| 20/10/2025, 22:25 | |
ҮРКЕР Үркер туды, сорпа ас болады Қазақ даласын жайлаған құйрықты қойдың еті де тәтті-ақ. Ащылы-тұщылы қыр отын жегізіп, сан жылдар ауа райының өзгешелігіне бейімдеп, ғасырлар бойы еті мен сүтінің аңдамалысын екшеп өсірген құйрықты қойдың еті қандай дәмді. - Күнге тимей көлеңкеде жатқан марқаның етінен тәтті дүниеде ет болмайды депті Шаншардың сыншылары. Ең тәтті асыл тағамдардың бірі деп, қазақ қойының марқасының етін Петербургтегі патша сарайында патшаларға тартыпты деген әдебиетте де сөз бар екен. Маусым айының аяқ шенінде ертеде қазақ ауылында болған бір жиын-той, шілдехана сияқтыға қатысқан адам аспазшылардан мынадай сөздерді қайтсе де естір еді. - Ел де жас етті сағынған екен. Тайқазан толы сылынып піскен ет пен маңызды сорпадан дым қалдырмады. Әне Үркер құрық бойы көтеріліпті, таң да атып келеді. Ақиқатында, соғым еті жас күйінде наурызға шейін сақталып келеді десек, міне, содан бері табандатқан төрт ай (наурыз, сәуір, мамыр, маусым) бойы ел жас ет жеп, жас сорпа ішіп көрмейді. Соғым еті сұр болып ескіріп кетеді, сорпасы ішуге келмейді, ал мал союға арық. Қалалы жерді алсақ, онда қасап бар, онда семіз ет үзбей сатылады. Қала халқы тиісті ыстық сорпа-суын күнде жасап ішеді. Осылай, Үркер туды, сорпа ас болады деген әлдеқалай айтылған көп мақалдың бірі емес. Оның түп қазығы халықтың шаруашылық тұрмысымен байланысты туған. Сөзден сөз шығып, түбі едәуір проблемалы мәселелерге келіп тіреледі. Бұл мақалды Омбыдағы керейлерден бастап, Ташкенттегі қоңыраттарға шейін біледі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
