрлі медицинаны алмастыра алады деуден аулақпыз. Бірақ денсаулықты жақсартып, көп аурулардың алдын алатыны жасырын емес. Соның бірнешеуімен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

☘️Асқазан-ішек жолының жұмысын жақсарту үшін тамақтан біршама уақыт бұрын 30 дана мейіз жеп алыңыз.

Ағзаны нығайту үшін күн сайын таңғы астан бұрын ашқарынға бір шай қасық зәйтүн майы, бал және лимон шырыны аралас жылы су ішіңіз.

Мойын остеохондрозын емдеу үшін тазартылмаған өсімдік майы (иісі бар) мен ұсақ тұз (немесе теңіз тұзы) қажет. Емдеу курсына түгел жететін мөлшер мынадай: 10 ас қасық тұзға 20 ас қасық май қосып, біркелкі болғанша араластырамыз да, бірнеше күнге қалдырамыз. Күн сайын осы қоспамен ауыратын мойын омыртқаларын сылап, жақсылап уқалау керек. Ем алдында 2-3 минут массаж жасайды. ☘️Күн сайын тағы 2-3 минуттан қосып, массажды 20 минутқа дейін жеткіземіз. Массаж біткеннен кейін мойыныңызды дымқыл, жылы шүберекпен сүрткен дұрыс. 8-10 күннен кейін мойын омыртқасының ауруы жайлы мүлде ұмытасыз, сонымен қоса көру қабілетінің де дұрысталғанын байқайсыз. 

Тері мұндай тұзды массаждан кейін аздап қабыршақтанады. Бірақ курс аяқталғаннан соң тез қалпына келеді. Емдеу процессі кезінде зат алмасу жақсарып, шлактардан арыласыз, сондықтан кейде әлсіз, ұйқышыл болып кетуіңіз мүмкін. Бірақ бұл жанама әсері бар деген сөз емес, әр адамға әр қалай әсер етеді.

☘️Сары ауру болғанда 20 грамм ақжелкекке (хрен) 1 стакан қайнаған су құйып, 30 минут тұндырып қоямыз. Сүзіп алып, зәр айдайтын құрал ретінде қабылдаймыз. Сондай-ақ ауруды толық жеңгенге дейін күнде таңертең орамжапырақ шырынын ішу қажет.

Артық салмақтан арылу үшін күн сайын 3-4 рет тамақтан жарты сағат бұрын орамжапырақ шырынын ішкен пайдалы. Жарты стаканнан бастап, біртіндеп мөлшерін ұлғайтып, 1 стаканға дейін жеткізіңіз. Емдеу курсы – 3-4 апта.

☘️Асқазан жарасында түйежапырақ (лопух) көмектеседі. 1 ас қасық кептірілген, ұсақталған түйежапырақ тамырына 2 стакан қайнаған су құйыңыз. Екі  сағат тұндырып, сүзіп алып, күніне 3-4 рет тамақтан бұрын жарты стаканнан ыстық күйінде ішесіз.

Аяқ ісінуінде қайың бүрлері немесе жапырақтарынан тұнба әзірлеңіз. 1 ас қасық қайың бүріне немесе 2 ас қасық жапырағына 0,5 литр қайнаған су құйып, бір сағат тұндырады. Сүзіп, күн сайын 4 мезгіл тамақтан бұрын жарты стаканнан ішеді.

☘️Аяқ пен қолдың ұйып қалуына қарсы камфора майын қолдануға болады. Камфора майына эвкалипт эфир майын қосып, жатар алдын аяқ-қолға жағып шықса, 3 реттен кейін-ақ  нәтижесін байқайсыз.

Варикоз. Жолжелкеннің балғын жапырақтарын жинап, жуып, ұсақтап турап, сөлін бөліп алады. Оны дәл сол мөлшердегі балмен араластырып, 20 минут баяу отта қайнатады. Күніне 3 мезгіл 20 граммнан қабылдау керек.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫ МАЗАЛАЙ МА?

Ол өзі білетін халық емі туралы жазса ма деп еді. Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы әлсіздігінде  өте жақсы көмектеседі. Оның әсіресе аденома мазалайтын ер-азаматтарға көмегі көп екеніне көз жеткізген-ді.

2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құясыз. Енді оны баяу отта ақырын ғана 5 минут қайнатады. Оттан түсіріп, 1 сағат тұндырып қойған соң таза стерилді дәкемен сүзіп алу керек. Тұнбаның түсі қарақошқыл болса, үстінен аздап су құюға болады. Сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделу мерзімі – бір ай. Бір апта үзілістен кейін емді тағы бір қайталап жіберуге болады.

Жасы үлкен кісілердің көпшілігін осы уақытта жоғары қан қысымы мазалайтынын білеміз. Оның анасы ондайда мынадай амал жасайды: 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып, 1 тәулік тұндырып қою керек. Сосын ерітіндіні бірнеше қабатталған дәкеден екі-үш рет өткізіп, күніне 3 рет тамақ алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек. Емді 2 апта жалғастырып, 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады.

Анасының айтуынша, кеудедегі сырылдан арылу үшін жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек екен. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдында жасалады. Осыны күнара 7 рет рет қайталаса кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бүкіл дене жеңілденеді.         

 

«ПАПИЛЛОМА» ДЕГЕН СҮЙЕЛ БОЛАДЫ

❗️Оны жұлып, кесуге болмайды❗️

Кейбір адамдардың, әсіресе қария кісілердің ағзасына сүйелге немесе қалға ұқсас шыққан нәрселерді аңғаруға болады. Оған жұрттың аса мән бермейтіні рас. Аса көзге ұрып көрініп тұрмаса ол өзінің «иесіне» де көп қолайсыздықтар тудыра қоймайды. Бірақ бұл адам үшін қауіп-қатері жоқ емес нәрсе. Медицина тілінде «папиллома» аталатын бұл нәрсе көбіне аса ұсақ саңырауқұлаққа ұқсайды, теріден жіңішке сабағымен көтеріліп тұрады. Ол дененің кез-келген жерінде пайда болуы мүмкін, мойында, кеудеде, қолтықта, қабақта, омырауда, ауыздың, мұрынның, тамақтың кілегей қабатында, жыныс органдарында, тіпті асқазан-ішек жолдарында шығуы да мүмкін.

Папиллома адам денсаулығынан айырылғанда белсенді болады, сондықтан ол көбіне қарияларға тән. Десек те соңғы жылдары ол бірте-бірте жастарды да айналдыра бастапты, өйткені олардың да денсаулықтарына зиян келтіретін факторлар көбеюде. Ал олардан ағзаға келер қауіп те аз емес, оқыс бір жағдайларда үзіліп, қанап, қабынып кетуі мүмкін. Кейбірі тіпті қатерлі жараға айналуы ықтимал. Әсіресе жыныс органдарына шыққан папилломалар бұл тұрғыда  аса қауіпті.

Папиллома вирустары ағзаға түскен соң тері арқылы сыртқы көрінісін береді. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде ол жер шары халқының 90 пайызын қамтып отыр. Қайраты қайтпаған адамдарда ол іште бұғып жата береді де, ағза әлсірей келе теріге шығады. Ал ағзаны ертеден әлсіретуде зиянды әдеттердің (темекі, арақ, есірткі пайдалану, ретсіз жыныстық қатынастар, контрацептивтерді көп қолдану, тағы басқа) үлесі басым екені белгілі. Вирустың бірден бас көтеруіне суықтап ауырған соң немесе тұмау кезінде дұрыс емделмей жүре беру, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, дәрі-дәрмекті дұрыс қолданбау, түрлі стресстер, бассейндер мен басқа да тұйық су көздерінде жиі шомылу, шамадан тыс күнге қыздырыну сияқты жайлар да әсер етуі мүмкін.

Папилломалар жыныстық қатынас арқылы да жұғады. Мұндайда ол әйел жыныс мүшесінің «басына» шығады. Олар медицина тілінде «Кондилома» деп аталады. Сондай-ақ ол тұрмыстық жолмен де жұғуы мүмкін, яғни папилломасы бар адам тұтынған заттан да ауыса алады.

Папилломаларды қазіргі кезде медициналық әдістермен жоюға болады. Бұл мақсатта күйдіру, лазерлік әсер ету сияқты тәсілдер қолданылады. Ал оны жоюдың халықтық тәселдері ежелден бар. Олар мынандай:

❗️– Күніне бір ас қасық табиғи әсел жеп тұру, көкөніс, жеміс-жидектер, шырындар қолдану керек;

❗️– Каcтор майымен таңертең және кешке сылау қажет;

❗️– егер папиллома саңырауқұлақ сияқты шықса, оның айналасын майлы креммен сылап, өзіне иод жағу керек (бұл емді күз бен қыста жасаған дұрыс);

❗️– Жазда папилломаны чистотель (аптекаларда сатылады) сөлімен емдейді. Сөлді тұнбасы қалғанша қайнатып, сол тұнбаны сылауға пайдалануға болады;

❗️ – Папилломаға сарымсақ бөліктерін таңуға болады;

❗️– Прополиске  малынған мақтаны таңу керек;

❗️– Папиллома пайда бола салысымен оны сілекеймен сылап тұрған дұрыс;

❗️– Сіріңкеге оралған мақтаны мүсәтір спиртіне шылап, папилломаның үстіне арагідік 5-6 секунд басып тұру керек (спирт папиллома айналасындағы теріге тимеуі тиіс);

❗️– Күніне екі рет қызылша сөлімен бірнеше рет сылап отыруға болады;

❗️– Қышқыл алма бөліктерінен ботқа жасап дәкемен таңып немесе «пластырьмен» бекітіп қою керек.

Халық медицинасындағы бұл ем түрлерінің қолданылуына байланысты өзіндік ереже-талаптары бар. Мысалы, бұл емдерді айдық толуы, туылуы кезінде жасауға болмайды делінеді.

Десек те денеге папиллома шыққан жағдайда маман-дәрігерге қаралып, одан ақыл-кеңес алған дұрыс болмақ. Папилломадан кесіп, жұлып құтыламын деген денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін екенін ұмытпағайсыз. Жалпы, папилломадан сақтасын.

 

ЖҰҚПАЛЫ ВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНЫП ЖҮРСІЗ?

Қыс та өтіп жатыр. Бұл кезде ауада жұқпалы аурулардың вирустары көбейе бастайды. Соның әсерінен талай адам түшкіріп-пысқырып, мазасызданады. Мұндайда ол әсіресе көпшіліктің ортасында ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Сондықтан не істеген жөн?

Әрине, мұндайда дәрі-дәрмек ішкен жақсы. Бірақ реті келсе, қытайдың халық медицинасы қолданатын мына бір екі кеңестің де артықтығы жоқ.

1. 0,5 литр уксусты кастрюльге қайнатады. Ол қайнай бастағанда отты баяулату керек. Сол кезде пайда болған бу үйдің ішіне таралады. Бұған шамамен 20 минуттай уақыт жұмсалады. Бұл қарапайым әдісті күніне бір рет, 2-3 күн сайын қайталау керек. Егер осы әдіс айына бірнеше рет қайталанса, ол ағзаны тыныс жолдарын бүлдіретін вирустардан қорғайды.

2. Денедегі сезімтал нүктелерге массаж жасау әдісін қолданған жөн. Әдетте оның таза ауада немесе ауасы тазартылған бөлмеде жасалынатыны белгілі. Ол үшін алдымен аяқты иықпен теңестіріп тұрып, қолды бір-біріне қашан жылуды сезінгенше ысқылайды. Сосын саусақпен мұрынды қас ортасынан ұшына дейін ақырын жылжыта отырып, 36 рет уқалау қажет. Осыдан кейін сұқ саусақтармен мұрынның екі жағындағы сезімтал нүктелерді басып тұрып 36 рет уқалайды. Сосын алақанмен мойыннан шықшыт арқылы құлаққа қарай, одан құлақ сырты арқылы желке тұстағы екі нүктеге массаж жасайды. Бұл да 36 рет жасалуы керек. Осыдан соң мойынды алдыңғы және артқы жағынан алақанмен жылуды әбден сезінгенше ысқылаған дұрыс.

Бір айта кетерлігі – бұл екі әдіс те тыныс жолы ауруы басталған алғашқы кезде көмектесетін көрінеді. Егер ауру өрши бастаса, шипасы тимеуі де мүмкін. Сондықтан осы екі әдісті қолданамын дегендер кеш қалмауы керек.

 

ЛИМОННЫҢ СӨЛІ ТАМАҚ АУРУЫНАН САҚТАЙДЫ

Оның қызы баспа (ангина) ауруымен жиі ауырады. Бір жасқа толмаған шағында балмұздақ жеп, тамағы қатты суықтағаны бар. Содан бері қысы-жазы сәл салқын су ішсе, тер қатса бітті, тамағы ісіп, көмекей безі қабынып шыға келеді.

Балаға дәріні көп бере беруге болмайды. Сондықтан ол баспаны асқындырмайтын халық емі тәсілдерін қарастырып жүреді. Соның бірі лимонға қатысты. Көмекей безі енді қызарып, ісініп келе жатқанда бір лимонның шырынын сығып алып, оған осынша мөлшерде қайнаған салқын су құйыңыз. Онымен сағат сайын тамақты шайып отыру керек.

Қабығынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру де көмекей безінің қабынуынан сақтайды  екен. Оны 15-20 минуттан соң, қышқылы кеткенде түкіріп тастауға да, жеп қоюға да болады. Бала балмұздақ жеп, салқын су ішкенде ауырып қалады деп қорықпай-ақ, осы шараны алдын-ала жасай беріңіз, зияны жоқ.         

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: