Аспанға қараймын...
23/09/2025, 09:45

ҮРКЕР

Үркер көтерілді, қошқар басын көтерді

Ел ертегісін тыңдап отырсақ, Үркердің жерге түсуіне де Жетіқарақшы кінәлі көрінеді:

- Жетіқарақшы Сұлусарыны ұрлаймын деп Үркерді қуып жүр. Үркер қашып жүр. Үркер қашып барып, 40 күн жерге қонақ болып жатады, жылына бір қара қойдың етін жейді.

Түнде аспанға аңлап қарап отырсақ, Жердің айналуының әсерінен жұлдыздардың бәрі де шығыстан батысқа бет алып, қозғалып бара жатқан сияқты болып көрінеді. Сонда Жетіқарақшы Үркердің соңынан қуып жүрген тәрізді.

Ертекте Үркер мамыр айында жерге түседі дейді. Бұл олай емес. Үркер күндіз туып, күндіз бататын болу керек дейді бағзыбір саңлақ жандар. Асылында, өзі солай. Үркер түндк аспаннан көрінбеген кезде ол Күннің маңында болады.

Үркер 40 күн көкте көрінбей кететінін ежелгі грек ақыны Гезиод те өлеңге қосқан. Бұл халықтардың Үркерді көп бақылағанының тағы бір мысалы болып табылады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: