Халық емі
30/12/2024, 16:28

ТАМЫРҒА ДА СУЫҚ ТИЕДІ

Бүгінде адамдардың көбіне, әсіресе жастарға күздің қара суығы мен қыс күндерінде жалаңбас жүру тән. Оның үстіне біздің Оңтүстіктің қысы жұмсақ, бұл да адамдарға алдамшы әсер етеді. Негізінен қыста басты суықтан, аяз бен желдің, ылғалдың әсерінен қорғаған дұрыс.

 Өйткені біріншіден, суықта жалаңбас жүру бастағы қан тамырларының жұмысына зиянын тигізеді. Сосын бас үнемі ауырып жүруі мүмкін. Сондай-ақ жалаңбас жүру қарақұс­тағы, самайдағы жүйке жүйелеріне, құлаққа суық тиюіне соқтыруы ықтимал. Одан бөлек, аяз шаштың жай-күйіне де кері әсер етеді. Осының ішіндегі ең қауіптісі бастағы тамыр суықтауы. Оның соңы бастағы қалыпты температураны бұзып, орталық жүйке жүйесіне зиянын тигізеді. Ал оның адам ағзасының барша әрекетін басқарып отыратыны белгілі, сондықтан қалыпты жұмысы бұзылса, оның жүрекке, асқазан мен ба­уырға да әсері бар.

 Мұның барлығын жұрт қашан зардабы өткенше аса сезінбейді, сондықтан, мұрны бітеліп қалса ғана «басым суықтаған-ау» деп қойып жүре береді.

 Бүгінде адамдар, әсіресе жастар басын жиі жуатыны белгілі. Одан соң шашын фенмен кептіріп алады да, сосын сабағына немесе жұмысына асығады. Ал бұл кезде далада күн суық болуы мүмкін. Бұл кезде ылғалы толық кеппеген бас терісінде тамырлар тарылып, қан айналымы нашарлайды. Сондықтан 5 градустың суықтың өзінде де мүмкіндігінше бас киіммен жүрген жөн. Жылы жерден бірден суыққа шыққанда да басқа температура өзгерісі бірден осылай әсер етеді. Сондықтан күн суықта бас киімді сыртқа шықпай тұрып киген дұрыс. Ал суықтан жылы жерге кіргенде бас киімді шешкен дұрыс, ол да «тыныс алуы» қажет, қан айналымы қалыпты жүруі тиіс. Суықтан қорғайды деп бас киімді де қалай болсын солай киіп жүрген дұрыс емес. Ол басты, оның тамырларын қыспауы керек. Тар бас киім қан айналымына, зат алмасуына кедергі келтіреді, адамның үнемі  басы ауырып жүретін болады. Әсіресе маңдай, самай, желке тұс­тарды қысып тұратын бас киімді көп кимеген, жалпы, бас киімді дұрыс таңдаған абзал. Жасанды теріден тігілген бас киімдерді таңдағанда да осындай жайларға назар аударған дұрыс.

 Жалпы, теріден тігілген қалың бас киімдерден гөрі жүн, биязы жүн, мохер араластырып тоқылған бас киімдер ыңғайлы әрі басқа қолайлы болады. Олар басты аса қыспайды, сондықтан қан айналымына зияны жоқ, оған қоса басқа суық өткізбейді. Суық ауа райында самайды қысып тұратын, бастың артқы бөлігін түгел жаппайтын бас киімдер киген де белгілі бір дәрежеде басқа зиянын тигізетіні дәлелденген.

 Бас киім таңдағанда оның иісіне де мән берген жөн. Өйткені кейбір сауда орындарынан арнайы санитарлық ережелерсіз дайындалған бас киімдерді де кездестіруге болады. Оларды бояуға денсаулыққа зиянды нәрселер қолданылған болуы мүмкін. Өз кезегінде ол бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына, тағы да бас­қа жайсыздықтарға себеп болып жатады. Әсіресе балаларға бас киім таңдағанда осыны есте сақтау керек. Өйткені бала ағзасы ондай зиянды нәрселерге сезімтал келеді. Естері­ңізде болсын, ауа температурасы «нөлден» төмендегеннен-ақ бас киім киюге дағдыланған дұрыс, жеңіл бас киімдер киюге болады. Ал температура 20 градустан төмендей бастаса теріден тігілген бас киім киген дұрыс.

 Күннің суықтығына қарамай жалаңбас жүретіндердің бір «сылтауы» – бас киім кисе шаш тез майланады деп ойлайды. Олай болуы да мүмкін. Дегенмен негізгі себеп – бастағы зат алмасуында. Адам тәттіні, крахмалы мол, ұннан жасалған тағамдарды көп қолданған болуы мүмкін, соларды біршама азайтқан дұрыс. Сонымен қатар шашты қажетті витаминдермен қамтамасыз етуге тырысуы керек.      

 

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН

жақсартатын сусындар

Кейде айтқалы тұрған ойыңызды ұмытып, әңгіменің неден басталғанын еске түсіре алмай жататын кездер болады. Я болмаса қазір аламын деген затты қайда қойғаныңызды есіңізге түсіре алмауыңыз мүмкін.

Біздің көпшілігіміз мұны үйреншікті жағдай деп санағанмен, мамандар мұны дұрыс емес дейді. Есте сақтау қабілетінің төмендеуін қалпына келтіруді ертерек  қолға алмаса, кейін кеш болуы мүмкін. Өйткені ол ұмытшақтық, жаңғалақтық склерозға соқтыруы мүмкін.

Негізі ұмытшақтық мидағы ақпараттың көптігі, стресс пен күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, ұйқының қанбауы, бір орында отырып жұмыс істеу және жағымсыз әдеттер салдарынан болады. Бұл дегеніңіз бүгінде адамдардың 80 пайызында кездесетін жайт емес пе?

Есте сақтау қабілетін емдік сусындармен жақсартуға болады екен.

1. Күніне 3 рет 1/3 стакан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді арттырады.

2. Жарты стаканнан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін байқайсыз.

3. Жарты стаканнан сәбіз бен қызылша шырынын араластырып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек.

4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын білесіздер. Оның есте сақтау қабілетті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар. Ол үшін күнделікті таңертең және кешке жарты стакан қаражидек ішіп жүріңіз.

5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.

6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.

Бұл сусындардың қай-қайсысы да ағзаны витаминмен қамтамасыз етіп, бауырды сауықтырады, иммунитетті көтереді. Яғни сіз сусын ішу арқылы зейін-зердені ғана емес, ағзаны да сауықтырасыз. Олай болса ерінбеңіз, сусын ішіп сауығыңыз!

 

ӨКПЕГЕ КҮШ БЕРЕДІ

Жалпы тез жүрсе ентігіп, ауа жетпей алқынып қалатын адамдарға айтар бір амал бар. Әртүрлі шөптің балынан 1 килограмм алып, оған 10 дана лимон шырынын қосыңыз. Оған 10 дана қызылкөк қабықты пиязды еттурағыштан өткізіп араластырып, 10 күн жабық ыдыста ұстаңыз. Осыны ас алдында шай қасықпен 4-уін бірінен соң бірін ауызға тастап, конфет тәріді сорып тауысасыз. Күніне бір реттен екі ай қабылдасаңыз кеуде тұсының тарылуынан құтыласыз. Жасап көріңіз.         

 

БАУЫРДЫ САУЫҚТЫРАТЫН ЖЕМІС

Күн суыта бастағанда жас балалардың жөтеліп қалуы жиілейді. Мұндайда дәрі орнына емге құрманы пайдаланып көріңіз. Оның шырнын сығып алып, үш жарым қасық қайнаған жылы суға араластырып, тамақты шайса жөтел тез жазылады.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: