23/12/2024, 11:55 | |
КҮН СУЫТҚАНДА АҒЗАДА БОЛАТЫН АЛТЫ ӨЗГЕРІС Суық және салқын ауа райы ағзаға елеулі өзгерістер әкеледі. Ол адамға физикалық және психологиялық тұрғыда жанама әсер етеді. Күзде көңіл-күйдің күрт өзгеруі осының белгісі. Ал, жалпы, күн салқындағанда біз нені ескеруіміз керек? Клиникалық медицина докторы Альберт Энн мынадай кеңес айтады: Ағза көп калория жұмсайды. Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, күн салқындағанда ағза ешқандай белсенділік көрсетпей-ақ, жай ғана өмір сүру үшін әдеттегіден әлдеқайда көп калория жұмсайды. Аяқ-қолдардың тоңуы. Адамның аяқ-қолдарында ыстық климат кезінде ісіну үрдісі бар. Ал күн суығанда аяқ-қолдарға қан аз құйылып, соның себебінен тоңғыш болады. Суық ауа райында жылу мен дене температурасын бірқалыпты ұстап тұру үшін қантамырлар жиырылып тұрады. Бұл қауіпті емес, бірақ ыңғайсыздықтар тудырады дейді ғалым. Содан дененің тартылуы, құрысуы байқалуы мүмкін. Симптомдарды жеңілдету үшін салқын ауа райында жаяу жүру уақытын азайтуға болады. Жылы киім кию керек. Көз, көру қабілеті зардап шегеді. Сарапшылар тым төмен температура, суық жел мен қар адамның көру қабілетіне әсер етуі мүмкін деп санайды. Қарға шағылысқан күн сәулесі көздің мөлдір қабығының зақымдануына немесе күюіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан күнге қарсы көзілдірік киюді ұмытпаңыз. Бет терісі қызарады. Мұрын мен бет суықта қызарып тұрады, өйткені бұл уақытта қан жүрек немесе өкпе сияқты аса маңызды мүшелерге қарай бағытталады. Адам жылынғанда, қан әдеттегі жерлерге оралады. «Бұл қарт адамдарға және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға қатысты, бірақ мұны әркім білуі тиіс. Дене жылуды сақтауға тырысқанда, жүрекке түсетін қысым арта түседі. Ол аяқ-қолға қан жүгірту үшін белсенділігін барынша жоғарылатады. Бұл артериялық қысымның біршама артуына соқтыруы мүмкін. Көңіл-күйдің төмендеуі. Көңіл-күй D витаминінің жоқтығынан төмендейді, доктор Энн қыста физикалық жүктемелермен айналысуға және көшеде, жарық күнде мүмкіндігінше көп уақыт өткізуге кеңес береді.
ТОҚІШЕКТІ ТАЗАРТУ ағзаға саулық сыйлайды Ас қорыту жүйесінде тоқішектің алатын орыны ерекше екені белгілі. Себебі астан бөлінген глюкоза, аминакислота, витаминдер, 95 пайыз су мен тұз нәр ретінде денеге таралады. Тамақтың қажетсіз қалдығы да қою дәрет күйінде тоқішек арқылы сыртқа шығатыны белгілі. Тоқішек аса ұзын емес, оның ұзындығы екі метр болса, ені небәры 3-8 сантиметр ғана. Бірақ соған қарамастан онда пайдалы-пайдасыз бактиериялардың 400-500 түрі өсіп өнеді. Кейбір кеселі бар адамдарда жаңағы қою дәрет тоқішектің қыртыс-қыртысына тұрып қалады да, тасқа айналады. Өмірде 3-5 тіпті 10 килограмм дәрет тасы шыққан науқастар да кездескен. Тіпті неміс дәрігерлері қайтыс болған 280 адамның ішін ашып көргенде оның 240-нан осындай жағдай кездескен. Негізінде осындай дәрет тасымен қабырғасы сыланған тоқішек өз қызметін атқара алмайды. Мұндайда нәр, сөл шығару күрт азаяды. Асқазанның бүрі мен сөлі жойылады. Нәтижесінде дәрет сылағы астындағы тоқішек қабырғалары ісікке шалдығады. Онкологиялық дерттердің ішінде ең көп кездесетін ісіктің қауіптісі де осы. Сондай-ақ тоқішекте жалқаяқ пен құрттар да кездеседі. Мұндайда ең пайдалысы – тоқішекті тазарту. Онсыз сырқатқа ешқандай ем қонбайды. Аурудың барлық әректтері босқа кетуі мүмкін. Жалпы, тоқішекті тазарту аса қиын шаруа емес. Ол үшін грелка, резина мен оған кигізетін шүмек ғана қажет. Олар кез-келген дәріханадан табылады. Бірақ есте сақтайтын нәрсе – бәрі таза болу керек. Тоқішекті тазарту үшін грелканы 1,5 мет биіктікке іліп, еңкейіп тұрып клизма жасау керек. Егер біреу жәрдемдессе тіпті жақсы, олай болмаған күнде де әрбір адам өзі-ақ жасай алады. Осындайда тоқішекті жарақаттап алмас үшін шүмекті майлап алу керек. Сосын тоқішекке екі литр дәрілі су құйылады. Содан соң шалқаңыздан түсіп немесе оң жағыңызбен 10-15 минут шыдап жатуға тырысыңыз. Ішіңіз әбден тазаланған соң жаңағы процедураны тағы 1-2 рет қайталаған дұрыс. Есте ұстаңыз, бұл әркімге өз денсаулығы үшін аса қажет. Төртінші жолы 1,5 литр су құйып, бір күндік процедураны соңына дейін жеткізу керек. Егер бұл айтылғандар толық орындалмаса, тоқішектің төменгі бөлігі ғана шайылады да, ең түпкі басына су бармай қалуы мүмкін. Тоқішекті толық жуу үшін осындай әдісті күн аралата отырып 6-8 рет қайталау керек. Әдетте клизманы 40 пайыз шамасындағы жылы сумен жасайтыны белгілі. Әрине, жылы судың еріткіштік қасиеті жеткілікті екені белгілі. Бірақ тазартудың нәтижесі ойдағыдай болу үшін оған лимон қышқылын, азырақ сірке суын, маргонцовка, ромашка және чистотел шөптерінің тұнбасын қосқан пайдалы. Қорыта айтқанда, тоқішекті тазарту дегеніміз – денсаулықты жақсартудың бастамасы ғана. Тәнді тазартудың бастапқы қадамы осы.
ҚОЙДЫҢ МАЙЫ ТҮРЛІ ЖАРАЛАРҒА ЕМ Бірер жыл бұрын денесінде бөртік қаптап кетті. Әншейін бөртіп тұрса мақұл екен, қышытып мазасын алады. Түнімен қасынып ұйықтай алмайды, ал күндіз біреудің жанында отыруға ұялады. Дәріханаға барып қышымаға қарсы сықпа майлар сатып алып, жағып қойып жүрді. Бірақ оның пайдасы бола қоймады. Біреулерден қышыманы ыстық монша кетіреді дегенді естіп, моншаға барып, буына сағаттап отыратын болды. Ол әрекетінен де нәтиже шыға қоймады. Не істерін білмей жүргенінде бір таныс апайы оған бөртіген, іріңді, тағы басқа да түрлі жараларға қойдың тұздалмаған құйрық майы ем болатынын айтты. Ол кісінің айтуы бойынша ол өзіне мынадай дәрі жасап алды: тұздалмаған құйрықты жараның аумағына қарай кесіп алып, еттартқыштан өткізді. Сөйтіп оның үстіне алтын күкірт себелеп, қолы шым-шым етіп дәрінің күшін сезіне бастаған кезде әдемілеп араластырып, бөртіген жерлеріне түгел жағып, үстінен жаймамен орап тастады. Бұл емді ол түнде ұйықтар алдында істеді. Ал таңертең шүберекті жылы суға малып алып, денесін сүртіп шықты. Танысы жуынуға болмайтынын айтқан болатын. Үш күндей жақсылап күтінгеннен кейін ғана, моншаға барды. Біраз уақыт бойы өзін мазалаған қышымадан ол осылайша айыққан болатын.
КАРТОПТЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ? Адам баласы күніне үш-төрт мезгіл тамақтанады. Сол ас мәзірінің ішінде міндетті түрде картоп жүретіні мәлім. Онсыз ас дәмі кірмейді. Ал осы картоптың емдік қесиеті өте ерекше екен.
| |
| |
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |