Аспанға қараймын...
03/06/2025, 23:59

ҮРКЕР

Үркер бесенеден белгілі

Үркер төбеден ауған кезде жолаушылар ауылдан шықты... деп баяндай бастайды. «Өлім тырнағында» деен шығармасында халқының тұрмыс-салтын білетін талантты жазушы Бейімбет Майлин.

Үркер шоқжұлдызын білмейтін қазақтың еркек, әйелі жоқ десе де болады. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың 3-курсындағы студенттердің бір тобындағы 19 баланың 17-сі Үркерді білетін болып шықты.

...Жып-жылтыр тас жолмен жолаушылар автобусы ызғытып келе жатыр. Аялдаудан мінген бейтаныс қарт келіп қасымызға отырды.

- Отағасы, Үркер туды ма?

- Тумақ түгіл Үркер көтеріліпті де, мына егінді көріп, ол көтеріліп қалыпты, Үркер неге көтерілмейді деп жүрсем, Үркер де көтерілген екен, оны көзім жетіп көрмей жүріппін, - дейді қарт айналадағы желкілдеген егінді көрсетіп.

Үркердің елге мәшһүрлігі сондай – әлгіндей тосын сұрауды ешкім сөлекет деп білмейді. Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше деген. Үркерден бастап алып, енді басқа жұлдыздар жайында да танымайтын кісімен әңгімелесе беруге болады. Сөйтіп, жұлдыз әңгімесін жинап жазуда бізге Үркер бірқыдыру жеңілдік келтірді.

- Үркер алақандай жерде дөп-дөңгелек болып жиын тұрады. Ол өзгедей емес, көп тасаланбайды, ә дегенде көзге түседі, оны бәріміз білеміз, - дейді.

Үркер деп неге атағанын біздің кезіміздегі айтушылардың бәрі де бірауыздан «үрку» түбір арқылы түсіндірмекші болады.

- Үркер негізінде жеті жұлдыз екен, бұлардың жылтылдап көрініп тұратыны алтау. Жетіқарақшы келіп шапқанда бұлар үркіп, содан Үркер атаныпты. Оның ортасындағы бәрінен жарығырағы қыз болған соң Үркер қызын қорғаймын деп оны көрсетпей, бір қорғаймын деп оны көрсетпей, бір жерге жиналып, топталып тұрады, әйтпесе Жетіқарақшы ұрлап әкетеді.

- Малдың үркіп шыққанын мысал қылып Үркер деп айтқан. Мың қойдың ішінен 5-6 қой үркіп барып жеке тұрса, үркердей болып тұр дейді. Көп жылықының ішінен бір үйір қысырақ та үркіп шығып, құлақтарын тігіп, осқырып тұра қалады.

Осы арада қазақ тілінде қалың топтан одағай тұрған аз ғана адамды да Үркердей топ деп айтатынын ескертейік. Міне, оған бір-екі мысал. «Екі палуанның жекпе-жек күресуін қадала сұрап қол соққан үркердей аз ғана топ болатын. Сөйтіп «жеңіп» тұрғанда, ақмешіттегі үркердей большевиктер келіп, Қасымұлының иығындағы «мұра шендерін» жұлып тастап, өзім қамап тастаған».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: