| 01/09/2025, 15:48 | |
ҮРКЕР Үркер нешеу? Үркер шоқтай ғана оқшау алты жұлдыз. Аспандағы жұлдыздың алтауы Үркер, Қатып қалған қайысқа сорпа бүркер. Жұлдыздың әуедегі алтауы Үркер Кебежелі түйеге бота тіркер. Үркер қайда барады Айдын озып... деген өлең де бар дейді айтушылар. Үркер жеті жұлдыз, біріне бірі айырылмайды, бір жерге топталып, шоқ болып тұрады, жеті үркер батпай жаз шықпайды деген де түсінік бар. Көзімізге көрінгені Үркерде жеті жұлдыз, мүмкін, одан да көп шығар дейді кейбіреулер. Ал бағзыбіреулердің айтуынша, Үркер уақ, құмырсқаша жыбыр-жыбыр етеді, санап болмайды. Қорыта келгенде, соңғы сөз татымдылау деп ойлаймыз, өйткені, дұрысында, Үркерді үрбімен қарасақ та көз шалымының бәрі жұлдызға толып кетеді. 200 шамалы жұлдыздардан тұратын шоғыр. Үркерді айсыз түні қарауға қолда жүретін кәдімгі дүрбі өте-мөте ыңғайлы. Ел арасындағы көзіө өткірлер Үркер 9 шамалы деп отырады. Шынында, Үркер шоқжұлызының жай көзбен он шақтысын, ал телескоппен 200-ге дейін көруге болады. Үркерді алды (басы) тоқ – жол ашып отырады, ал арты жіңішкелеу. Үркер туған уақта жіңішкерегі астында (артында), ал басы күнбатысқа қарай тұрады дейді Үркерді байыптап қарағандар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 20 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
