Біленге - маржан
27/10/2010, 12:39 | |
Бір анығы, қазіргі замандағы өмірімізді компьютерсіз елестету әсте мүмкін емес. Айталық, тез және сапалы орындалған жұмыстар, қызық та тартымды ойындар, тамсандырған әртүрлі мағыналы фильдер, музыка, мәнді де шытырман оқиғаларға толы кітаптар, таңғажайып Интернет әлемі, желідегі достармен қарым-қатынастар... Осының бәріне біздің қолымызды жеткізетін таңғажайып ақпаратты-коммуникациялық құрал – дербес компьютер. Дегенмен де, компьютер алдында неғұрлым көп отырған сайын көзіміздің қызарып, шаршағанын байқаймыз. Компьютер алдында ұзақ отыру көзге көп салмақ түсіріп, көздің көру қабілетін әлсіретеді, бұрынғы созылмалы ауру-дерттерді қоздырады. Бұл жағдай – көз дәрігерлерін айтарлықтай алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі, оны ғылымда компьютерлік көз синдромы деп атайды екен. Егер кімде-кім болсын компьютер алдында ұзақ отыратын болса һәм көз шаршауының белгілерін байқаса, уақытты созбалақтамай маман дәрігерге көрінгені абзал. Ал ол қандай белгілер? Атап айтқанда: [ көз қызарса, құм түскендей әсер пайда болса, тез шаршап талатын болса, жарыққа қарағанда жақтыртпай тітіркенсе, жиі жасаурайтын болса; [ бас ауырса, көздің айналасы талып, құрғап, ащыса, кондиционер қосылған бөлмеде көздегі жайсыздық ұлғая түссе. Абзалында, көз гигиенасын сақтау үшін жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Айталық, ол мынадай шарттар: [ компьютер мониторының жоғарғы нүктесі көздің тұсында я сәл жоғары болуы керек; [ диагоналі 54 сантиметрлік монитордан 60-70 сантиметр, ал 72 сантиметрлік монитордан 80 сантиметр арақашықтықта отыру қажет; [ компьютердің жарығы һәм контрастілігін көзге жайлы етіп қою шарт; [ мониторға күн сәулесі тікелей түсіп, шағылыспайтын болсын; [ компьютермен жұмыс істегенде қараңғы немесе жарығы жеткіліксіз бөлме-орында отырмау; [ әрбір 1-1,5 сағатта 10 минөттік үзіліс жасап, көзге арналған жаттығулар жасау; [ көзді қорғайтын арнайы көзілдірік кию; [ көзді ылғалдандырып, шаршағанын басатын тамшылар қолдану қажет. Ал төменде тізбектелген қарапайым жаттығулар көздің бұлшық еттерінің күшін көбейтіп, қан айналымын жақсартады, оларды әрбір кезде орындауға болады: [ бір көзді алақанмен жауып қойып, екінші көзбен алға қарай 2-3 секөнд қарап тұрып, осы жаттығуды екінші көзге қайталау; [ алға қарай 15-20 сантиметр көз аралығына қарындаш қойып, қарындаштың дәл ұшына 3-5 секөнд қарау. Содан соң көзқарасты алысқа аудару. Осы жаттығуды 10-12 рет қайталау; [ көзді 3-5 секөнд қатты жұмып тұру. Содан кейін 3-5 секөндке ашу. Осы жаттығуды 8-10 рет қайталау қажет; [ көзді оңға, солға, жоғары һәм төмен қарай бұрып, көзді қатты 3-5 секөндке жұму, бұл жаттығуды 5-6 рет қайталау. Ақиқатында, осынау жаттығулар көз айналасының бұлшық еттерінің қан айналымын жақсартады деген саяды көз дәрігерлері. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, отандас ағайын!
жиған-терген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
| |
| |
Просмотров: 939 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |