· ӘБ отырысын өткізеді. · Нормативтік құжат, шешімдердің орындалуы, ӘБ ұсынысының орындалуы. · Озық іс тәжірибені мұғалімдерге таныстыру және оны мұғалімдер қызметіне енгізу (шығармашылық топ жұмысы арқылы). · Пән апталықтарын дайындап, өткізу. · Семинар, конференция, дөңгелек столдарды,т.б, дайындап, өткізу. · Оқушыларды интеллектуалды шараларға дайындап, өткізу (олимпиада, марафон, сайыс, ҰБТ,МАБ, т.б). · Пән бойынша сыныптан тыс іс шараларды дайындап, өткізу. · ӘБ –тегі пән сабақтарына, факультатив, үйірме сағаттарына қатысу. · ӘБ –тегі пәндер бойынша оқушылардың соңғы сапа нәтижесін зерттеу. · ӘБ –тегі пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің өсуі мен біліктілігінің арту сапасын зерттеу. · Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату тәжірибесі. Әр оқу жылының соңында (сәуір,мамыр) ӘБ жетекшісі жыл бойы істелген іске есеп дайындайды. Онда ӘБ –тің міндеттерінің, әдістерінің және оған жету жолдары, алынған нәтиже, туындаған проблема және жаңа міндеттер , жаңа оқу жылындағы жұмыстың қысқаша бағдарламасы баяндалады. Оқу ісінің меңгерушісімен тақырып, міндет, іс шаралар нақтыланған соң ӘБ жетекшісі «2011-2012 оқу жылына ӘБ жұмыс жоспарын жасайды». Жоспар кешенді мақсатқа жету үшін іс шаралардың бірізділігі пен формасын анықтайтын құрылымнан тұрады. Жоспар мына тараулардан тұруы мүмкін: 1. Титул беті ( «қаралды», «келісілді», «бекітемін») 2. Тақырып, мақсат, міндет 3. Өткен оқу жылында істелген жұмысқа талдау. 4. ӘБ жұмыс жоспары: · ӘБ отырысы (жылына 5 отырыс); · Оқу-әдістемелік жұмыс (білім берумен байланысты барлық жұмыс, ҰБТ,МАБ) · Ғылыми-әдістемелік жұмыс (аттестация, біліктілікті арттыру, өздігінен білім алумен байланысты). · Озық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау жұмысы (жасаған, енгізген шығарм.топ ). · Сапа нәтижесіне мониторинг (оқушыға және мұғалімге). · Баспа қызметі (ӘБ бойынша не баспадан шығады – ұжымдық, жеке мұғалім). · Кабинеттің материалдық базасын жетілдіру. (кабинетті паспорт алуға, кабинеттер сайысына қатысуға дайындау,т.б) Жоспардың жалпы кестесі: № р/сМазмұныУақытыЖауаптыНәтиже
|