Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады: 1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шабарлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.). 2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру. 3. Озық және жаңа жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу. Күтілетін нәтижелер: 1. Бәсекеге қабілетті, білімді жеке тұлға. 2. Кәсіптік шеберлігі шыңдалған ұстаз. 3. Жаңашыл ұстаз 4. Оқушы бойындағы дарындылық пен қабілеттілік. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері ӘБ мына міндеттерді орындайды: 1. Оқу сағаттарының барлық түрін өткізу; 2. Тақырыптық календарлық жопарларды жасау; 3. Оқыту сапасының үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз ету; 4. Үздік ұстаздар тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату мақсатында басқа ӘБ – мен шығармашылық байланыс орнату. 5. Педагогикалық шеберлікті меңгерту мақсатында жас ұстаздарға көмек көрсету; 6. Оқушылардың қорытынды аттестациясының материалын қарау. 7. ӘБ отырысын өткізу; 8. Нормативтік құжаттармен жұмыс, оның талаптарын және ӘБ ұсынысы мен шешімдерін орындау; 9. Пән апталығы не декадасын дайындап, өткізу. 10. Семинар, конференция, дөңгелек стол, т.б. өткізу; 11. Пән бойынша сыныптан тыс іс-шараларды дайындап, өткізу. 12. Оқушылардың олимпиада, интеллектуалдық марафон, ғылыми жұмыс, т.б. дайындап, өткізу; 13. Пән бойынша әр ӘБ сабаққа, үйірме жұысына, факультатив сабағына қатысу. Әдістемелік жұмыстың түрлері: 1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция). 2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер). 3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі). Мектепте әдістемелік жұмысты әдістемелік кеңес басқарады. Әдіст. кеңеске директордың орынбасары басшылық жасайды. Пән бірлестіктері мен құрылған шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады. Пән әдістемелік бірлестіктеріне тәжірибесі мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді. Мектепте әдістемелік кабинет жабдықталып жұмыс істеуі керек. Онда: 1. Кімнен үйренуге болады? 2. Саған сынып жетекшісі. 3. Қазіргі сабақ қандай? 4. Педагогикалық информацияның экспресі. т.б. тақырыптарда стендер болғаны жөн. Сонымен қатар кабинетте: - педагогикалық басылымдар қоры мен педагогика, психология, оқыту әдістемесі, тәрбие мәселелері бойынша әдебиеттер; - оқыту мәселесі бойынша әдебиеттер каталогы; - мектеп көлемінде қолданылатын электрондық оқулықтар және басқа да дидақтикалық материалдар каталогы; - анықтамалық әдебиеттер (энциклопедия, сөздіктер, анықтамалықтар). Кез- келген мектепте «Ізденіс» орталығын құруға болады. Мақсаты: Жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрену, шығармашылық ізденісті ұйымдастыру, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру. Технология иегерлерінің басқаруымен ұстаздармен ғылыми семинар өткізу, авторлық бағдарламаларды жасау. «Ізденіс» орталығында: 1. «Озат тәжірибе» мектебі; 2. Шығармашылық топтар; 3. «Жас мұғалімдер» мектебі; 4. Сынып жетекшілер топтарының жұмысын ұйымдастыруға болады. «Озат тәжірибе» мектебінің мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау және оқу үрдісінде жаңа технологияларды бүгінгі күн талабына сай қолдана білу. Шығармашылық топтың мақсаты: 1. «Деңгейлік саралап оқыту технологиясына сай» жұмыс істейтін «Ізденіс пен Ізгілік» топтары. 2. «Тірек –сигналдар арқылы оқыту технологиясына сай» жұмыс істейтін «Алгоритм» тобы. 3. «Интерактивті оқыту әдістеріне сай» жұмыс істейтін «Жаңашылдар» тобы. 4. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқыту технологиясына сай жұмыс істейтін «Болашақ» тобы. «Жас мұғалімдер» мектебнің мақсаты: 1. Жаңа педагогикалық технологияларды игере отырып білім берудегі жаңашыл қызметте оқушының білім сапасын арттыру, жан-жақты дамыту. 2. Жас мұғалімдерді қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру. Сынып жетекшілер тобының мақсаты: Мектептегі барлық тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, сынып жетекшілердің тәрбиелеу бағдарламасын жаңаша амалдармен құруын қамтамасыз ету. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамы. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптасытру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстыру. 2. Оқушыларды ерте жастан ғылыми-ізденіс жұмыстарына бейімдеу. 3. Оқушылардың жоғарғы деңгейіндегі саналы білім мен іскерлігін көтеруге мүмкіндік беру. 4. Оқушылардың жүйелі ғылыми көзқарасын қалыптастыры, зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығуын, қабілетін арттыру. 5. Өз еркімен қалаған ғылым саласы бойынша мамандықты дұрыс таңдауға, алған білімін тиімді пайдалануға ұмтылдыру. Ұраны: Бұл болашақ ойлы ұрпақтан басталар, Жас жеткіншек, әр ғылымнан бастау ал! Дарындылық, қабілет пен зердені Ұштастырған танытады ертеңді. Қазіргі уақытта стратегиялық бағыттағы жасалатын жұмыстар: 1. Мүғалімдердің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы. 2. 12 жылдық білім беруге көшу. 3. Жаңа буын оқулықтарымен жұмыс. 4. ҰБТ-ке, МАБ –ға дайындығын ұйымдастыру. 5. Жаңадан жабдықтылған кабинеттерде жұмыс жасауы (мультимедиа, интерактивті тақта). 6. Бағдарлы дайындықты ұйымдастыру. 7. Мұғалімдердің бағдарлы оқуға дайындығы. Әдістемелік жұмыс нәтижеге жетті деп айтуға болады сол жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі жоғарыласа. Бихиенова К.М.
|