Аспанға қараймын...
08/09/2025, 18:08

ҮРКЕР

Үркерді қазақ көп есептейді

Үркердің туатын жері, аспандағы жолы туралы олар былай әңгімелейді.

- Үркер Айдың сол жағын ала туады, ылғи батыстан батады. Үркер тоғысқанда да Айдың сол жағынан тоғысады.

- Үркер Үшарқар Айдың, Күннің жүретін жолына жақын жүреді. Үркер бірыңғай күнбатысқа қарай жүреді. Ол көтеріліп ұзаққа салады – күннің шығысынан батысына қарай бір-ақ тартады. Түннің ең ұзаған шағында Үркер аспандап төбеге жүреді.

Өз осінен ұршықша айналып тұратын Жер шары, атқан оқтан 30 еседей шапшаң зымырап, Күнді де орбитасымен шыркөбелек айналып жүреді. Осінен бір айналғаны бір тәулік, Күннен бір айналғаны бір тәулік, күннен бір айналғаны бір жыл. Күн бүгінгі емес, жыл биылғы емес, мәңгі осылай.

Осінен айналуының салдарынан Күн мен Ай, жұлдыздар тәулік сайын шығып, батқан тәрізді, яғни аспан айналған сияқты көрінеді. Ал Жердің Күнді айналуының салдарынан іңірдегі, таң алдындағы көрінетін жұлдыздар қыста бір түрлі, жазда бір түрлі, тағы сондай болып, өзгеріп отырады. Бірақ сонда жылдың бір мезгілінде көрінетін жұлдыздар ылғи сол мезгілде жыл сайын жазбай, бұрынғы орнынан көрінеді.

Жер қозғалысы мейлінше бірқалыпты, осндықтан бізге Жер қозғалмайтын сияқты да, Күн жылжығандай болып байқалып, ол жыл бойы эклиптика бойындағы жұлдыздан жұлдызға көшіп отырады. Мысалы, көктемнің аяғында Үркер Күн батысымен батыста көрінетін болса, жаз ортасына таяғанда Күн шығар алдында шығыста көрінеді. Үркер мен Күннің жыл бойы өзара орналасуына қарай ел жыл мезгілдерін айырып отырады. Маусым аяғында (20-сы кезінде) Үркерді таң ата күншығыстан көреді, «Үркер туды, сорпа ас болады» дейді жұрт. Бұл қыстан арықтап шыққан қойдың семіре бастайтын кезі. Қыс басында оны іңірде төбеден, көктем басында күнбатыстан «жамбастан» көреді, ал жаздыгүні шілдеде Үркер Күннің қасына барады да, түнде аспаннан көрінбейді. Ел оны Үркер «жерге түсті» дейді.

Тегінде Үркердің тууы, батуы, «жерге түсуі», «көкке шығуы», көтерілуі жыл мезгілдерін белгілеу үшін өте қолайлы.

Бұл жыл сайын бір мезгілдерде айнымай болып отыратын табиғат құбылыстарын қазақ халқының өзінше күнтізбе үшін орнымен пайдалануы, зерделесек, ғылым үшін де үлкен мәнді нәрсе. Мысалы, ел Үркер батқан күні қыс тоқсаны басталады деп жатады. Ол желтоқсанның ішінде келеді. Ал жазғы күн тоқырау күндерінің қарсаңында Үркер «көкке шығады» және осындай жағдайларға орай қазақ үшін Үркерді түнгі аспанның Күні деуге болар. Оны елдің көп есептейтіні осыдан.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: