Біздің Жарғы
28/11/2009, 16:26 | |
«Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелері 1.«Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Лебяжі ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2.Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативті құқықтық актілерді, облыс, аудан әкімдіктері мен әкім актілерін, мемлекеттік мекемені басқару бұйрықтарын және осы Жарғыны басшылыққа алады. 3.Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру - құқықтық нысаны – жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу. 4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы (Уәкілетті органы) Лебяжі ауданының әкімдігі болып табылады. 5.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы «Лебяжі ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. 6.Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшысының (Уәкілетті орган) шешімі негізінде енгізіледі. 7.Шағын орталық «Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің құрылыс бөлімшесі болып табылады. 8.Мектеп алды шағын орталық пен ата-аналар арасындағы қарым - қатынас келісім шарт арқылы айқындалады. 9.Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді. 10.Заңды тұлғаның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі; Орыс тіліндегі атауы: Государственное учреждение «Бескарагайская средняя общеобразовательная школа Лебяжинского района». 11.Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: «Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» ММ; Орыс тілінде: ГУ «Бескарагайская средняя общеобразовательная школа». 12.Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі 140701. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Бесқарағай селосы. 2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі 13.Мемлекеттік мекеме заңды тұлғаның мәртебесіне, дербес балансы, жеке мүлігі, банктерде есеп және басқа шоттарына, мемлекеттік тілде жазылған мөріне ие. 14.Мемлекеттік мекеме әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. 15.Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды және оның міндеттемелері бойынша сот алдында арызданушы немесе жауапкер ретінде болады. 16.Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері 17.Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті оқушының жан-жақты дамуын, ғылым мен дағды негізінде білімін қалыптастыру, қоғамдық, ғылыми-техникалық дамуының жаңа талаптарына сәйкес келетін жалпы негізгі білім алуын қамтамасыз ету. 18.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты- өскелең ұрпақты ұлттық - рухани құндылықтарды жалпы адами мәдениетпен біріктіру жолымен оқыту және тәрбиелеу, сондай- ақ әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, жан- жақты дамуына жағдай жасау болып табылады. 19.1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына әдістемелік- кеңес беруді қолдау. 4. Мемлекеттік мекеменің міндеттері 20.Мемлекеттік мекеменің басты міндеттері: - тұлғаның шығармашылық, рухани, мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік қасиеттерді және салауатты өмір салтының мықты негізін қалыптастыру, жеке тұлғалықты дамыту жолымен интелектісін байыту; - өз Отаны Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, азаматтық және патриоттыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздердің құндылығын және алатын орнын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу, сыбайлас жемқорлық пен қоғамға қарсы кез - келген қимылдарға қарсы тұру, халықтар арасындағы түсіністік аясында, тұлғаның отбасының, халықтың және мемлекет алдында құқықтары мен міндеттерін жасау; - Қазақстандық патриотизмді, жоғары мәдениетке, тәрбиелеу, адамның бостандығы мен құқықтарын сыйлау, мемлекеттік тілді қарқынды дамыту; - Отандық салт-дәстүрлер аясында әлемдік тәжірибелер мен принциптер негізіндегі білімнің мазмұнын және құрылымдарын жаңарту, дамыту; - білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау, Қазақстан Республикасының қазақ және басқа халықтарының тарихын, мәдениетін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін зерттеу болып табылады. 5. Мемлекеттік мекеменің қызметі 21.Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес келесі қызметті атқарады: - аудандық білім бөлімінің келісімі бойынша мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу бағдарламаларын құрастырады, қабылдайды және іске асырады; - оқу жоспарларын (жылдық, күндізбелік) құрастырады, оқу тізбелерін және сабақ кестелерін бекітеді; - Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аясында белгіленген оқытудың формаларын, оқытудың және тәрбиелеудің әдістерін таңдайды; - қосымша білім беру бағдарламаларын және қосымша білім беру қызметтерін, оның ішінде ақылы білім беруді іске асырады; - өз еркімен бағалау жүйесін, формасын, тәртібін және аралық аттестациялауды таңдайды; - заң бойынша тыйым салынбаған өзінің жарғысын жүзеге асыру үшін қосымша қаржыландыру көздерін және материалды жабдықтарды алуға қаржы тартады. Білім беру мекемесінің материалдық – техникалық базасын сақтауға және дамытуға ат салысады; - білім беруді басқару органдарына қажетті ақпараттарды уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді. 22.Мемлекеттік мекеме ата-аналардың, мемлекеттің, қоғамның және құрылтайшысының алдында өзінің функционалдық талаптарына, еңбек келісім шартына (шарт және Жарғы) сәйкес, жауапкершілікті мойнына алады. 6. Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі 23.Мемлекеттік мекемеге балалар 6 жастан ата-аналарының өтініштері негізінде 1 - сыныпқа медициналық қайшы көрсеткіштері жоқ болған жағдайда қабылданады. 24.Мемлекеттік мекемеге қабылдау барысында оқуға қабылданушылар және ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар мемлекеттік мекеменің Жарғысымен және білім беру процесін ұйымдастыратын басқа да құжаттарымен таныстырылуы қажет. 25. Мектепке дейінгі шағын орталыққа балаларды қабылдау және олардан шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережесі негізінде іске асырылады. 7. Білім беру процесін ұйымдастыру, сабақ уақыты 26.Мемлекеттік мекеме оқу процесін қазақ және орыс тілдерінде білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде жасалған негізгі білім беру бағдарламасымен сәйкес жүргізеді. 27.Оқушылардың сабақ оқу уақыты Қазақстан Ресаубликасының білім Министрлігінің, Павлодар облысының білім департаментінің, Лебяжі ауданының білім бөлімінің білім беру процесін растайтын құжаттарымен сәйкес белгіленеді және мемлекеттік мекеменің еңбек тәртібімен қаралады. 28.Мектепке дейінгі шағын орталықтағы білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламасымен айқындалады және регламенттеледі. 8. Мемлекеттік мекеменің іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі 29. Мемлекеттік мекеме білім берудің 4 сатысы арқылы білім беру бағдарламаларын іске асырады. - 1- саты- жалпы басатуыш білім (нормативті мерзімі 4 жыл,1-4- сыныптар), оқушының оқу, жазу, есептеу, оқу әрекетінің негізгі іскерліктерін қамтамасыз етеді. - 2- саты- жалпы негізгі білім (нормативті мерзімі 5 жыл,5-9- сыныптар), арнаулы пәндік білім негіздерін қалайды, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, базалық білім алуына жағдай жасайды. - 3- саты-жалпы (толық) орта білім (нормативті мерзімі 2 жыл, 10-11- сыныптар), білім ғылым негіздері бойынша дайындығының қорытындылаушы кезеңі болып саналады. Жалпы орта білім берудің бұл сатысында оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталған, оқушының өз таңдауы бойынша бағдарлы оқыту жүзеге асырылады. - 4- саты- шағын орталықта мектеп алды білім. 30.Оқушылардың өз таңдауы бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін жеке тұлғаның мүмкіншілігіне, дағдысына және қызығушылығына қарай міндетті пәндерге қоса таңдау пәндері енгізіледі. 31.Оқушының және ата-анасы (олардың орнындағы адамдардың) қалауы бойынша мемлекеттік мекемеде бағдарлы және бейіндік оқытулар жүргізіледі. 32.Жалпы негізі, жалпы орта (толық) білім бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім алушылардың сыныптан сыныпқа көшіру, қайта оқыту және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің Ережесіне сәйкес жүргізіледі. 33.Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) тiлегiн ескере отырып, жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарының келiсiмiмен бiлiм беретiн мектептерде теңгеру ашылады. 9. Ақылы білім беру қызметін көрсетудің тәртібі мен тізбесі 34.Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) тiлегiн ескере отырып, жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарының келiсiмiмен мемлекеттік мекеме ақылы қызмет көрсете алады. 35.Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) өтініштері негізінде қосымша ақылы білім беру қызметінің түрлері; - пәндерді қарқынды оқыту; - практикумдар; - репетиторлық; - арнайы курстар; - үйірмелер және т.б. 36.Ата – аналардың өтініштері негізінде шағын- орталықтардың тәрбиеленушілері ата- аналардың есебінен қаматамасыз етіледі. 37.Мекеме білім беру және өзге де қызметтер көрсету арқылы кіріс әкелетін қызметтермен айналысады. 38.Қызмет көрсету бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі. 39.Ақылы қызметтен түскен кірісті үлестіру тәртібін мемлекеттік мекеме өзі белгілейді. 10. Мемлекеттік мекемені басқару 40. Мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерге» сәйкес және демократиялық принциптер, жариялық, жалпы адами құндылықтар басымдылығы, адам өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, жеке тұлғаны еркін даму қағидасы негізінде жүзеге асырылады. 41.Уәкілетті органның атқаратын негізгі функциялары: - Мемлекеттік басқару органының ұсынысы бойынша Мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітеді; - Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі; - Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату жөнінде шешімдер қабылдайды; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де сұрақтарды шешеді. 42.Мемлекеттік басқару органының атқаратын негізгі функциялары: - Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасайды; - Мемлекеттік мекеменің еңбекақы қорын анықтайды, штат саны мен штаттық кестені бекітеді; - Мемлекеттік мекеменің директоры лауазымына тағайындайды және қызметінен босатады; - Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген жалпыға міндетті орта білім алу құқығын қамтамасыз етеді, білім беруді дамытуға бағытталған жергілікті бюджетті дайындайды; - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүзеге асырады, жалпы орта білім алғанға дейінгі олардың оқуын қамтамасыз етеді; - аудандағы білім беру ұйымының қалыпты жұмыс жасауы үшін материалдық-техникалық базасын және өзге де жағдайлар жасайды; - білім беру қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; - белгіленген тәртіп бойынша жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың толық мемлекеттік қамтамасыз етілуін, жұмысқа орналасуы мен тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетілуін ұйымдастырады; - Қазақстан Республикасының заңнамасындағы белгіленген тәртіпке сәйкес жекелеген санатқа жататын оқушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; - ауылдық жердегі оқушылардың мектепке және кері тегін тасымалдануы мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға оқушылардың қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру туралы ұсыныс жасайды; - еңбекпен қамту қызметтері арқылы мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі. 43.Мемлекеттік басқару органы лауазымға тағайындап және лауазымынан босататын мектеп директоры Мемлекеттік мекемені тікелей басқарады. 44.Директор уәкілетті орган мен мемлекеттік басқару органының алдында Мемлекеттік мекеменің қызметінің жағдайына тікелей жауап береді. 45.Мемлекеттік мекеменің директоры: - қолданыстағы заңнамаға сәйкес сенімхатсыз іс-әрекет етеді, барлық мекемелер мен ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді; - белгіленген тәртіпте мекеменің мүлкін билейді; - бірінші қол қою құқы бар, оның ішінде банктік, келісімшарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады; - мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады. - қолданыстағы заңнама аясында және уәкілетті орган мен мемлекеттік басқару органдары шешімдері негізінде басқа да функцияларды орындайды. 46.Мемлекеттік мекеменің директоры дара билік қағидасы бойынша іс-әрекет жасайды және де заңдық актілер мен осы Жарғыда белгіленген құзыретіне сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін өздігімен шешеді. 47.Мемлекеттік мекеме директорының орынбасары мен басқа да қызметкерлерінің құзыреті мен олардың арасында міндеттер бөлісу белгіленген заңнамаға сәйкес директор бұйрығымен белгіленеді. 48.Мемлекеттік мекеменің басқарудың алқалы басқару түрлері қарастырылады және бұған жататындар: Мемлекеттік мекеменің Кеңесі, қорғаншылық кеңес, жалпы жиналыс пен педагогикалық кеңес. 11. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штатын жиынтықтау тәртібі және еңбек ақы төлеу 49.Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің штатын жиынтықтауды директор жүзеге асырады. 50.Бiлiм беру ұйымдарында тиiстi кәсiптiк бiлiмi бар азаматтардың педагогтiк қызметпен айналысу құқығы бар. 51.Қажетті мамандар жоқ болған жағдайда мекеме Кеңесінің шешімі бойынша тиісті кәсіптік білімі жоқ азаматтарды тарту рұқсат етіледі. 52.Бiлiм беру ұйымдарындағы педагогтiк қызметке сот үкiмiмен оған тыйым салынған адамдар жiберiлмейдi. 53. Педагог қызметкерлерді олардың негізгі қызметіне тән емес қызметтерді атқаруға қызметкерлердің өз келісімінсіз тартуға болмайды. 54.Мемлекеттік білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібінде жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте қосымша ақы төленеді. 55.Мемлекеттік мекеме қызметкерлері жалақысының (лауазымдық еңбекақысы) мөлшері тарифтік-біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай тарифтік кесте және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде белгілейді; үстеме ақылар, қосымша және басқа да төлем түрлері мен мөлшерін еңбек ақы көлеміне, сондай – ақ штат кестесіне бағытталған қаражат шеңберінде анықтайды, сондай-ақ штат кестесін бекітеді. 12. Білім алушылардың құқығы мен міндеті 56.Қазақстан Республикасының азаматтары: - білім беру мекемесін және қабылдау шартына сәйкес білім алу нысанын таңдауға; - мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес тегін жалпы орта білім алуға; - Мемлекеттік мекеме кеңесінің шешімі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт шеңберінде жеке оқу жоспары бойынша оқуға, экстерн курсын өтуге; - қосымша ( соның ішінде ақылы) білім алуға ; - Мемлекеттік мекеменің басқару ісіне қатысуға; - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім алу кезеңінде әскер қатарына шақырудан кейін қалдырылуға; - жалпы адами әдеп шеңберінде өз көзқарасы мен сенімін еркін көрсетуге, адами құндылықтарды қадірлеуге, ар-ұят және сөз еркіндігін құрметтеуге; -Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіпте оқулықтармен қамтылуына, кітапхана қорын тегін пайдалануға; -оқуда, ғылыми және шығармашылық еңбектерінде жеткен жетістіктері үшін сыйақы және марапатталуға құқылы. 57.Мемлекеттік мекемеде білім алушылар: - Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты көлемінде білім алуға, білігі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға; - Еңбек тәртібінің ішкі қағидаларын сақтауға; -Мемлекеттік мекеменің Жарғысын орындауға; -өзге де білім алушылар мен қызметкерлердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; -Мемлекеттік мекеменің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға; -«Білім туралы» Заң мен Мемлекеттік мекеменің Жарғысының және Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті. 58.Мемлекеттік мекемеде оқитындардың сыртқы киім үлгісі санитарлық-гигиеналық нормалар мен іскерлік сән талғамдарына сәйкес болу қажет. 13. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлерінің құқығы мен міндеті 59.Педагогикалық қызметкерлердің: - кәсіби қызметі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге; - Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт шеңберінде педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысанын еркін таңдауға; - ғылыми зерттеулер мен олардың нәтижелерін педагогикалық тәжірибеде еркін пайдалануға; - Мемлекеттік мекеменің басқару органдарының жұмысына қатысуға; - жұмыстан қол үзе отырып, мекеме және өз қаражаты есебінен бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерінің біліктілігін арттыруға; - санатын көтеру, қызметінің өсу мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; - ұзақтығы 61 күнтізбелік күн ақы төленетін еңбек демалысын алуға; - өзінің кәсіби абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға; - білім беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық және активтер (ғылыми, әдістемелік еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпараттық технологиялар және т.б.) нысанындағы интеллектуалдық меншігін меншіктің басқа түрлерімен бірдей қорғауға; - мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен шешімдеріне шағым жасауға; - Педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық жағынан көтермелеуге, орден-медальдармен, құрметті атақ-белгілермен, грамоталармен марапатталуға құқығы бар. 60.Педагогикалық қызметкерлер: - мекемеде білім алушылар мен тәрбиеленушілер тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт деңгейінен төмен емес білім мен білік дағдыларын қамтамасыз етуге; - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оның дамуына жәрдемдесуге; - өз біліктілігін арттыруға; - педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге; - салауатты өмір салтын жүргізу, оны білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арасында насихаттауға міндетті. 14. Мемлекеттік мекеменің мүлкі 61.Мемлекеттік мекеменің мүлкі негізгі қорлар мен айналым құралдарынан, сондай-ақ құны мекеме балансында көрсетілген басқа да мүліктен тұрады; 62.Мемлекеттік мекеме өз меншігіндегі мүлікті жедел басқару құқығында пайдаланады және қолданады. 63.Мемлекеттік мекеменің мүлкі коммуналдық меншікке жатады. 64.Мемлекеттік мекеме мүлкінің қалыптасуы: - меншікке берілген мүлік; - жеке қызметтің нәтижесінде алынған мүлік ( ақшалай кірісті қосқанда); - заңмен тыйым салынбаған, басқа да қызмет есебінен. 65.Мемлекеттік мекеменің меншігіндегі мүліктер жеке қызмет нәтижесінде алынған, бюджеттен тыс қаражат есебінен, ерікті түрде берілген қайырымдылық қаржыларынан түскен мүлік болуы мүмкін. 66.Мемлекеттік мекеме өз меншігіндегі мүлікті құрылтайшының келісімінсіз басқа да мақсаттарға пайдалана алмайды; 67.Мемлекеттік мекеме тауарлар алу, басқа да қызмет көрсету түрлері мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес жүргізіледі. 15. Білім беру жүйесін лицензиялау 68.Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы Заңына сәйкес лицензиялануы тиіс. 69.Білім беруді басқарудың мемлекеттік органы (лицензиар) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия (рұқсат) береді. 16. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қаражат көздері 70.Мемлекеттік мекеменің қаржылық қаражат көздері: - аудандық бюджеттен бөлінген қаражат; - жеке қызмет нәтижесінде түскен қаражат; - заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналар есебінен түскен қаражат; - білім беру және да басқа да ақылы қызмет көрсету есебінен түскен қаражат; - Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қызмет есебінен түскен қаражат. 17. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату тәртібі 71.Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 72.Құрылтайшылар таратылатын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларына басқа бiлiм беру ұйымдарында оқу жылын аяқтап шығу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi. 73.Мемлекеттік мекемені тарату барысында қарызгердің талаптары қанағаттандырылған жағдайда мекеменің мүлкі жергілікті бюджетке аударылады. | |
| |
Просмотров: 2126 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |